Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет80/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өнерлі жігіт

Мақсаты

а) Оқушыларға Әбу Насыр әл Фараби туралы түсінік беру,

әңгімемен таныстыру

ә) Өздік жұмысын орындау арқылы оқушының ой-өрісін

дамыту


б) Оқушыларды өнерсүйгіштікке ,бірізділікке,

адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі :оқулық, әл-Фараби суреті, нақыл сөздер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан «Тарту» өлеңін жатқа сұрап, сұрақтар

қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. -Абай Құнанбаев деген кім?

- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Ахмет Байтұрсынов кім?Оның қандай өлеңімен таныстық?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар,бүгін біз сендермен «Өнерлі жігіт »әңгімесін және өз бетінше жұмыс жасаймыз.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ:-Бұрын соңды әл-Фараби деген кісіні естігендерің бар ма?Ол кім болған, білеміз бе? Әл Фараби суретін көрсетіп таныстыру, «Өнерлі жігіт» әңгімесін оқып, түсіндіріп талдап беру.Оқушылардың оқулықпен жұмысы.Әңгімені тізбектей оқу.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

131-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қойыңдар.



Сұлу күн

От шашып қызыл жібек маңайына,

Нұр төгіп көкжиектің маңдайына,

Түсіріп шымылдығын бір заманда,

Күн сұлу кіріп кетті сарайына.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

132-жаттығу. Үлгі бойынша жазыңдар.

Күрең ат, қызыл сиыр, ала бұзау, ақ лақ.



VII.Бекіту кезеңі. 1. Әл – Фараби кім?

2.Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетеді?



Үйге тапсырма

Оқу 146 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Мақсаты

а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы

түсінік беру.

ә) Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ой-өрісін

дамыту.


б) Домалақ ана өлеңін оқу,талдау арқылы ананы сүюге

құрметтеуге тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, үйректің суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Өнерлі жігіт» әңгімесі туралы

кім не айтады?-Өнерлі жігіт деген қандай жігіт?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Өнерлі жігіт» әңгімесін пысықтап, талдау.- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

IV. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?

Бір, екі, үш бұлар нені білдіреді?-санды. Мысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мұғалім түсіндіруі

Қанша? Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, жүз, екінші, елуінші.

Дәптермен жұмыс.

133-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

Біздің сыныпта жиырма бір оқушы бар. Сыныпта он екі парта тұр. Әр партада екі бала отырады.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

135-жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрау.

VI.Бекіту кезеңі. Сан есім дегеніміз не?-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап

беретін сөздерге мысал келтіру.




Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу 149 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет