Өткенді пысықтау үшін сұрақтар жазылады.
|
Балалар, жұмбақ шешейік!
Әлем – жәлем киінген, Көрерменді күлдірген. Ол кім? (Клоун)
Әр топтың басшысын клоундар деп есептейік. Олар бізге бүгінгі сабақты түсініп алуымызға көмектессін. Келісесіңдер ме?
«Кел, ойланайық!»
1.Сахнасы ортада тұр,
Көрермендер қоршап отыр (Цирк)
2. Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызады шыр айналып. (циркуль)
3. Сандарды жазу үшін пайдаланамыз. Ол не? (цифр)
|
Жұмбақты шешеді.
Топ басшылары клоун бас киімін киіп,
жұмбақ жасырады.
Топ мүшелері ойланып жұмбақты шешеді.
|
Қол шапалақ
Бағдаршам
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ц дыбысы мен әрпі»
Балалар, нені байқап отырсыңдар?
Цирк, циркуль, цифр деген сөздердегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық.
|