Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ауыл байлығы
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Ауыл байлығы жайында түсінік. Ауылдағы негізгі байлық—Жер-ана . Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң» деп бекер айтпаған.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
- Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені. Ана әлдиі алтын бесік, алғашқы қадам әр адамның аяулы қымбаттысы. Сондықтан ет пен сүйектен жаратылған жаратылыстың барлық иелері өз ауылын сүйетіні сөзсіз. Дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Ауыл - халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі.
«Туған жер - алтын бесік» ал, өзін аялап тербеткен бесігін сыйламаған, құрметтемеген, оны қозғамаған жаннан ем жақсылық күтуге болмайды. Туған жердің тарихын білмеу де ұят. Бүгін біз туған ауылымыз «Қазалы» ауылы жайлы ой тебірентпекпіз.
«Ауылым» әні (ойналады).
Ауыл айшықтары
Қолдары бүгін ұзарып,
Еншісіне тиді жер.
Жер кіндігі – мол байлық,
Тұрмыстарын түзетер.
Ауыл шаруашылығы еңбегі жаңаша құрылды. Фермерлер немесе шаруа қожалықтары деп аталды. Бұрын бар мәселені басшы шешетін еді. Қазір әркім өзі шешуге құқы алды. Отбасы мердігерлері жаңа табысқа жетуде. Кәсіпкерлер, бизнесмендер пайда болды.
Енді болашақ журналистеріміздің сұрағы:
- Ауылымыздың кәсіпкерлері туралы білеміз бе?
- Ауылымыздың қазіргі жағдайы мен бұрынғы жағдайы қандай?
- Ауылды құру үшін қандай қиыншылықтар кездесті?
- Болашақ ауыл қандай болса екен деп ойлайсыз?
Ауылымның келешегі менің болашағым!
Сен ауылың үшін не істер едің?
1. Егер сен әкім болсаң...
2. Сен дәрігер болсаң. ...
3. Сен кәсіпкер болсаң. ...
4. Сен бай болсаң. ...
5. Сен фермер болсаң. ...өз ой-пікірлерін тыңдау. Жазып келген шығарма, әңгіме, өлеңдерін оқыту.
Сәнім «Ауыл» әңгіме.
Оңталап «Өлең»
Ғарифолла «Өлең»
Ән - шашу. Әдеби сазды бағдарлама
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
Тақпақтар: Перизат, Альбина, Сәнім, Айдос, Назерке, Дамир, Оңталап, Ислам, Нұржан.
1. «Ауылым» әні Ғарифолланың орындауында
2. «Күй» Нұржанның орындауында
3. «Солдат болам мен ертең» Амантай, Нұрсұлтан, Ислам
4. «Қошақаным» әні Аян, Дамир
5. «Қара жорға» би. Бір топ оқушылар
|
|
Сергіту сәті
|
Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.
|
|
Ой толғаныс
|
Венн диаграммасын толтыр.
Аурухана --------------------- Ортақ қасиеті --------------------------- Кітапхана
Басты идеясын жаз:
Аурухана мен кітапхана екеуі де – мекеме.
Теориясы «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус құрастыр)
Суреттердің бас әріптерінен сөз құра.
|
|
Үйге тапсырма
|
«Ауыл» тақырыбын мәнерлеп, түсініп оқу. Ауыл көрінісіне сурет салу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: интерактивный тақта
|
|
Психологиялық ахуал
|
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі: Ауылды жерлердегі жеке шаруашылыққа үкімет тарапынан көмек көрсетілуде . Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін шет елдерден қарызға қаржы алып тұрады . Сол қаржы шағын шаруаларды көтеруге жұмсалуда . Шағын шаруа иелеріне үкімет қарыза ақша береді . Шаруашылықтар ол ақшаға керекті құрал – жабдықтар мен қажетті заттарды сатып алып , өз жұмыстарын жолға қояды .
- Ауыл - халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі.
«Туған жер - алтын бесік» ал, өзін аялап тербеткен бесігін сыйламаған, құрметтемеген, оны қозғамаған жаннан ем жақсылық күтуге болмайды. Туған жердің тарихын білмеу де ұят. Бүгін біз туған ауылымыз «Қазалы» ауылы жайлы ой тебірентпекпіз.
|
|
Сергіту сәті
|
Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
|
|
Ой толғаныс
|
Суреттерден сөз құрау .
|
|
Үйге тапсырма
|
«Ауыл» тақырыбын мәнерлеп, түсініп оқу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мектеп пен өндіріс орнының байланысы
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация
|
|
Психологиялық ахуал
|
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.
Сөзжұмбақты шешу.
ТУҒАН ЕЛ ОТАН
1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)
2. Киіз үй жабдығы (уық)
3. Аспан әлемі (ғарыш)
4. Ардақты адам (ана)
5. Ас атасы (нан)
6. Мықты ағаш (емен)
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Қалың ағаш өсетін нулы жер(орман)
9. Орман емшісі (тоқылдақ)
10. Қазақстанның астанасы (Астана)
11. Көктем айы (наурыз)
Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.
Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.
- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.
Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.
Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.
«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу.
Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр.
1. елім,
2. жерім,
3. жайқалған,
4. жасарған,
5. жайған,
6.Қазақстаным!
Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.
|
|
Сергіту сәті
|
Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.
|
|
Ой толғаныс
|
Дәптермен жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.
Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу.
Бақылау күнделігіндегі тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау .
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |