Сабақтың атауы 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем Сілтеме



бет6/102
Дата06.02.2022
өлшемі4,78 Mb.
#36252
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?




Ой толғаныс



Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
1. Буын үндестігі дегеніміз не?
2. Сіз оны қалай түсінесіз?




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дыбыс үндестігі




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

Мақсаты: жаттығуларды орындау барысында сөздердегі дауысты у және дауыссыз болып келетін жағдайларды ажыратуға, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер




Жалпы мақсаттар




Оқыту нәтижесі




Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау



Үй тапсырмасы орындалған дәптерлерді тексеру




Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
ДЫБЫС ҮНДЕСІ
Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар кептен екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі
Оның 3 түрі бар:

  1. ілгерінді ықпал

  2. кейінді ыкпал

  3. тоғыспалы ықпал

Мысалдар келтіру
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігідыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.




Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.




Ой толғаныс



Есіңде сақта!
ЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
(Ассимиляция)
Түбір сөз бен қосымша, сөз бен сез арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі аталады. Мысалы, қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте, сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшанын үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен. Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
ә) Сөздер неден құралады?
Әріп деп нені айтамыз?
Дыбыс дегеніміз не?




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі,нұсқаулық




Сабақтың жабдығы

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға,мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға дағдыландыру ;
ә) Мұхият тыңдап,ұқыпты жазуға үйрету, туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру б) өз ісіне ұқыпты,мейрімді кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау сабағы
Сабақтың әдісі : баяндау,мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі :түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу




Жалпы мақсаттар




Оқыту нәтижесі




Топқа бөлу

Пазл арқылы сыныпты 3 топқа бөлу




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардың үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру




Қызығушылықты ояту



Сілеусін

Тауды,орманды мекендейтін ірі денелі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып тастағандай қысқа, өте епті,ағашта жақсы өрмелеп, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы сексен екі, жүз бес сантиметр,құйрығының ұзындығы жиырма –отыз бір сантиметр, салмағы сегіз,он бес килограмм. Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек өте бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.( 71сөз)








Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу




Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.




Ой толғаныс



Сілеусін (лат. Lynx lynx) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.




Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады




 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фонетикалық талдау




Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі




Сабақтың жабдығы

3Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу.
2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.
3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер
құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын




Жалпы мақсаттар




Оқыту нәтижесі




Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.




Үй тапсырмасын сұрау



Ереже әлемі
Алфавит
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
Ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һ Цц Чч Шш Щщ ъ
Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке;
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын
не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынды
ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет