Жүргізуші:Құтты болсың 70 жасыңыз
Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардан анық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шын жүректен бәріміз,
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.
Жүргізуші: Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. “Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. Құрметті Төлегетай аға! Біз Сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын!.
Апай: Қалды артта Жетпіс асу, қия шыңдар,
Шұғыла шуақ төктіңіз, айналаңызға,
Жария боп жақсы атыңыз алты Алашқа,
Келесіз үлгі болып барша жасқа.
Сіздің шалқып есен-аман жүргеніңіз.
Сізге деген сарқылмайды тілегіміз.
Жүзге дейін соға берсін жүрегіңіз.
Жақсылардың шапағаты жетелейді,
Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.
Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,
Онша-мұнша қателерді елемейді.
Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,
Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.
Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,
Үмітімді ағалардан мен үзбейін.
Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,
Тербеледі толқындай боп бақ талабым.
Жүрегімнің түкпірінде оянады
Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.
Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,
Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.
Сіз секілді аға болса – алаңдамай қарайды ғой алдарына кейінгілері.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.
Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,
Тұрған шағы саралап өткен жолын қайта кеп.
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін оқушыларға берелік
1-оқушы (Аяжан)Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан
2- оқушы (Азамат): Ұстаз - ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
Қаншама шәкірттерге білім беріп
Бар өмірі баламен бірге өткен.
3- оқушы(Айғаным): Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға
4-оқушы(Нұржан): Көңілде өткен күннің елестері
Сырласып құрбылармен тең өскені
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген
Кездері кеше ғана емес пе еді
5- оқушы(Сұлтан): Бәрі де қандай еді жас шағында
Уақыт қалай өткен қас қағымда
Кездері кеше еді ғой жарқыраған
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында
6- оқушы(Исламбек):Жастықтың түспей жасыл туы қолдан
Құлпырған қырдың қызыл гүлі болған
Кездері кеше еді ғой әр ауылдың
Жарқырап жанған көкте күні болған.
7-оқушы(Ануарбек):Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастыңыз құтты болсын белесі.
8-оқушы(Ринат): Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз.
Ән: «» Амагельдиев Бекарыс
Жүргізуші: «Ұстаздық – ұлы мамандық!» (Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Арнау.)
Ән: «Көбейсін немере - шөберелер»
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектеп кітапханашысы Рахила апайға және өзіміздің замандастарымыздың ішінен кітап десе ішкен асын жерге қоятын, әдебиетке жаны жақын, кітапхананың құрметті оқырмандары Жұмат Әсем, Сапарниязова Гүлдана ,Серік Бағдаулетке сөз кезегін берелік.
10 «а» сынып оқушысы Жұмат Әсем, Амангелді Смағұлұлы Бейсеуовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты кітабындағы Ақбауов Төлегетай жайлы жазылған естеліктерге тоқталса, 7 «а» сынып оқушысы Тоқмұқан Бақдәулет 29 ақпан 2008 жылы жарық көрген Жеңіс Молдасынұлының «Ақбауов Төлегетай 60-жаста» атты кітапшасына шолу жасап, Төлегетай ағаның қызықты оқиғалары туралы баяндап өтті. Сонымен қатар 10 «б» сынып оқушысы Сапарниязова Гүлдана өмірі өнегелі Төлегетай ағаның «Жамбыл елінің жайсаңдары» атты жинаққа енгені туралы баяндаса, 10 «б» сынып оқушысы Серік Бақдәулет Жеңіс Молдасынұлының «Әлқисса -өмір» шығармалар жинағындағы Төлегетай ағамыз жайлы жазылған өресі кең естеліктерден сыр шертіп өтті.
Жүргізуші:Ардагерлерге сұрақтар беру
«Қарты бардың – қазынасы бар» 9б сынып оқушысы Қойшиев Асылбектің зерттеу жұмысы
Арнау
Ақбауов Төлегетай Қожахметұлының 70-жылдық мерей тойына арналады
Қазаққа білім керек, оқу керек,
Айтып кеткен хакім Абай ойы бөлек,
Тәрбие мен білімді қосып берген,
Төлегетай ағамыз елден ерек.
Оқу деген артық болмас ешқашанда,
Бір елге бас болып, ес болсаң да.
Ұстаз болып оқытсаң балаларды
Ұлы жолға жетелейсің әрқашанда.
Сол жолдың қиыны мен сызын көрген,
Ұлы ұстаз Ыбырайдың ізіне ерген,
Ұстазым жетпіс емес жүз жасаңыз
Жеткізсін баталары елдің берген.
9«Б» Қойшиев Асылбек
2.Презентация (Артельбаев Азамат.Төлегетай Қожахметұлының өмірбаяны туралы)
Қорытынды.
1. «Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын»
(Бәйтерек ағашына оқушылар ағайға арнап тілек жазу)
2. «Батаменен ер көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
Сұрақтар қою: 1. Ақпанның 29-шы жұлдызында өмірге келгендер өзін қалай сезінеді, туған күнін қалай тойлайды?
2. Сізге мұғалімдік пен директорлық қызметті қатар алу қиын болды ма?
3. Мектеп жасыңызда қандай үйірмелерге қатыстыңыз?
4. Егер де мұғалім болмасаңыз қандай мамандық иесі болар едіңіз?
5. Жас шағыңызда қандай спорт түрімен айналыстыңыз?
3. Хор: «Атамекен»
Бүгінгі сынып сағатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімінің орындалуына теңіздің тамшысындай болса да үлес қосылғанына қуанып тарастық.
|