Сабақтарының мазмұны «Қазақстан тарихы»


Модуль 2 11-тақырып. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары – 1 академ.сағ



бет26/29
Дата04.11.2023
өлшемі131,7 Kb.
#189357
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ-emirsaba.org

Модуль 2
11-тақырып. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары – 1 академ.сағ.
Кейс тапсырма
КСРО-да қалыптасқан тоталитарлық саяси режимнің «қамшы» мен «тәтті нан» тәсілі - еңбекшілерді еңбек энтузиазміне шақыратын үгіт-насихат және кеңестік үгіт пен насихатқа көнбегендерге бағытталған террор жүйесі болды. «Жылымық» (1953 — 1964 жж.) кезеңінде, репрессияларды тоқтатқан, ГУЛАГ-ты жойған, жүз мыңдаған саяси тұтқындар түрмеден шыққан кезде өкіметтің қолында бұқараға әсер ететін бір ғана құрал — идеология қалды. Осыған байланысты, Қазақстанның соғыстан кейінгі кезеңдегі рөлі мен орнын ашып көрсетіңіз. Бейбіт құрылысқа бейімделу үдерісі қалай жүрді деп ойлайсыз? Мақсаты мен сипаты, туындаған мәселелерді шешудің жолдарын атаңыз.
Негізгі ұғымдар
Жеке басқа табыну, әскери-өнеркәсіптік база, халық шаруашылығы, бейбіт құрылыс, рухани мұра, жылымық.
Проблемалық негізгі сұрақтар
1. Арнайы ғылыми әдебиетті оқи отырып, елдегі әскери-өнеркәсіптік базаның нығаюы үрдісінің алғашқы кездегі объектілігін анықтаңыз. Қазақстан халық шаруашылығында қандай қиыншылықтарға кезікті. Жауаптарыңызды негіздеңіз.
2. Қазақстан территориясында жүргізілген ядролық сынақтар мәселесіне тарихнамалық шолу жасаңыз және олардың зардаптарын анықтаңыз. Талдау негізінде «Ядролық сынақтар және олардың зардаптары» тақырыбында таблица толтырыңыз.
3. Тарих ғылымындағы объективтілік мәселесіне. Е.Бекмаханов, Қ.Сәтпаев, Б.Сүлейменовтың және басқалардың қызметі мен еңбектері, «Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ КСР тарихы» (1943 ж.) еңбегі негізінде салыстырмалы талдау жасаңыз. Қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың сұлтан Кенесары Қасымов көтерілісінің тарихын зерттеу барысында не үшін айыпталғандығын атап көрсетіңіз.
4. Қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлерді саяси ақталуы мәселесін оқып зерттеп, «Жартыкеш» сипат ұғымына баға беріңіз.
Әдебиеті:
1. Артыкбаев Ж.О., Раздыков С.З. История Казахстана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007.
2. Алтаев А.Ш. Евросоюз: история и современность. Учебное пособие Алматы. Издательство «Қыздар университеті»- 2015.
3. Сайлан Б. Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымдарының құрылу тарихы (1917-1925 жж.). – Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015.
4. История Казахстана. В 5-ти томах.4- 5-й том. Алматы: Атамұра, 2010.
5. Алтаев А.Ш., Жангутин Б.О. История Казахстана: Хрестоматия. Т. 2. – Алматы, 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет