Қарсылықты салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара қарсы мағыналық қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем қарсылықты салалас болады. Қарсылықты салалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Ондағы жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар : бірақ, ал, алайда, дегенмен, сонда да, сөйтсе де ,әйтсе де т.б. Мыс: Елім орасан мол ағаш байлығына ие болып отыр, бірақ бұл байлықтың өзін де ұқыптылықпен тиімділікпен пайдалану керек. Баймахан қосымша уақыт сұрап еді, – төраға үндемеді.
Себеп- салдар салалас
Құрамындағы жай сөйлемдері өзара себеп- нәтижелі қарым – қатынаста жұмсалатын салалас құрмалас сөйлем себеп- салдар салалас болады.Себеп жалғаулықтары: Себебі, өйткені, неге десең.
Олар тек қана себепті білдіретін сөйлем құрамында айтылады. Салдар жалғаулықтары: сондықтан, сол себепті.Бұлар тек қана нәтижені білдіретін сөйлем құрамында жұмсалады. Мыс: Көпшілік тікұшақтар 250 км /сағаттан аспайтын жылдамдықпен ұшады, сондықтан оны аса аққыш формалы түрге келтірудің онша қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |