Еңбек
|
Уақыты: 10.01.15 ж
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қатырма қағаз туралы мағлұмат
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан бұйымдар жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту;
3. ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
-Мына заттар неден жасалған деп ойлайсыңдар?
|
Мағынаны тану
|
Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей
2 Сұрақ-жауап Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?
|
Үй тапсырмасы
|
Қатырма қағаздан бұйым жасау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|