Мұғалімнің түсіндірмесі:
Бүгінгі сабағының тақырыбы: «Дала заңының ережелері және бүгінгі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет» деп аталады. Бұл тақырыпқа тоқтап отырған себебіміз: өзделерін білесіндер – Тәуелсіз ел болғандықтан өз заңдарымыз бар, құқықтық мемлекет деп өзімізді жариялататын әр адам Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің тым болмаса ең негізгі құқықтарымен міндеттерін білуге тиіс. Осы мәселеге мемлекет қазіргі кезде назарын аударып отыр. Алдағы апталық та құқықтық тәрбие арналып отыр.
Адам арасындағы қарым – қатынастарды құқық заң арқылы реттеу бүгін пайда болған жоқ, ол ежелден қалыптасып келді. Сондықтан бүгінгі сабағымыз 2 бөлімнен тұрады.
І бөлімде – 7 сынып оқушылар бізден ата – бабаларымыз құрастырылған дала заңының ережелері тарулы қысқаша мағлұмат жасайды; ІІ бөлімде 9 сынып оқушылары бүгінгі ҚР азаматтарының Конституцияда аталатын негізгі құқықтарын, бостандықтарын сипаттайды.
Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі сақ, үйсін, қаңлы кездерінен басталады.
VІ ғ. Қазақстан территориясындағы өмір сүрген Түрік қағанатында «төру» деген жазба заңдары болған.
VІІІ ғ. бері исламның құқықтық нормалары түркі халықтарының саяси, құқықтық өміріне тез сінді және осы уақытқа дейін пайдаланып келді.
1206 ж. – жерімізде «Шыңғыс ханның жасасы» деген заңдар жинағы саяси, әлеуметтік – экономикалық қатынастарды реттеді.
ХV ғ. ортасында Қазақ хандығы құрылған соң, Қасым хан тұсында бірінші рет құқықтық нормалар жүйеге келтірілді.
Ол ғасырлар бойы кележатқан ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес Қазақ мемлекеттің жағдайына бейімделіп жасалды – «Қасымханның қасқа жолы» деп аталады. Бұл заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды: І бөлімде-мал, мүлік, жерге байланысты қатынастар реттеледі; ІІ бөлімде – түрлі қылмыстар, жазалар туралы; ІІІ бөлім-әскери тәртіпке арналған; ІV бөлім-елшілік туралы; V бөлімінде-аруақтарға ас беру, той-думан, т.б. шаралар өткізу тәртібі туралы айтылған.
Қасым ханнан кейін Есім хан құқықтық жүйені дамытты. Ол әскери тәртіпті күшейтті, басқа баптары өзгерген жоқ. сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген оған ат берді.
Қазақ қоғамына құқықтық өмір арнасы «Малы-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»-деген ұлағатты сөзбен айшықталған. Кез келген құқықтық құбылыс пен оқиа, талас-тартыс пен дау-дамай осы принцип негізінде қаралып, халықтың ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген. Қазақ елдің елдігін, кеменгер кеңдігін сөз арқылы жеткізіп, сөзге тұрған халық. Ойға қонымды сұлу да көркем, нақышты да нұсқалы сөздердің иелері-шешен – билер болған.
Жүргізуші: 1456 жылдан бастап дербес қазақ хандығының құрылуы халықтың саяси-әлеуметтік өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Еліміздің құқық пен қазылық тарихында қазаққа жол көрсетіп, заң шығарып өрнек салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»-ел басқару ісінің негізгі заңдары өмірге келіп, оның талаптары халық мүддесіне сай болғандықтан, іске асып жатты. Оны одан әрі жетілдірген Тәуке хан мен Төле би бастаған үш бидің жобасы-әділетті заң ретінде тарихта қалған, қазақ халқының алғашқы «Далалық конституциясы»-атақты «Жеті жарғы». Заңда бұрыңғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді, алынатын құнның, айыптың көлемі көрсетілді. Әлділер кедей туыстарын уақытша пайдалануға аманат мал, сауын беруге, табиғат апатынан (жұт, құрғақшылық) зардап шеккендерге көмек «жылу көрсетуге міндеті болды». Заңды шығарушылардың шешендік сөздері мен әділ үкімдерінің үлгілері халық жанында мәңгілік сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Енді «Жеті жарғы» заңында не айтады екен, оқушыларды тыңдайық.
|