Сабақтардың тиімділігі туралы



бет8/13
Дата26.08.2017
өлшемі1,77 Mb.
#28518
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Айдың құпиясы қашан ашылады?

Адамзат қанша сырын аштық, бетіне қондық деп жаһанға жар сал­ғанымен, Айдың құпиясы әлі күн­ге толық ашылған жоқ. Са­налы тіршілік иелері ары кетсе Айдың қыр-сырын 10 пайызға ғана мең­герген болар. Жер серігі деп са­на­латын бұл ғаламшар­дың 90 пайызы әлі күнге құпияға толы. Ғалымдар арасында «Ай ешқан­дай табиғи емес, жасанды ға­лам­ш­ар» деген пі­кір көп..Айдың арғы бетінде не бар? Бәлкім өзге ғаламшардан келген дамыған саналы тіршілік иелері сол жерде отырып, Жердегі тір­шілікке бақылау жасауы да мүм­кін. Мұны да ғалымдар жоққа шы­ғармайды. Айдың күндізгі орташа температурасы -900,ал түндегі температурасы -1800

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған.         Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы     R =  6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.   Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады. Шолпанның Күн төңірегіндегі айналу периодын Т =225к және оның жұлдыздық тәулігін P = -243к біле отырып, синодтық теңдеу бойынша ғаламшардың күндік тәулігін S = 117 тәулікті табу оңай. Осінің өте аз қисаюынан ғаламшардың екі жарты шары бірдей жарықтанады және оынң барлық бетінде дерлік күн мен түн 58 тәулікке созылады, тек поляр аймақтарында (полюстердің 3°төңірегінде) орталықтарында күн мен түн 112 тәулікке дейін ұзақ. Шолпандағы еркін түсу үдеуі 0,90 жердікіндей, ал аса қатты жылдамдық секундына 10,4 км. Сондықтан Шолпанның 1761 жылғы маусым күні 6-да Күн шартабағынан өтуін бақылау кезінде М. В. Ломоносов ашқан тығыз атмосферасы сақталған. Атмосферасы Айда да, Меркурийде де болмайтын өте қызық құбылыс тудырады. Шолпанның төменгі тұстасуы кезінде ол жіңішке орақ болып көрінеді, орағы әдеттен тыс ұзын келеді, кейде тіпті екі ұшы жалғасып та кетеді.

Ымырттық доға деп аталатын бұл құбылыс Күн сәулесінің ғаламшар атмосферасындағы сынуынан деп түсіндіріліп келеді.

         1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4», «Шолпан-16» станцияларымен ғаламшарды зерттеудің негізгі программалары орындалды. 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпаннның жанынан ұшып өткен «Вега-1» және «Вега-2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшардың бетіне қонатын қону блоктарын тастады.

          Зерттеу нәтижемінде Шолпан атмосферасының 96%-ке жуығы көмірқышқыл газынан, 4%-ке жуығы азот, 0,002%-і оттегі және 0,02%-і су буынан тұратыны анықталды. Ғаламшар үстіндегі тығыздық Жер атмосферасының төменгі қабаттарындағы тығыздықтан 60 есеге дерлік асып түседі, ал атмосфералық қысым 95*106Па (95 атм.) жетеді.

         Шолпан атмосферасындағы басым түсетін көмірқышқыл газ ғаламшарды көктеме эффектісін тудырады, мұның себебі, Күн сәулелері (түгелдей болмаса да) атмосферадан өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде ғаламшар бетін әжептәуір қыздырады, ал бетіндегі инфрақызыл жылу сәулелері айнала кеңістікке мейлінше баяу тарайды, өйткені оларды көмірқышқыл газы түгелдей дерлік жібермейді. Осының салдарынан Шолпанның беті мен атмосфераның төменгі қабаттары 465-тен 480°С-ға дейін қызады.

         Ғаламшар бетінен 30км шамасындағы биіктікте 90 км -ге жететін бұлтты қабат бар және ол үш ярустан тұрады, бірақ 50-ден 70 км-ге дейінгі биіктіктегі неғұрлым тығыз ярус жеңіл тұманды еске түсіреді. Бұлтты қабаттың 1974 жылы «Маринер-10» станциясымен 726000 км қашықтықтан түсірілген суреттерде жақсы білінетін аймақтың құрылымы бар. Бұлт күкірт және тұз қышқылының аса майда тамшыларынан тұрады және оларды хлор мен күкірттің қоспасы бар.

         Шолпан атмосферасында үнемі жел соғып тұрады. Ғаламшардың бетінде ол мардымсыз, шамамен секундына 0,5-тен 1,0 м-ге дейін жетеді, бірақ биіктеген сайын ол күшейе береді және «Вега-1» және «Вега-2» аэрошарлардың мәліметтері бойынша 50 км биіктікте жел өзінің шегіне жетіп, секундына 100 м/с болады.

         Шолпан атмосферасы бұлт жамылғысымен бірге күн сәулесінің 76%-і шағылыстырғанымен онан өткен сәулелерді кәдімгідей әлсіретеді, ғаламшардың күндізгі жарты шарының жарығы кәдімгідей ғаламшаралық станциялардың тікелей өлшеуі бойынша Жердегі бұлтты күндегідей. Бұл «Шолпан-91» - «Шолпан-14» автоматты станцияларының құлдилау блоктары қонған аудандағы ғаламшарбетінің тамаша суреттерімен де тұжырымдалады.Суреттерде өлшемі шағын 30 см және онан үлкен тастар, жанартау атқылауынан түзілген неғұрлым ірі кесектер, сондай-ақ жартасты тау жыныстары жақсы көрінеді. «Шолпан-13», «Шолпан-14», «Вега-1» және «Вега-2» автоматты станциялары, қонған жердің топырағына химиялықталдау жасады. Топырағы Жер жыныстарымен, оның ішінде базальтты жыныстармен ұқсас болып шықты.Шолпан бетінің бедері Жерден тікелей радиолокациямен де, ғаламшардың жасанды серіктерімен де зерттелуде. Осы зерттеулердің негізінде Шолпан бетінің картасы жасалады. Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екені анықталды, бірақ онда да ойпаттар, жазықтармен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазаншұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.

         Таулы аудандар ғаламшардың 10%-ке жуығын алып жатыр. Неғұрлым ірілері Иштар жері, Афродита Жері деп аталған. Иштар Жері ауданы жағынан Австралиядай және ол тау қыраттарымен қоршалған, биіктігі шамамен 2 км үстіріт болып табылады. Ең биік Максвелл тау массиві 8 км-ге көтеріледі, ал оның шыңдарының бірі 4 км-ге жетеді. Афродитаның  жері де үстірт, оның ауданы Африканың ауданына жақын.

Ойпат Шолпан бетінің 27%-ін алып жатыр. Неғұрлым ірілірінің бірі Атлантида деп аталады: оның диаметрі 2500 км шамасында, ал тереңдігі 2 км-ге жуық. Ол үлкен Ай теңізіне өте ұқсайды. Ғаламшардың қалған бөлігі - биіктігі 2 км-ге жететін көптеген шағын таулар мен тізбелері бар (800 км-ге дейін созылып жатқан).

Тауларының ішінде жанартаудан, сондай-ақ соққыдан (метеориттік) пайда болған көптеген сақина қазаншұңқырлар бар. Үлкен қазаншұңқырларының диаметрі 30-дан 160 км-ге дейін, ал тереңдіктері - 500м-ден аспайды. Бірақ алапат қазаншұңқыр да кездеседі. Мәселен, анық соққыдан пайда болған Мейтнерқазаншұңқырының диаметрі 300 км, ал тереңдігі 1 км-ге жақын.

Ғаламшарда атмосферада көмірқышқыл газ, күкіртті және хлорлы қосылыс лақтыратын әрекетті жанартаулар да бар.

Ғаламшардың экваторына жақын оның қыртысынан ұзындығы 1400 км, ал ені 150 км дерлік және тереңдігі 2 км-ге дейін алапат жыра болып табылды.

Шолпанда су бассейні де магнит өрісі де жоқ. Ғаламшардың қойнауында диаметрі 5800 км-ге (ғаламшардың0,48 диаметрі) жуық тығыз темірлі ядросы бар деп болжануда. Ғаламшардың табиғи серігі жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша Шолпанның солтүстік полюсінде екі атмосфералық желдер үйіріліп соғып тұр, бұл оңтүстік полюсінде де байқалады. Мұны EKA Venus Express планеталық аппарат дәлелдейді.

 

Ғарыштық аппарта Venus Express Шолпанның орбитасына 2006 жылдың 11 сәуірінде кірді. Бірінші он күнінде аппаратбіріншілік орбитада орналасып және планетаның атмосферасын инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін сәуледе зерттеді. Зерттеу 350000 км-ден 400000 км-де жүзеге асты.



Мұндай үйірмелі желдер зерттеушілердің айтуы бойынша Шолпанның атмосферасындағы ыстықауаның табиға циркуляциясы мен батысқа бағытталған желмен түсіндіріледі. Жел бүкіл планетаны тек 4 күнде ғана айналып шығады. Ең бір айтарлық зерттеушілердің жеткен жетістігі - бұл Шолпан планетасының екі полюсінде де үйірмелі желдерді байқауы. Бұрын бұл үйірмелі желдердің тек беткі қабаты фотоға түсірілген. Бұл фотолар Шолпан планетасын тереңірек зерттеуге және анимациясына мүмкіндік береді. Бұл суреттер атмосфералық үйірмелі желдердің тек солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де бар екендігін дәлелдеді. Осы фотолар VIRTIS атты спектометрдің көмегі арқылы алынған.

 Планетааралық зерттеуші аппарат Venus Express ғарышқа 2005 жылдың 9 қарашасында жіберілген. Ал 2006 жылдың 11 сәуірінде Шолпанның орбитасына қонды. Күн жүйесінің екінші планетасына жету үшін аппаратқа 153 күн қажет болды. Бұл күндерде ол 400 млн км-ге жуық арақашықтықты өтіп отырды.



Планеталардың қозғалысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.



«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.



Меркурий

Күнге ең жақын планета - Меркурий (қазакша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау киын. Әйтсе де, соңғы радио- бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол Күнге жақын орналасқандыктан, оның орбитасы Жердікіне қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандыктан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тұра алмайды. Күнге жақындығы және елеулі атмосферасының болмауы салдарынан онда температураның күрт өзгеруі болып тұрады. Мысалы, күндіз температура +300°С-ка дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады.



Шолпан

Шолпан көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдарды өзіне ерекше назар аударуға мәжбүр етті. Алайда, оны тұтаскан ақ бұлт кабаты қоршап жататындыктан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындык келтіруде. Дегенмен, радиобақылаулар нәтижесі күтпеген мәліметке қол жеткізді. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өз осінің төңірегінде өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына карсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.



Жер

Жер


Жер - Күннен қашыктығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.

Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын. Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді. Сол себепті оңтүстік жарты шарда жаз болғанда, солтүстік жарты шарда қыс болады. Осы кездегі астрономияның көптеген табыстары Жердің Күнді айнала қозғалу заңдарына сүйенеді.



Марс

Марс


Марс (қазакша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз) диаметрі жағынан Жерден екі есе кіші. Соңғы жылдары Марсқа автоматты станция -зертханалар жіберіліп, соның арқасында бұл планета жайындағы мәліметтер шұғыл түрде өсті. Жерден берілген бұйрык бойынша олар планета бетін суретке түсіріп, көптеген ғылыми өлшеулер жүргізіп, радио және теледидар арқылы хабарды Жерге жеткізіп отырды.Қазіргі зерттеулер бойынша Марстағы жыл Жердегіден екі еседей дерлік ұзақ. Марста жыл мезгілдері ауысып тұрады. Өйткені, оның айналу осі дәл Жердікі сияқты өзінің орбита жазықтығына көлбеу орналасқан. Ондағы тәуліктің ұзақтығы 24 сағат 37 минут 23 секунд болатыны аса дәлдікпен өлшенген. Жазда - ең жылы аймағында күндіз температура +20°С, ал қыста - түнде -125°С-ка дейін төмендейді. Көбінесе көмірқышкыл газдан тұратын атмосферасы Жердегіге қарағанда жүз есе сирек.

Юпитер

Ал енді алып планеталардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені - Юпитер (қазакша аты - «Есекқырган»). Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан 300 есе үлкен. Оның Күнді айналу периоды 12 жылға жуық. Юпитердің айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр болғандыктан, онда ешқандай жыл мезгілдерінің ауысуы болмайды. Ондағы тәулік - 9 сағат 50 минут. Ол басқа алып планеталар сиякты өз осі төңірегінде өте тез айналады.



Сатурн

Күн жүйесіндегі ерекше бір түзіліс - Сатурн планетасы (казакша аты - «Қоңырқай»). Оны айнала қоршаған жалпақ сақинаның қалыңдығы бірнеше километрге созылып жатады. Сақинапланетаның экватор жазықтығында орналаскан, ал бұл жазықтыктың планета орбитасының жазықтығына көлбеулігі 27°. Сондықтан Сатурн 30 жыл ішінде Күнді бір рет айналып шыққанда, бізге бұл сақина бірде әжептеуір ашылып, бірде тура қырынан көрінеді. Қырынан келгенде оны жіңішке сызық түрінде үлкен телескоптың көмегімен ғана көруге болады.Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады.

Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.

Атмосфера

Сатурнның жоғарғы атмосферасының 90%-ы сутегі және 7 пайызы гелийден тұрады. метан, су буының, аммиак және басқа газдардың қоспалары бар. Аммиак бұлттары Юпитерге қарағанда қоюырақ болады.

"Вояджердің" мәліметтері бойынша Сатурнда Күн жүйесі ең күштер болады, құрылғылар жел ағымдарының 500 м\с болатынын көрсетті. Жел көбінесе шығыс бағыты бойынша жүреді (осьтік айналымына байланысты). Олардың күштері экватор соқтығысқан кезде азаяды; экватордан алшақтаған сайын батыс атмосферлік ағымдар пайда бола бастайды. Кейбір мәліметтер бойынша, желдер бұлттардың жоғарғы қабатында соғып қана қоймай, ішке 2000 м бойлайды. Және де "Вояджер-2" көрсетуі бойынша, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы желдер экваторға симметриялы түрде бойлайды. Симметриялық ағымдардың көзге көрінетін атмосфераның түбінде бір-біріне байланысты екендігі болжанады.

Сатурнның атмосферасында кейде аса күшті құйын түріндегі орнықты түзілулер пайда болады. Ұқсас объекттер Күн жүйесі басқа да ғаламшарларында да байқалады (Юпитердегі Үлкен қызыл дақ, Нептундағы Үлкен қара дақ). Ірі "Үлкен ақ доғал" Сатурнның бетінде шамамен 30 жыл сайын көрінеді, соңғы рет ол Сатурн бетінде 1990 жыл жылы көрінген (одан кішігірім құйындар жиірек көрінеді).

Күні бүгінге шейін Сатурнның бетіндегі Ірі гексагон табиғаты белгісіз болып отыр. Бұл орнықты түзіліс ғаламшардың солтүстік полюсінде орналасқан, ұзындығы 25 мың. км, дұрыс алтыбұрыш түрінде.

Атмосферада күшті найзағайлар, полярлық жарықтар, сутегінің ультракүлгін шашыратуы байқалады

Ішкі құрылысы

Сатурн атмосферасының түбінде қысым мен температура өсе түседі де, сутегі біртене-біртене сұйық түрге айналады. 30 мың. км тереңдікте сутегі метал түріне айналады (қысым 3 миллион атмосфераға жетеді). Металл сутегіндегі электротоктардың айналымы магниттік ортаны түзеді (Юпитерден біршама басым). Ғаламшардың ортасында ауыр заттардан тұратын массивті ядро бар.

Сатурнды зерттеу

Сатурн - Күн жүйесіндегі көзге Жерден көрінетін бес ғаламшарлардың бірі. Шарықтау шегінде Сатурнның жарығы бірінші жұлдыздық шама асады.

Сатурнды алғаш рет бақылаған Галилео Галилей ғаламшарды біркелкі аспан денесі емес, бір-біріне жанасатын үш дене деп, бұлар Сатурнның екі ірі серіктері деп болжам жасады. Екі жылдан кейін жасаған бақылауында серіктердің орнында болмауы оны таңдандырды.

1659 жылы Гюйгенс өзінің одан қатты телескобымен қарап, серіктердің дене емес - жұқа және жалпақ сақина екенін және ғаламшарға тимей тұрғанын көрді. Және Гюйгенс Сатурнның ең үлкен серігі - Титан ашты. 1675 жылдан бастап ғаламшарды зерттеуді Кассини бастады. Оның байқағаны, сақина аралары ашық екі сақинадан, ал ортасындаға анық көрінетін қуыс, яғни Кассини қуысы тұрады, және тағы бірнеше ірі серіктерді ашады.

1979 жылы "Пионер-11" құрылғысы алғашқы рет Сатурнның қасынан ұшып өтеді, оның артынан 1980 және 1981 жылдары "Вояджер-1" және "Вояджер-2" өтеді. Бұл құрылғылар алғашқы рет Сатурнның магниттік ортасын байқап, оның магнитосферасын зерттеді, Сатурн атмосферасындағы құйындарды байқады, сақиналардың анық (детальды) құрылысын алды және құрамын анықтады.

1990 жылдары Сатурнды, оның серіктерін және сақиналарын Хаббл телескобы зерттеді. Ұзақ бақылаулар "Пионер-11" және "Вояджер" құрылғыларының ғаламшарлардың қасынан бір өтіп кетіп, толық зерттелмей қалған көптеген жаңа мәліметтер әкелді. 1997 жылы Сатурнға Кассини-Гюйгенс құрылғысы ұшып, жеті жылдан кейін 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн жүйесіне жетіп, ғаламшардың орбитасына енді. Кем дегенде 4 жылға созылатын бұл миссияның негізгі тапсырмалары болып сақиналардың құрылысы мен динамикасын зерттеу және атмосферасы мен магнитосферасының динамикасын зерттеу болып табылады. Одан басқа, арнайы "Гюйгенс" зонды құрылғыдан ажырап, Қоңырқайдың серігі Титанға қонды.

Серіктері

2007 жылдың шілде айына Қоңырқайдың 60 серігі белгілі. Олардың 12-сі Вояджер-1 (1980), Вояджер-2 (1990), Кассини (2004—2007) миссияларының арқасында ашылған. 2006 жылы Гавай университетіндегі Дэвид Джуиттің басшылығындағы ғалымдар тобы Субару атты жапон телескобының көмегімен 9 серік ашқанын хабарлаған. Олардың барлығы иррегулярлы серіктерге жатады, олар созылға эллиптикалық орбитасымен ерекшеленеді, және болжам бойынша ғаламшарлармен қатар түзіліп, кейін олардың тартылыс күшімен тартылған. Джуиттің тобы 2004 жылдан бері барлығы 21 серік тапқан. Серіктердің ең үлкені - Титан. Ғалымдардың болжауы бойынша, бұл серіктегі орта біздің ғаламшарымыздың 4 миллиард жыл бұрынғы түріне, Жерде өмірдің жаңа туған кезіне ұқсас.

Сақиналары

Қоңырқай Күн жүйесі ең күрделі сақиналардың жүйесіне ие. Сақиналар жүйесінің шеттері экватордан 67 мың. және 121 мың. км қашықтықта орналасқан. Сақиналар үлкендігі бірнеше микроннан бастап, бірнеше ондаған метрге жететін бөлшектерден тұрады, олардың құрамдарында мұз, тас породалары, темір оксиді бар. Ортасында қуысы бар көптеген сақиналар белгілі, қуыстардың ең ірісі — Кассини қуысы.

Қызықты мағлұмат

Қоңырқайдың қатты беті жоқ, оның орташа тығыздығы Күн жүйесіндегі ең төмен шама. Ғаламшар негізінен кеңістіктегі ең көп тараған сутегі және гелий элементтерінен тұрады. Демек, егер Қоңырқайды сидыра алатын гипотетикалық мұхитты елестетіп қарап, оның бетіне Қоңырқайды қойсақ, ол жүзіп жүрер еді!

Saturn Saturn, as seen by Cassini Орбиталық сипаттамасы[1][2] Дәуірі J2000 Афелиі: 1,513,325,783 km 10.11595804 AU Перигелиі: 1,353,572,956 km 9.04807635 AU Үлкен жарты білігі: 1,433,449,370 km 9.58201720 AU Шоғырланбауы: 0.055723219 Орбиталық мезгілі: 10,832.327 days 29.657296 yr Ауытқы мезгілі: 378.09 days[3] Орташа орбит. жылд-ғы: 9.69 km/s[3] Мағыналы ауытқысы: 320.346750° Аулақтауы: 2.485240° 5.51° to Sun's equator Үдемелі түйін бойлығы: 113.642811° Перигелий аргументі: 336.013862° Серіктері: 60 confirmed (up to 63 seen) Физикалық сипаттамалары Екуаторлық радиусы: 60,268 ± 4 km[4][5] 9.4492 Earths Полюстік радиусы: 54,364 ± 10 km[4][5] 8.5521 Earths Бет ауқымы: 4.27×1010 km²[6][5] 83.703 Earths Деңгейі: 8.2713×1014 km³[3][5] 763.59 Earths Массасы: 5.6846×1026 kg[3] 95.152 Earths Мағыналы тығыздығы: 0.687 g/cm³[3][5] (less than water) Екуатордағы ауырлық күшінің үдеуі: 8.96 m/s²[3][5] 0.914 g жыту тездігі: 35.5 km/s[3][5] Жұлдыздық айналым мезгілі: 0.439 – 0.449 day[7] (10 h 32 – 47 min) Екуатордағы айналым тездігі: 9.87 km/s[5] 35,500 km/h Біліктік еңкейісі: 26.73°[3] Солтүстік полюстің оң үдемелігі: 2 h 42 min 21 s 40.589°[4] Солтүстік полюстің ауытқылауы: 83.537°[4] Албедо: 0.342 (bond) 0.47 (geom.)[3] Бетттік темп-сы:

1 bar level

0.1 bar ең аз мағ. ең көп

134 K[3] 84 K[3]

Көрінетін мөлшері: +1.2 to -0.24[8] Бұрыштық өлшемі: 14.5" — 20.1"[3] (excludes rings) Сын есімдері: Saturnian Атмосферасы Құрамы: ~96% Hydrogen (H2) ~3% Helium ~0.4% Methane ~0.01% Ammonia ~0.01% Hydrogen deuteride (HD) 0.0007% Ethane Ices: Ammonia water ammonium hydrosulfide(NH4SH)



Каталог: uploads -> doc -> 0a59
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a59 -> Сабақ Жетісу (Жоңғар) Алатауы 8 «А» сыныбы География пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет