Сонымен бүгінгі сабақта біз басқарушы билік туралы, олардың қызметтері туралы оқып, үйренеміз.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін, сендер тапсырманы орындайсыңдар.
Енді үш топқа бөлінеміз. оқушылар топта жұмыс жасап, тақырыпты дәлелдейді.
І топ.
Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Қазақстан – егеменді ел.
16 желтоқсанда біздің елімізде ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Тап осы күні «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, жаңа Әнұраны, өзінің Конституциясы жасалды. Қазақстан халқының тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды.
Балалар үлкендер тарапынан қамқорлық пен көмек алуға құқылы. Олар отбасында, бақыт пен сүйіспеншілік, түсіністік аясында өмір сүруге құқылы. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі ұлтаралық қарым – қатынас тілі.
ІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Президент.
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады. Үкімет құрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау үшін халық атынан сөйлейді.
Қазақстан Конституциясында елдің президенті болып 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын адам сайлана алады деп көрсетеді.
ІІІ топ. Мәтінді оқу, талдау, түсіндіру, дәлелдеу.
Парламент. Үкімет.
Қазақстан Республикадағы заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Ол екі палатадан, яғни құрамдас бөліктен тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады.
Президенттің Жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады.
Үкіметті Премьер – Министр басқарады. Осы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Үкімет құрамына Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Қаржы, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т. б министрліктері кіреді.
Салалық министрліктерді министрлер басқарады. Олар – Үкімет мүшелері. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс қабілеті жоспарын жасайды.
1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс:
"Менің Отаным" тақырыбына эссе жазу.
Дарынды оқушыларға қосымша "Отан" туралы өлең шығару.
Төмен оқитын оқушыларға карточкамен жұмыс.
Сөйлемді жалғастыру. /төмен оқитын оқушылар/
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан ----
2. Қазақ тілі -...
3. Үкіметті...
4. Министрлікті министр...