Сабақтың атауы: Білімді мыңды жығар. Мақсатты



Дата25.06.2017
өлшемі0,62 Mb.
#20026
түріСабақ

Білімді мыңды жығар (Интеллектуалды ойын)



Сабақтың атауы: Білімді мыңды жығар.

Мақсатты:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.


Ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.


Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу


Көрнекіліктер: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану , математика, қазақ тілі, әдебиет

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.

Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын бастаймыз.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойын 5 - айналымнан тұрады.

Тапсырмалар

1. Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!»


2. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»
3. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»
4. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
5. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.
6. Қорытындылау.

Әділқазылар алқасын сайлау.

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.


Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.

І топ – «Алғырлар»



Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.

ІІ топ – «Тапқырлар»
Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»


«Амандасу рәсімі»

1. «Алғырлар» тобы


Сәлемдесу: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Алғырлар тобынан қарсылас топтарға сәлем!

2. «Тапқырлар» тобы


Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Тапқырлар тобынан қарсылас топтарға сәлім!

1 – айналым.


«Тездет, бірақ қателеспе!»
Топтарға 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3 – ке. Қатаң. Ұяң. Үнді)


2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: ( Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)

3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың несі деп аталады? (құны)


4) Судың неше күйі бар. (3 күйі бар)
5) 120 минутта неше бар? ( 2сағат)
7) Жұмбақ дегеніміз не? (Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі нешеге тең. (36)
9) Зат есім қандай сұраққа жауап береді.( Кім? не?)
10) Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасын не деп атаймыз?( Аңыз)

2 – айналым.


«Ұшқыр ой».
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Алғырлар» тобы. Атамекен.
«Тапқырлар» тобы. Болашақ.


Дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

3 – айналым.


«Ойлы болсаң, озып көр». Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Дүниетану.
- Қай құс жұмыртқа баспайды және өз атын қайталай береді?

(Көкек)

- Адамның ішкі мүшелерін ата? (ми, өкпе, жүрек, бауыр, қарын,

ішек, қуық)

- Тері қандай қызмет атқарады? ( түрлі жарақаттан, күюден, үсуден

қорғайды)

- Тыныс алу мүшелерін ата? (мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше)

Математика.
 Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің басында емес Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл)

 Жөке ағашының биіктігі 35 м, ал қарағайдың биіктігі 45 м. Қарағайға қарағанда жөке ағашы неше мерт аласа? (10 м)

 Шұбатты 4 литрден 3 бидонға құйды. Бидондарға барлығы неше литр шұбат құйылды? (12)
 Кәдінің массасы 2 кг. Кәдінің массасы қарбыздың массасынан 4 есе кем. Қарбыздың массасы қанша? (8)
Қазақ тілі.
 Мәтіннің неше түрі бар? Ата (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)

 Әңгімелеу мәтінің сұрақтары? (не істеді?)


 Хат сөйлеудің қай түріне жатады. (жазбаша)
 Бүгін менің туған күніме ағам күшік сыйлады. Күшік сондай әдемі. Төсі, маңдайы ақ, өзі қара, сондай сүйкімді. Бұл мәтінің қай түріне жатады? (сипаттау)
Ана – тілі.
 Ертегі нешеге бөлінеді? (шыншыл, қиял – ғажайып, жан - жануар)
 Сережа, оқушылар бүгін жаңа піскен нан жемейді... Қай мәтіннен? (Қатқан нан В.Сухомлинский)
 Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қай өлең? Авторы кім? Жатқа бір шумағын айт. (Үш бақытым. М. Мақатаев)
 Бостандық таңы атты өлеңде нелерден аулақ бол дейді? (өсек, өтірік, еріншек, жалқаулық, арамдық)

4 – айналым.



«Тапқыр болсаң, талас жоқ» Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Мақал – мәтел сайысы





  1. Жақсыдан қашпа, ..... (жаманға баспа)

  2. Ақыл озбайды ....(білім тозбайды)

  3. Қыс азығын ... (жаз жина)

  4. Еңбек түбі – береке... (көптің түбі – мереке)

  5. Шебердің қолы ортақ... (шешеннің сөзі ортақ)

  6. Ер бір рет өледі ... (қорқақ мың рет өледі)

  7. Шешен сөз бастар, ...(батыр қол бастар)

  8. Өнер – ағып жатқан бұлақ, ...(ғылым – жанып тұрған шырақ)

  9. Мектеп – кеме, ... (білім – теңіз)

10.Туған жердей жер болмас, ... (туған елдей ел болмас)

5 – айналым.



«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Жарнама жасау 10 ұпай.


«Алғырлар» тобы.
«Менің мектебім» жарнама

«Тапқырлар» тобы.
«Сүйікті оқулығым» жарнамалау.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.



Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді топ анықталады және марапатталады.


Білімді мыңды жығар

(Интеллектуалды ойын)





р\с



«Алғырлар»


«Тапқырлар»

1 айналым

«Тездет, бірақ қателеспе!»








2 айналым

«Ұшқыр ой»







3 айналым «Ойлы болсаң, озып көр»






4 айналым «Тапқыр болсаң, талас жоқ»






5 айналым «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»








барлығы












Сынып жетекшісі: М.М.Мухамедиева

Әдебиеттік оқу

32 сабақ



Күні: 26.10.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Туған ел» С.Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С.Сейфуллина өмірінен мәлімет беру. Туған ел өлеңнің оқыту барысында тақырыбы мен идеясын ашу. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру арқылы өзінше ой түюге баулу.
Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным түсініктерін сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту, тіл байлығын молайтып ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, байлығын қорғауға, елін халқын құрметтеуге, елжандыққа, әсемдікке жауапкершілікке тәрбиелеу. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, сызбалар, табиғи суреттері. Жылжымалы тақта.

Сабақ әдісі: СТО технологиясы, Сатылай кешенді талдау технологиясы.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.
I Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзімізді білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Оқушылар тез шеңберге тұрып бір – біріне сиқырлы таяқша беру арқылы сәттілік тілейді.

Топқа бөлу: оқушыларға әр түстегі ұшақ билетін беру арқылы, түс – түспен топқа бөлінеді. Билетте кезеңдер бойынша бағалау парағы көрсетілген
Топ жетекшіні таңдау және оған көк пилотка кигізу
II Үй тапсырмасын тексеру.
А) Үйге берілген тапсырма «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
Ә) Оқушыларға өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою


- Мұқағали Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған? ()
-
Д.Әбілевтің өлеңі не туралы? ()
- Екі өлеңнің ұқсатығы мен айырмашылығы неде? (
Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады.)
- «оты сөнген, от ал менен, жүрегімді суырып - ақ алыңдар» деген тіркестерді қалай түсінесің? ()



IІІ Өткен материалды бекіту:

- «Үш бақытым» нені айтып отыр екен? (халқын, тілін, Отанын)
- «Туған тілім» деп қай тіл туралы айтып отыр, біздің тіліміз қай тіл?
Өлеңнің негізгі ойын, идеясын бір сөйлеммен немесе мақалмен қорытындылап көріңдерші.
(Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте)



«Тілін білмеген

сөз жұмбақ шешу
IV Жаңа сабақ: - сонымен біздің шешкен сөзжұмбағымыз не туралы болды? (туған ел туралы айтылды)
- Бүгін біз С.Сейфуллин атамыздың «Туған ел» өлеңін өтеміз:

Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз.Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері 



.           

С.Сейфуллин (өмірімен таныстыру слайд арқылы)
Сәкен Сейфуллин – 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер «Асығып тез аттандық», «Далада», «Кел, жігіттер», т.б. әсерлі өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы, «Ақсақ киік», «Сыр сандық», т.б. тамаша жырлары мен «Аққудың айырылуы» атты символикалық көркем поэмасы бар.


V Оқулықпен жұмыс: «Туған ел» (68 бет)
- Мұғалімнің оқуы мәнерлеп;
- 2-3 оқушыға мәнерлеп оқыту;
- Мәтін бойынша сұрақтар:
А) Ақын туған даласын кімге теңейді? ()
Ә) Берілген суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр; ()
Б) Суретке зер сал; ()
В) Табиғат адамға не береді? ()



VI Дәптермен жұмыс: 
«Туған ел,Отан»  туралы 2-3 сөйлеммен эссе жазу.
VII Бекіту:


VIII Қорытынды:
- Ұлтымыз (қазақ)
- Тіліміз (қазақ тілі)
- Отанымыз (Қазақстан)
- Біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан Республикасында
- Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? (Астана қаласы)
- Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады? (24 жыл)
Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының  ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады. Ал,   енді,   балалар,   біз  әруақытта  табиғаттағы әрбір тіршілік   иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.

Үйге тапсырма:
1. «Туған ел» өлеңін жаттау.



Бағалау: Оқушылар өз – өздерін билеттегі бағалау парақшасы арқылы бағалайды

Рефлекция: С.Сейфуллин ағашына сабақта не білдім, нені білемін, не білгім келеді жапырақтарын жапсырады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет