Сабақтың арқауы Мультимедиа,презентация Жалпы мақсаттары



Дата31.12.2019
өлшемі38 Kb.
#54856
түріСабақ
«Қарғалы 3 орта мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі Ақжолтай Ләйлә Нұрсұлтанқызы

Сынып:

10А




Тақырыбы

«Үлкендер жолы – ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып!»




Күні

26.02.2018ж




Сабақтың арқауы

Мультимедиа,презентация




Жалпы мақсаттары

«Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар, туған жер» бағдарламасы аясында оқушыларды зейнеткер ұстаз,жерлесіміздің жас ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеудегі елеулі табыстары үшін марапатталған марапат иесінің шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесу арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.




Негізгі мақсаттары

Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету. Белгілі бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.




Жетістік критерийлері

Ардагерлерге байланысты жазылған қанатты сөздер




АКТ қолдану дағдылары

Презентация,интербелсенді тақта




Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.




Түйінді идеялар

Ардагерлерді ешқашан да ұмытпау




Сабақтың барысы




Сынып сағатының кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Сынып бөлмесін тәрбие сағатына әзірлеу, қонақтарды қабылдау
2. Кіріспе.Мұғалімсөзі.
1. Ардагерлерге арнау өлеңін оқу.
2. Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру. (Сахнада күй ойнап тұрады)
3. Негізгі бөлім.
1. Әдеби – музыкалық монтаж

Жүргізуші:Армысыздар ардақты ұстаздар, құрметті қонақтар, оқушылар!Бүгінгі «Үлкендер жолы – ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып!» атты тәрбие сағатымызды зейнеткер ұстаз Төлегетай Қожахметұлына арналады.

Жүргізуші: Кемеңгер ұлы ұстаз Әбунасыр әл Фараби: «Ұстаз жаратылысы өзіне айтылатынның бәрін жадында жақсы сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын,мейлінше шешен,өнер –білімге құштар,аса қанағатшыл,жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне де жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек болуы керек»,-деп жазған екен.

Жүргізуші:Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Жүргізуші: Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Төлегетай ағамыздың барына мақтан тұтамыз. 

Жүргізуші:Осы бір зерделі ойдың жетегіне ілесе,әр сөзіне терең мән бере отырып,ұстаздардың ұстазы көрегендікпен талдап берген асыл қасиеттерді бойына жинап,өз еңбегімен әріптестеріне,Жамбыл ауданына,Алматы облысына танымал болып жүрген зейнеткер ұстаз Ақбауов Төлегетай Қожахметұлы туралы сыр төккіміз келеді.

Жүргізуші:Ақпан айының өзіне тән қызықтары бар.Ол қыстың соңғы айы,жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсындағы өлара шақты жалғастыратын мезгіл.Дегенмен ай толық болмаған жылдары «тәйірі,ақпан ақырып,тез өте шығады»деп көңіл жұбатса,29-на толатын кібісе жылы сақтанатынымыз жасырын емес.Орыс халқы «высокосный год» деп,оның салмағын ауырлатып, артық күн ретінде бағалайды.

Жүргізуші: Ақпанның 29-шы жұлдызында өмірге келгендер өзін қалай сезінеді,туған күнін қалай өткізеді деген оймен осы күні өмірге келген,бар саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған,биыл сәті түсіп асқаралы 70-ін осы күні тойлайтын Төлегетай ағамызбен пікірлесудің сәті түсті.

Жүргізуші:

Желкесіне жетпістің жеткерді Алла,

Шүкір деп Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!

Даналық белгісіндей ақ самайыңыңыз,

Толықсып, кемелденіп асқақ ойыңыз.

Келіпсіз мерейлі шақ - 70 жасқа,

Нұрланып, кемелденген патшадайын.



70 жас-ердің жасы мәртебелі,

Қиядан көргендейсіз әр төбені.




Стикерлер,

Қанатты сөздер



Сабақтың ортасы

Жүргізуші:Құтты болсың 70 жасыңыз

Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.

Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,

Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!



Балалардың арасында жүріңіз,

Шаттық нардан анық басын жүзіңіз!



Тілек еттік шын жүректен бәріміз,

Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!

Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,

Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.

Жүргізуші: Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. “Қарттары бар ел – қазынасы бар ел” – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. Құрметті Төлегетай аға! Біз Сізді жан жүрегімізбен жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын!.

Апай: Қалды артта Жетпіс асу, қия шыңдар,

Шұғыла шуақ төктіңіз, айналаңызға,

Жария боп жақсы атыңыз алты Алашқа,

Келесіз үлгі болып барша жасқа.

Сіздің шалқып есен-аман жүргеніңіз.

Сізге деген сарқылмайды тілегіміз.

Жүзге дейін соға берсін жүрегіңіз.

Жақсылардың шапағаты жетелейді,

Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.

Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,

Онша-мұнша қателерді елемейді.

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,

Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.

Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,

Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,

Тербеледі толқындай боп бақ талабым.

Жүрегімнің түкпірінде оянады

Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.



Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,

Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.

Сіз секілді аға болса – алаңдамай қарайды ғой алдарына кейінгілері.

Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,



Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды.

Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек,

Тұрған шағы саралап өткен жолын қайта кеп.

Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін оқушыларға берелік

1-оқушы (Аяжан)Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан
2- оқушы (Азамат): Ұстаз - ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
Қаншама шәкірттерге білім беріп
Бар өмірі баламен бірге өткен.
3- оқушы(Айғаным): Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға
4-оқушы(Нұржан): Көңілде өткен күннің елестері
Сырласып құрбылармен тең өскені
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген
Кездері кеше ғана емес пе еді
5- оқушы(Сұлтан): Бәрі де қандай еді жас шағында
Уақыт қалай өткен қас қағымда
Кездері кеше еді ғой жарқыраған
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында
6- оқушы(Исламбек):Жастықтың түспей жасыл туы қолдан
Құлпырған қырдың қызыл гүлі болған
Кездері кеше еді ғой әр ауылдың
Жарқырап жанған көкте күні болған.

7-оқушы(Ануарбек):Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Жетпіс жастыңыз құтты болсын белесі.

8-оқушы(Ринат): Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,

Бала мен немеренің назына мас.



Біз Сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз.



Ән: «» Амагельдиев Бекарыс

Жүргізуші: «Ұстаздық – ұлы мамандық!» (Оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Арнау.)

Ән: «Көбейсін немере - шөберелер»
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектеп кітапханашысы Рахила апайға және өзіміздің замандастарымыздың ішінен кітап десе ішкен асын жерге қоятын, әдебиетке жаны жақын, кітапхананың құрметті оқырмандары Жұмат Әсем, Сапарниязова Гүлдана ,Серік Бағдаулетке сөз кезегін берелік.

10 «а» сынып оқушысы Жұмат Әсем, Амангелді Смағұлұлы Бейсеуовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты кітабындағы Ақбауов Төлегетай жайлы жазылған естеліктерге тоқталса, 7 «а» сынып оқушысы Тоқмұқан Бақдәулет 29 ақпан 2008 жылы жарық көрген Жеңіс Молдасынұлының «Ақбауов Төлегетай 60-жаста» атты кітапшасына шолу жасап, Төлегетай ағаның қызықты оқиғалары туралы баяндап өтті. Сонымен қатар 10 «б» сынып оқушысы Сапарниязова Гүлдана өмірі өнегелі Төлегетай ағаның «Жамбыл елінің жайсаңдары» атты жинаққа енгені туралы баяндаса, 10 «б» сынып оқушысы Серік Бақдәулет Жеңіс Молдасынұлының «Әлқисса -өмір» шығармалар жинағындағы Төлегетай ағамыз жайлы жазылған өресі кең естеліктерден сыр шертіп өтті.



Жүргізуші:Ардагерлерге сұрақтар беру
«Қарты бардың – қазынасы бар» 9б сынып оқушысы Қойшиев Асылбектің зерттеу жұмысы

Арнау

Ақбауов Төлегетай Қожахметұлының 70-жылдық мерей тойына арналады

Қазаққа білім керек, оқу керек,

Айтып кеткен хакім Абай ойы бөлек,

Тәрбие мен білімді қосып берген,

Төлегетай ағамыз елден ерек.

Оқу деген артық болмас ешқашанда,

Бір елге бас болып, ес болсаң да.

Ұстаз болып оқытсаң балаларды

Ұлы жолға жетелейсің әрқашанда.

Сол жолдың қиыны мен сызын көрген,

Ұлы ұстаз Ыбырайдың ізіне ерген,

Ұстазым жетпіс емес жүз жасаңыз

Жеткізсін баталары елдің берген.

9«Б» Қойшиев Асылбек

2.Презентация (Артельбаев Азамат.Төлегетай Қожахметұлының өмірбаяны туралы)
Қорытынды.
1. «Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын»
(Бәйтерек ағашына оқушылар ағайға арнап тілек жазу)
2. «Батаменен ер көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)

Сұрақтар қою: 1. Ақпанның 29-шы жұлдызында өмірге келгендер өзін қалай сезінеді, туған күнін қалай тойлайды?

2. Сізге мұғалімдік пен директорлық қызметті қатар алу қиын болды ма?

3. Мектеп жасыңызда қандай үйірмелерге қатыстыңыз?

4. Егер де мұғалім болмасаңыз қандай мамандық иесі болар едіңіз?

5. Жас шағыңызда қандай спорт түрімен айналыстыңыз?


3. Хор: «Атамекен»

Бүгінгі сынып сағатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бөлімінің орындалуына теңіздің тамшысындай болса да үлес қосылғанына қуанып тарастық.




Слайд

Сабықтың аяғы

Бекіту


Рефлексия


Миға шабуыл әдісі

ІІІ блок. Рефлексия.

Мен..................................... таныстым.

Маған ұнады...........................................

Мен........................................... білемін.

Менің білгім келеді...............................







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет