Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қатырма қағаздан тұрмыстық бұйымдар құру (сандық,кебеже)
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
1. Қазақ халқының ұлттық бұйымдары жайлы түсінік беру. Киіз үй жиһаздары асадал мен кебеженің пайдасы жайлы білімді қалыптастыру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ой өрісін ойын элементтері арқылы дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
1. Жүкаяқ қанша бөліктен тұрады?
Жауабы: Алдыңғы және жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4 - 5 шабақ ағаш және тіреуіштер.
2. Сандықтың неше түрі бар?
Жауабы: Абажа, әбдіре, қобдиша
3. Жүкаяқ қанша түрлерге бөлінеді?
Жауабы: Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.
4. Жүкаяқты қандай мақсатта қолданады?
Жауабы: Қайқы бас жүкаяққа төсек - орын жинайды. Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады.
5. Шеберлер жүкаяқ бетін қалай әшекейлейді?
Жауабы: Жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді.
6. Адалбақан дегеніміз не?
Жауабы: Киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйде құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.
|
Мағынаны тану
|
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгереді.
- Бүгінгі сабағымызда дұрыс жауап берген оқушыларды осы киіз үймен бағалайтын боламыз.
- Ал енді балалар «Ойлан тап!» ойыны бойынша ребусты шешіп көрейік
Жаңа сабақ: (теориялық мәлімет, ауызекі түсіндіру)
Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық - түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады.
Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан - жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді.
Кебеже бетін өрнектелген сүйекпен жапсырмалағанда көбіне «жыланкөз», «сынық сызық», «қос белбеу» сияқты өрнектерді пайдаланады.
«Асадал» - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс – аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды.
Қазіргі заманда ыдыс – аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
1. Асадалмен кебеженің тұрмыста атқаратын қызметі қандай?
Асадал
Кебеже
2. Кебеженің сандықтан қандай айырмашылығы бар?
|
Үй тапсырмасы
|
Жұмысты аяқтау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Өздік жұмыс. Моншақ пен матадан аппликация
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Мақсаты: Оқушыларға ұсақ моншақтардан панно жасатып үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: моншақтардан жасалған әр түрлі бұйымдар.
Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті ұсақ моншақтар, көбелек, жапырақ, жұлдызша бейнелі пайеткалар, қатты қағаз, қарындаш, ПВА желімі, ағылшын түйреуіші.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
Ұсақ моншақтарды алқа, сырғалар жасап, әр түрлі киімдерді безендіруге қолданады. Сондай-ақ өзімізге ұнайтын кез келген суретті алып, панно жасауға болады.
|
Мағынаны тану
|
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті:
1.Ең алдымен қатты қағаз бетіне қарындашпен себеттегі гүлдің суретін саламыз.
2.Суреттің бетіне қылқаламмен жіңішкелеп желім жағып, кеппей тұрып үстіне ұсақ моншақтарды жапсырамыз. Себетті аяқтаған соң, гүлдерді безендіреміз.
3. Гүл мен себетті безендіріп болғаннан кейін панноға көбелек, жұлдызша, жапырақ бейнелі пайеткаларды жапсырамыз.
4.Дайын панноға жақтау жасап, оны әшекейлейміз.
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Өздерің қандай гүлді ұнатасыңдар?
Желімді не үшін жіңішкелеп жағамыз?
|
Үй тапсырмасы
|
Моншақ жасау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Шығармашылық жұмыс Көрме Мата мен моншақтардан аппликация жасау.
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Мақсаты: Мата мен моншақтардан аппликация жасауды үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: мата мен моншақтардан жасалған әр түрлі аппликациялар.
Қажетті материалдар мен құралдар: әр түрлі мата қиындылары, жіп, моншақ, таспа, ПВА желімі.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Аппликация – негізтүске әр алуан бөлшектерді желімдеу немесе тігу арқылы орындалатын өрнек не сурет. Негізтүс үшін көбінесе қатты материал таңдап алынады. Сонымен қатар негізтүс пен оған желімделетін бөлшектердің түсі бір-бірімен үйлесімді болу керектігін ұмытпау керек.
|
Мағынаны тану
|
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау.
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Аппликация дегеніміз не?
Аппликация жасау үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?
Жасаған аппликацияларыңа қандай атау берер едіңдер?
|
Үй тапсырмасы
|
Көрме ұйымдастыру
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |