Сабақтың атауы Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау. ЭҚсн ресурстарды үнемдеу



Дата10.06.2017
өлшемі77,51 Kb.
#18627
түріСабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім



Сабақтың атауы

Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау. ЭҚСН Ресурстарды үнемдеу

Білімділік:  Оқушыларға ауа мен ауаның қасиеттерімен таныстыру.Алған білімді жүйелеп, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, сөйлеу және таным қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс  істеуге, қоршаған ортанры қорғауға үйрету арқылы экологоиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақзерттеу сабақ

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі:  презентация, видеоролик, сөзжұмбақтар, тапсырма парағы, стикер, шар


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару.        

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,       

                     Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                     Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,          

                    Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

 - «Тілшілер» тобы  -«Экологтар» тобы - «Ғалымдар» тобы


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі




Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Есіңе түсір:    Судың  күйлерің еске түсіріп  жаз.

  • Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Ол өзен-көл, бұлақ, мұздықтарда және жер астында кездеседі.

Есіңе түсір:  Судың  қасиеттерін жаз.

Су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.

 Табиғаттағы су айналымның нобайын сыз:

       Су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Жылға,өзен, көлдер бетінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Сосын жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғатта су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы деп атайды.



Жаңа сабақ

Көрінбейтін сиқыршы әңгімесі 
    Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар.Онымен әркім әркез кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің де, бірақ маңайда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшеде жүріп бара жатсаң,жапырақтың жұлынып түсіп, жоғарылай жөнелгенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршы алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмейсің де.Күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды. 
-Бұл не? -Ауа 
-Олай болса, канеки, кім осы ауа туралы не біледі?

Ауа- мөлдір, түссіз, иіссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ.



  • Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы айтқандарыңмен сабақтасады. Тақтаға назар аударайық, балалар!

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ауа –Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

  • Ал, балалар, ауа көзге көрінбейді. Бірақ айналада бар екенін білеміз. Мысалы: өздерің білетін сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Оның иісі де, түсі де, салмағы да, пішіні де  болмайды.Ауа-газдардың қоспасы. Қандай газдардың қоспасы екенін білу үшін бәріміз экранға назар аударайық.

  • Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратындығын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ яғни азот 78 %  оттегі 21 %  көмірқышқыл газы 1%.

  • Дәптерлеріңді көтеріңдер, арғы жағындағыны көресіңдер ме?

  • Жоқ

  • Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

  • Иә

  • Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

  • Ауа мөлдір.Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел.Таза ауаның иісі жоқ.Ауа иіссіз.

  • Шарды алайық. Оны қолымызбен қысып көрейік, бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі аа сығылады. Қолымызды жіберсек, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған-ауа. Сонда ауа серпімді және сығылады.

 Тапсырма

Сілтемені пайдаланып ,жазуды толықтыр

                                                                            Азот -  %

                                                                Оттегі - %

                                                                 Көмірқышқыл газдары - %

 Жердің ауа қабатын  Атмосфера деп атайды.

 Оқулықпен жұмыс



Әр топ оқушыларына тізбектей оқыту.

Ауаның ластану себептері:



  1. Түрлі қалдықтар (зауыттар мен фабрикалардан ауаны ластайтын әр түрлі қалдықтар шығарылуы)

  2. Орманды кесу ( мақал сұрау.)

  3. Улы газдар (көліктен шыққан түтіндер)

  4. Радиация (1840 жылы Семей жеріне ғарыштан құлаған қалдық)

      Еліміздің әрбәр азаматы ауаны қорғауға міндетті екенін есте ұстауы керек.Сондықтан да ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін жасыл желектердің тұрақты отырғызылуын, сақталуын қадағалау керек.

     Қоқысты, көліктің ескі дөңгелектерін, полиэтиленнен жасалған қапшықтарды бей-берекет өртеуге болмайды. Отқа жағылғанда олар улы газ бөліп шығарады.Сондықтавн да, балалар, сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек. Ауаны ластама!




Ой толғаныс

Мына әріптерден қандай сөз шығады?

         Ітоп -  «Тілшілер» денсаулық министріне  хат жазу

         ІІ топ-  «Экологтар»-ауаны ластаушы себебтер.

        ІІІ топ- «Ғалымдар» ауаны қалай қорғауға болады?


 ЭҚСН Ресурстарды үнемдеу

- Отбасы қаражатын үнемдеп, баланың болашақтағы оқуына қаржы жинау керек.


- Отбасы қаражатын үнемдеп, алдымен ең маңызды заттарды алуға жұмсау керектігін, қартайғанда ата-анаңызды бағып, солардың қажетіне жұмсау керек.
Шығармашылық тапсырма.
Берілген тапсырманы оқи отырып, көз алдарыңызға не елестеді, қандай ой түйдіңіздер?
Қане, көзімізді жұма қояйық. Енді көз алдарыңа елестетіңіздер, сенің ата-анаң 70-80 жасқа келді.

- Оған не қажет? Оның денсаулығы қандай?

- Сен ересек болдың, ержеттің. Сен оған қандай көмек берер едің? 
Оны емдету үшін не керек, балалар?

- Керек – жарақтарыңды алғаннан кейін қалған ақшаны не істеу керек? 



Үнемдеу дегеніміз – шаруашылықты ұқыпты жүргізу.
Жақсы, балалар, енді әрқашанда ақшаларымызды үнемдеп жүретін боламыз. Ақшаны босқа шашпаймыз.

Топпен жұмыстану.
Оған көмек қажет. Оның денсаулығы нашарлайды. Мен оны емдеймін, көмегімді аямаймын.
Емдету үшін маған ақша керек. Ақша болу үшін еңбек ету қажет. Артық ақша қалса, оны үнемдеп жинаймын. 
Отбасы бюджеті сөзін топтастыру. 
-Отбасы бюджетінде жалпы қандай кірістер кіреді? /Оқушылар айтады, мұғалім тақтаға жазады/ 
Зейнетақы  Жәрдемақы 

Әлеуметтік көмек еңбекақы шәкіртақы



Сергіту сәті
/Кірісті айтқанда – қолымызды шапалақтаймыз, шығынды айтқанда – аяғымызды топырлатамыз/
Еңбекақы, театрға бару, шәкіртақы, зейнетақы, ойыншық, әлеуметтік көмек, азық-түлік, т.б.
Топтық жұмыс.
Қане, балалар, енді сендер өз отбасының кіріс мен шығынын есептеңдер. 
Әкенің, ананың, студент баланың кірістерін есептеу. Жалпы отбасына кіретін қаражатты есептеп айту. 

Топ болып отбасынан газға, суға, жарыққа, телефонға, азық-түлікке кететін шығындарды есептеп, кірістен алып тастау. /Есептеп шығын суммасынан азайту/


Анализ жасау:
Сонымен , балалар, айлық кіріс көп пе, әлде шығын көп пе?
Егер шығын кірістен көп болса, не істеу керек?
Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, не істеу керек? 
Әр топ өз отбасында не басым соны айтады. 
Шығын кірістен көп болса, үнемдеу керекпіз.
Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, оны жинақтау керек.
-Балалар, бізде қазір экономикамызда қандай өзгерістер болып жатыр?

- Иә, дұрыс-ақ. 1 доллор теңгемен 300 болып еді, 350 ге көтерілді, 1 рубль 5 теңге болып еді, 7 теңгеге көтеріліп кетті. Сондықтан, азық-түлік, киім, оқу құралдары қымбаттады. Отбасында да шығындар көбейеді. Сол үшін үйге келген кірісті үнемдеу керек. Сол сияқты, балалар, мектеп сендердің екінші үйлерің. Мектеп бюджетін қалай үнемдеуге болады? 


- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Себебі, отбасына сияқты мектепке ай сайын қаражат бөлініп тұрмайды. 
-Доллор, рубль өсіп жатыр. 

Мектептегі мүліктерді сындырмай, суды босқа ағызбай, жарықты сөндіріп үнемдеу керек.
Өткен тақырыпты қорытындыла

БББ кестесі



Білем

Білдім

Білгім келеді













Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет