Қазақ тілі
|
Уақыты:06.04.2015
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Үстеудің түрлері
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Үстеу туралы алған білімдерін сыныптан тыс жерде пайдалану, мағынасына толық, жан-жақты талдау, өзіндік ой-пікір қорыта білу, ойды мәнерлі, әуезді жеткізе білу шеберлігін ұштау, топтық жұмыстарға ынтамен белсенді араласуын дамыту.
Нәтижесі:Топта еркін жұмыстана алады. Тақырыптан ереже шығарып, сөйлемді талдауға үйренеді.Түйінді идея:тіл мәдениетін, сөз мәдениетін жетілдіру. Өз-өздерін бағалауға үйреніп, сыни ойлай алады.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. Үстеудің құрамдық бір түрі (күрделі)
2. Сөз табының бірі (етістік)
3. Үстеудің сұрағы (қайтіп?)
4. Үстеудің мағыналық бір түрі (мөлшер)
5. Сөз табының бір түрі (шылау)
6. Үстеудің сұрағының бірі (қалай?)
7. Ауылда сөзі үстеудің қай түріне жатады? (мекен)
8."Таңертең" деген үстеудің жасалу жолы (бірігу)
|
Қызығушылықты ояту
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
- Үстеудің мағыналық неше түрі бар?
- Әрқайсысына тоқталып, мысал келтір.
- Бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар?
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Тест сұрақтары төмендегідей:
1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) жоғары өрледі Б) қысы - жазы үзілмейді
Ә) ышқына соқты В) ілгері кетті
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) былтыр көрген Б) ілгері жылжыды
Ә) тағы да келді В) ән салды
3) Күшейткіш үстеуді табыңыз:
А) тіпті, әбден Б) емін - еркін, әрең
Ә) амалсыздан, босқа В) онша, әжептәуір
4. Сын - қимыл үстеуді табыңыз:
А) қолма - қол жұмсады Б) бірталай отырды
Ә) қасақана кешікті В) ерен еңбек етті
5. Мөлшер үстеуді табыңыз:
А) әдейі, жорта Б) дәл, сақ, нақ
Ә) лажсыздан, амалсыздан В) анағұрлым, неғұрлым
6. Мақсат үстеуді табыңыз:
А) қазір келді Б) босқа кетті
Ә) жорта үндемеді В) сөйтіп, қаннен - қаперсіз
7. Себеп - салдар үстеуді табыңыз:
А) құр босқа бақырған Б) әлгінде келіп кетті
Ә) ендігәрі келмейді В) қыруар әңгіме айтылды
8. Күрделі үстеулер тобын белгілеңіз:
А) биыл, таңертең, жоғары - төмен Б) ертең, шалқасынан, ақырын
Ә) бүгін, жылдам, тез В) ауылда, әдеппен, алға қарай
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:07.04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Үстеудің түрлері
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үстеу және оның сөйлемде атқаратын
қызметі жөнінде мәлімет беру. Оқушыларда мәтін
ішінде үстеулерді ажырата білу қабілеттерін
дамыту. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдіс-тәсілдері: Ұжымдық оқыту әдісі, интерактивті технологияны
қолдану.
Көрнекілігі: жетекші карточка, тапсырмамен өзара алмасу карточкасы,ребус, тест.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Жетекші карточка №1
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу деп атайды.
Ауыл ілгері көшті сөйлемінде қимылдың бағытын білдіретін сөз қайсы?
Ол қандай сұраққа жауап береді?
Қашан деген сұраққа жауап беретін сөздерге мысал жаз.
Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды сөйлемінде қалай деген сұраққа жауап беретін сөзді ата.
Жоғары, бұрын, алыста сөздеріне антонимдік сыңарын жаз. Олар қандай сұраққа жауап береді?
Мысалдарда берілген сөздер сөйлемде қай сөзбен байланысады?
Жылдам, таңертең, бұрын сөздерімен сөз тіркесін жаса.
Жылдам сөзін септеуге, тәуелдеуге, жіктеуге келе ме?
Ендеше үстеу нені білдіреді? (Анықтаманы оқы)
|
Қызығушылықты ояту
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Бекіту кезеңі
- Сәйкесін тап
Қайда? мезгіл
Қашан? мекен
Қалай? себеп
Не себепті? амал, бейне
Сөйлем мүшелерін қайталау
ЕСКЕ ТҮСІРЕЙІК!
Сөйлем мүшелері
|
сұрағы
|
Шартты белгісі
|
Бастауыш
|
|
|
Баяндауыш
|
|
|
Толықтауыш
|
|
|
Анықтауыш
|
|
|
Пысықтауыш
|
|
|
|
|
|
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Сөз таптарын қайталау.
Зат есім мезгіл-мекенін
Сын есім мөлшерін ,ретін
Сан есім заттың сынын
Етістік заттың атауын
Үстеу қимыл
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:08.04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Мазмұндама
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту
Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
ББ кестесін толтыру
|
Қызығушылықты ояту
|
Ұшқыш кілем
Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.
Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен ,ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті айға да ұшып барып келуге болады.
Жоспар:
Адамдардың арманы. Орындалған арман.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Ұшқыш кілем туралы білімлерін ортаға салады.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты: .04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Шылау
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
а) білімділік: Шылау туралы түсінік беріп, білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бөлінуін түсіндіру. Шылаудың емлесін меңгерту
ә) тәрбиелік: Жеке тұлға ретінде қалыптаса білуге, өзара сыйласа білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Ой өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Оқушы нені білуі керек?
- Шылаудың ережесін білуі
- Жалғаулардан, жұрнақтардан ажырата білу
Оқушы нені меңгеруі керек?
- Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылығын меңгеру
- Шылаулардың түрлерін білу.
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Дәптерлердегі тапсырмаларды тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Шылаулардың емлесі: Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады.
1. және, мен (бен,пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.
2. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Балабектің де барғысы келді.
3. Дефис арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы: Діңкелеп шаршаған күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Біз бесеуміз, бесеуміз.
Бес тармақты жұлдызбыз.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Ақ қалпақты құндызбыз.
Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен.
Бiзден биiк секiрер
Мықты жандар бар ма екен?
|
Ой толғаныс
|
Сәйкестендіру тесті.
Зат есім ------------1. Сары, дәмді, көк ала.
Етістік --------------2. Біз, мен, сен
Сын есім ----------3. Бесінші, алпыс, он
Сан есім -----------4. Гүлдер, Алпамыс, шеге
Есімдік -------------5. Пен, және, үшін
Үстеу ----------------6. Күлді, барма, секіріп жүр
Шылау -------------7. Тез, жазда, жоғары
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына – мен, - бен, - және, - да, - де, - та, - те шылауларын қойыңыз.
Қостанай... Астананың арасы алыс. Астанада автобус,,,. Троллейбус..., такси... жүреді. Орталықта орыс, қазақ... театрлары бар. Базарда көкөніс... жеміс - жидек сатылады.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, сұраулық шылауларын қойып толықтырыңыз.
Бұл Парламент үйі...? Бұл сауда орталығы...? Қонақ үйде бөлме бар...? Ертең наурыз мерекесі...? Қабылдау бөлмесінде кісі көп...? Күн суық...? Аяз...? Қонақтар келді...? Ағылшын тілін білесіз...
3 - тапсырма. Төртбұрыштың орнына тиісті сұраулық шылауды жаз
а) Кеше ұшақ ұшты
ә) Оқушы мектептен келді
б) Сіздің үйде түйе бар
в) Сенің атаң ауылда тұрады
г) Марат тамақ ішті.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты: 04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы 2-сағат
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
1) Білімділік: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Қазақ тілі- анаң, атаң,
Қуат алар Отан да одан.
Қазақ тілі-халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Дәптердегі тапсырмаларды орындау
|
Қызығушылықты ояту
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Шылау деген не? Мен (бен,пен) шылаулары жайлы ережені айт
Қой, (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары жайлы айт, мысал келтір.
Сөйлемді дұрыс жаз
1-топ
1. Келгеннен көзі журналдарда, кітаптарда.
2. Сен бүгін онда барма.
3. Сапар Сәрсенмен сөйлесті.
4. Қойлар төскейде, қойнауда жайылып жатыр.
2-топ
1. Журналдар да, кітаптар да жеткілікті.
2. Сенде құстар туралы кітап бар ма?
3. Сапар мен Сәрсен сөйлесті.
4. Төскей де, қойнау да малға толы.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
-Есіңе сақта!
1. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.
1. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.
2. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.
2. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.
Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.
-Біз осы ережеге сүйене отырып «Орнын тап!» ойынын ойнайық.
Шықырлат, қал, келе, жорға, жоқ, есіне, жолықты, кет, көрдің.
Па, пе, ба, бе, ма, ме
Сөйлемдерді оқып, жақшаға жұрнақ, септік жалғаулары немесе тұлғалас шылаулары алынғанын анықта.
Шығармашылық тапсырма. Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?
1. Адам баласы табиғатты ..... .
2. Біз бұлақтардың көзін .... .
3. Су мол болса, астық та ..... .
4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ....
Керекті сөздер: сүрмейді, барады, қорғама, ашпа, мол болмайды.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:20.04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Диктант
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты, көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу, танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Пазл арқылы топтарға бөлу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй жұмысы жазылған дәптерлерін тексеру
|
Қызығушылықты ояту
|
Қарлығаш
Қарлығаш –денесі ұзынша, ұзын айыр құйрықты, ұзын үшкір қанатты, епті қара құс. Қарлығаш тау үңгірлерін де, өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя салады. Қыста қарлығаштарының ұясы қора-қопсы мен үйлерде де бар. Олар ұя салатын жеріне ауа райы жылынған кезде ғана ұшып келеді. Қарлығаш балапан шығару үшін шөп-шаланмен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе тәрізді ұя салады. Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды. Ұрғашы қарлығаш ұяда жұмыртқаны жалғыз –ақ басып отырады. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарын ата-аналары қоректендіреді.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Қарлығаш туралы мақал-мәтел айту
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:21.04.2015
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Одағай
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Білімділік: Одағай, оның түрлері, жазылуына жаттығу,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуі, диалог, білім мен дәстүрді ұштастыру.
Дамытушылық:Синтаксистік талдау, одағайды тауып, түрлеріне қарай талдай білуі, шығармашылықпен айналысуы, дауыс ырғағы орфоэпия заңдылығына сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-баба мұрасын қастерлеу, кітап оқуға құштарлығын арттыру.
Көрнекілік: Венн диограмма, кестелер
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу
Түрі: аралас сабақ
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Көктем айларымен топтарға бөлу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп, бір-біріне жақсы тілектер айтып сабақты бастау.
Шылау дегеніміз не?
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларының жазылуын еске түсіру
1-топ
Пай-пай мына аттың жүйрігін-ай!(сүйсіну)
2-топ
Бәрекелді келгендерің жақсы болды!(қуану)
3-топ
Апырай ата қонысым еді! (аңсау)
Көңіл-күй одағайы
Одағай Жекіру одағайы
Жануарларды шақыру үшін, қуу үшін қолданылатын одағай сөздер
Ережені әр топқа өз бетінше оқытып, түсінігін сұрау. Мысал келтіру.
2-жаттығуды дәптерге оқушылар өз бетінше орындау.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Қызығушылықты ояту
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Өлең тыңдау
|
Ой толғаныс
|
3-жаттығу.Берілген одағайларды қатыстырып әр топтан бір оқушы сөйлем құрап жазу.
5- жаттығу. Ребусты шеш
6-жаттығу. Ауызша орындау
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:22.04.2015ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Одағай
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен таныстыру, алғаш мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушыларды техникалық – ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, оза оқыту, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайд, суреттер ,бағалау қағаздары
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиеттік оқу, қимылды ойын.
|
Жалпы мақсаттар
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
-Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Мен сендерді тағатсыздана күттім және де кездескенім үшін сендермен қуанышымды бөліскім келеді:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй жұмысы орындалған дәптерлерді тексеру
1.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай?қашан? қайда?
б. қашан?қай?нелер?
3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар: Елдің болашағы... ойлаған жөн.
а. үшін
ә. дейін
б. туралы
4. Шылау дегеніміз ...
а. мағынасы бар сөйлем мүшесі
ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
б. көңіл күй білдіретін сөздер
5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?
а. одағай
ә. шылау
б. қаратпа сөз
|
Қызығушылықты ояту
|
Әріпжұмбақты шешу.Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.
1.Оқу да бар,
Жазуда жок (О)
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ (Д)
3.Шегеде жоқ,
Таста бар (А)
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ (Ғ)
5.Шанада бар,
Әнде жоқ (А)
6.Торғайда бар,
Алауда жоқ (Й)
Одағай сөзі шықты.
-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?
1.Оқу да бар,
Жазуда жок (О)
2.Дала да бар,
Жаға да жоқ (Д)
3.Шегеде жоқ,
Таста бар (А)
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ (Ғ)
5.Шанада бар,
Әнде жоқ (А)
6.Торғайда бар,
Алауда жоқ (Й)
Жұмбақтың шешуінен Одағай деген сөз шықты.
Одағай сөзі шықты.
-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?
- Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек.
- Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!
- О-да-ғай.
- Неше буын бар?
- 3 буын бар.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
|
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
|
Сергіту сәті
|
«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.
Балақай-ау,балақай,
Жаз келеді,алақай!
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Сайдан жидек тереміз,
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Одағай
Көңіл күй-----Шақыру------Жекіру
- Ендеше, үш одағайдың түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.
Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт. Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.
2. Уа, қой деймін,бала!
3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.
3. ..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
Семантикалық карта
Одағай Көңіл күй Шақыру Жекіру
Алақай +
Тү-у +
Кә-кә +
Тәйт +
Япырай +
Шіп-шіп +
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын толтыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |