Сабақтың мақсаты: балалардың адам организмінің құрылымы, салауатты өмір салты, организмді шынықтыру туралы білімін толықтыру.
Міндеттері: - сыни тұрғыдан ойлау, өзінің істерін түйсіне білуге баулу;
- салауатты өмір салтын сақтай білу.
Әдіс - тәсілі: Сәйкестендіру, «Болжау» әдісі, массаж жасау, «БББ» әдісі, конверт сұрақ, ұлттық ойындар, кесте, викторина ойыны, «пайдалы - зиян» ойыны, постр.
Көрнекіліктер: планшет, ұялы телефон, маркер, бағалау парағы, смайлики, оқулық, дәптер.
Күтілетін нәтиже:- зиянды әдеттерді жеңе біледі; салауатты өмір салтын сақтай алады.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал туғызу:
«Музыкалық гимнастика»
Үй тапсырмасын сұрау: «Конверттегі сұрақ» ойыны арқылы.
ІІ. Негізгі бөлім:
- "Дені саудың - жаны сау"
- Бұл нақылдың мағынасын қалай түсінесің? «Сәйкестендіру» әдісін пайдалану.
1. шымыр, әдемі, ебедейсіз, шыныққан, жалқау, бүкірейген, сымбатты, күшті, мығым, шапшаң, семіз, оқтай түзу
- Дені сау адам болу деген нені білдіреді?
- Мәтінге байланысты топқа бөлу: табиғат дәрігерлерінің кеңестер (су, жаттығу, дене сұлулығы, дұрыс тамақтану, таза ауа)
IIІ. Жаңа сабақ
«Болжау»әдісін пайдалану. Мақсаты: оқиғаның мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болады? Олай ойлауыңа не себеп болды? Дүниетану 3 сынып (Алматыкітап) оқулықтағы 115 - 116 беттегі «Денсаулығыңды нығайт» оқып, жеке талдап, талдау парығын толтырып, талқылайды (жұппен жұмыс)
(Талдау парағын алдын - ала таратып қою)
«БББ»әдісін пайдалану
Мәтіннің мағынасын ашу мақсатында, жұптасып бір – біріне сұрақ қояды?
Сергіту сәті: «Мұрынға» массаж жасау
Әр топ спорттық ойын түрлерін көрсетіп беру
«Асық» ойыны. «Күш сынасу.» «Қанталапай»
1. «Дені сау адам» постер жасау
2. Бұрынғы кездегі балаларды қалай шынықтырған? Не үшін шынықтырған?
Қазіргі кездегі балалар спорттың қандай түрлерімен айналысады?
ІҮ. Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың ойларын түйіндеу мақсатымен келесі тапсырманы
1. «Пайдалы - зиян»ойыны
Денсаулық үшін не пайдалы, не зиян екенін жинақтау.
Оқушылардың сабақ мақсатын қалай түсінгенін тексеру мақсатымен «Спорт - денсаулық кепілі» ойыны арқылы викторина өткізу.
Ү. Қорытынды:
«Байланыстыратын жіп» ойыны арқылы
Не білдің? Не алдың? Не үйрендің? Не істедің? Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылап, ассоциация туғызу. Бүгін қалай жұмыс істедік.?(ынтымақтастық деп жауап береді)
ҮІ. Үй тапсырмасы:
1. Мәтінді оқу, мазмұндау
2. Денсаулыққа байланысты мақал - мәтел жатта
3. Интернет жүйесінен Қазақстан спортшыларын толық біліп келу