Құрмалас сөйлем және оның түрлері
Кемінде екі жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Аспанда бұлт болмасын, жерде гүл солмасын.
Құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысу жолдарына қарай құрмалас сөйлем 3 бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара тәуелсіз, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз.Мыс: Табыс өзінен – өзі келмейді, оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек.(1. Табыс өзінен-өзі келмейді. 2. Оны қажырлы еңбекпен жеңіп алу керек. )
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері :
Ыңғайлас салалас
Іліктес салалас
Қарсылықты салалас
Себеп- салдар салалас
Талғаулы салалас
Кезектес салалас
Шартты салалас
Ыңғайлас салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері көбінесе өзара тұлғалас, бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас болады. Ыңғайлас салалас ішіндегі жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен деген жалғаулықтар арқылы немесе ешбір жалғаулықсыз-ақ байланыса береді. Мыс: Мұндай жолдарды салу аса қымбатқа түседі және кез- келген жерге сала беру мүмкін емес. Мыңдаған гектар шөп шабылмақ, ондаған қора жайлар салынбақ.
Іліктес салалас
Құрамындағы жай сөйлемнің бірі басқасымен талданып түсіндірілетін салалас қ. с. іліктес салалас болады. Мыс : майдың құрамына да үш элемент кіреді: олар – көмір, оттегі және сутегі.
Іліктес салалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары жоқ.
Сол, сонша, соншалық, соншама деген сөздердің қатысымен жасалған кейбір құрмалас сөйлемдер де іліктес салалас ретінде қарастырылады. Мыс: Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды. Мал етінің асылдануы сондай – майы аузыңа салдырмайды
Достарыңызбен бөлісу: |