Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет51/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Мочевинаны қолдану. Мочевинаны әр түрлі топырақтарға барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдануға болады.
Оны көбінесе себер алдында негізгі тыңайту ретінде және үстеп қоректендіру үшін қолданады.
Мочевинаны күздік, отамалы және көкөніс дақылдарын үстеп қоректендіруде пайдаланады. Үстеп қоректендірген кезде мочевинаны топыраққа сіңіру жұмысын кешіктірсе (келесі күнге қалдырса), оның біраз бөлігі аммиакқа айналып ауаға ұшып кетеді.
Сонымен бірге мочевинаның сулы ерітіндісін тамырдан тыс үстеп қоректендіру ретінде, әсіресе бидай құрамындағы белок мөлшерін арттыру үшін қолданады. Оның басқа азот тыңайтқыштарына қарағанда айырмашылығы, жоғарғы концентрациясын (1 %-ық ерітінді) қолданғанда өсімдіктердің жапырақтарына зиянды жақтары байқалмайды. Жапырақ клеткалары оның молекулярлық формасын сіңіре алады және жақсы пайдаланады.
Мочевинаны қатарлап себумен бірге енгізуге болады. Бірақ егін көктеп шыққанда аммиактың артық мөлшері кері әсер етеді.
Мочевинаны кез келген мерзімде енгізуге болады: көктемде тұқымды себер алдында, өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, күзде де топырақты жыртар кезде.
Мочевинаның құрамындағы азоттың мөлшері көп, физикалық қасиеттері жақсы болуына байланысты, ол азот тыңайтқыштары арасында ең жақсы түрлерінің бірі болып есептеледі де оның өндірісі өсіп тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет