Мұғалімнің түсіндірмесі :
1. Шежіре туралы не білесіңдер?
Шежіре дегеніміз – бір атадан тараған ұрпақты таратып айту. Мысалы: ата-бала-немере- шөбере-шөпшек-немене-туажат.
2. Жүзге немесе руға бөліну туралы не айтасыңдар?
Қазақ халқы өзінің руына, қай жерге қоныстануына байланысты үш жүзге бөлінген. Ұлы жүз – Төле би, Орта жүз – Қазыбек би, Кіші жүз - Әйтеке би басқарған.
3. Кімнің нағашысы бар? Ол қандай туыс?
4. Жиен қандай туыс?
Үйге қандай тапсырма берілді?
«Туған-туысқандар», «Отбасы туралы» шығарма, Қазақта туыстық қатынастарлы 3 жұртқа, топқа бөліп айтады.
I топ – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты.
II топ – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.
III топ - әйелі мен күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.
Енді топ басшыларының өздерін тыңдап көрейік.
I топ. Біреу әкеге тартып туады,
Біреу әкеден артып туады.
II топ. Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала солардан.
III топ. Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.
Оқушылар, біздер жылжымалы вагондар арқылы саяхаттарға шығамыз.
1-саяхат. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» сратегиясы бойынша.
Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атауларды атаңдар.
I топ. Туыстық атулар туралы түсінік береді.
II топ. Нағашы жұртының атаулары.
III топ. Қайын жұртының атаулары.
2-саяхат. «Бағытталған оқу сратегиясын» тыңдау, «Өз ойыңды жеткіз» ойыны.
I топ. «Өз жұрты» туралы.
II топ. «Нағашы жұрты» туралы.
III топ. «Қайын жұрты» туралы.
Оқулықпен жұмыс.
3-саяхат. «Ой толғаныс» стратегиясы бойынша шығармашылық тапсырма.
I топ. Үлкендердің алдында қандай әдеп сақтау керек?
II топ. Кішілерге қандай ізет көрсетер едің?
III топ. Үлкендерді құрметтеуге байланысты қандай тыйымдарды білесің?
4-саяхат. «Демалыс саяхаты». «Біз әдептілік туралы не білеміз?». Жаңа сабақты түсіндіру.
5-саяхат. «Қызығушылығын ояту». «Ребус шешу».
Ат. Қасық, торғай инелік, қылыш, сағат, ң алма, доп асық ң ай сандық қолғап кесе көбелек тырма.
Бүгінгі жаңа тақырып: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».
Оқушыларға топтық тапсырма беремін.
I топ. Венн көрсетуі. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс.
Ата-ана Бала
II топ. Қазақ халқының сәлемдесуі туралы не білесіңдер?
III топ. «Ата-анаға көмекші», «Ата-анаға басшы» деген ұғымдарды талдаңдар.
|