Сабақтың атауы Біз осындай баламыз Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет3/3
Дата25.01.2017
өлшемі281,01 Kb.
#7904
түріСабақ
1   2   3

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Көңіл күйімізді басқара білейік

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: «Махаббат», « бақыт» адамгершілік құндылықтары туралы

түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: - жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру.

- өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін дамыту

- Ұстамдылыққа, сабырлыққа, ризашылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: әр түрлі көңіл күйді білдіретін суреттер.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас


Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.


Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі



Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Біздің көңіл күйіміз өзгеріп отырады, неліктен? Ол неге байланысты? (оқушыларды әңгімелету)

Әр түрлі көңіл-күйді білдіретін суреттермен жұмыс.

Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз туралы әңгімелесеміз.


Сергіту сәті

Ойын: «Менің көңіл күйім қандай?»

Ойынның шарты: ортаға бір бала шығып, өз көңіл күйін мимика, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып көрсетеді.

Оқушылардың алдына «қуанышты адам және ренішті адам» жазылған карточканы тастау.


Жаңа сабақ

а) кітаппен жұмыс

а) мәтінмен жұмыс

а) мұғ/нің оқуы, талдауы.

ә) оқушы/дың оқуы

- Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болды?

- Өздерің аңыздан қандай қортынды жасар едіңдер?

- «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

(Оқушыларды әңгімелету)



4. Жаңа ақпарат

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш, адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

- Жаңа ақпаратты оқушылармен бірге талдау.

5. Суретпен жұмыс

Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

- Балалар, біз адамның бет әлпетіне қарап, адамдардың жылы жүзді, жайдары, түсі суық, ренжулі, көңілді, ызбарлы, ызалы т.б. деп ажыратуға болады. Жақсы көтеріңкі көңіл күй адамға қуат береді. Әр түрлі жағдайларда адам өзін ұстай білу керек және ұстамды болу керек.

6. Дәптермен жұмыс

а) Дәйексөз

Өмір деген жарыста,

Шаттанғын,дос, қалыспа!

Дәптерде мынадай тапсырма берілген: (ребусты шешіңдер)

Дұрыс шешсеңдер, мақал шығады.

Мақалды дәптерге жазу: «Орынсыз ашу-от шашу»)

- Қалай түсінесіңдер?


Ой толғаныс

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай біліуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтып, өз көңіл күйі қандай екенін сыныптастары алдында жария етеді.



Мыс: Менің көңіл күйім көтеріңкі, өйткені жақсы көңіл күй қуаныш әкеледі.

Кері байланыс


Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет