Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет24/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

-Мәтінен не білдіңдер? Мәтінде жер-су аттары қалай жазылған?

Суретпен жұмыс: 83 бет



Суретте не бейнеленген? 87 бет кесте толтыр

Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Елiмiздiң мемлекеттік рәмiздерi: Ту. Елтаңба. Гимн. Авторлар тобы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру.
2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге,Отанының патриоты болуына тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: түсінік беру, оқып-аудару, сұрақ-жауап,топтау
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сұрақтарға жауап беру 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл 
2. Қазақстан қандай мемлек 
3. Қазақстан халқының саны қанша ? 
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? 
5. Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды? 
6.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді? 
7. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар. 
8. Қазақстан жері неге бай 
9.
Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд)
- 4 маусым –қандай мереке күні? 
-1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. 
-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Қазақстан Республикасының рәміздері : Мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран 

2. Класс 3 топқа бөлінеді . Топтық жұмыс (слайд)
І топ «Мемлекеттік Ту» мәтінін, ІІ топ «Қазақстан Ресбупликасының Елтаңбасы» мәтінін, ІІІ топ «Қазақстан Республикасының Әнұраны» мәтінін алады. 
1. Тапсырма. Әр топ өз мәтінінің мазмұнын дайындайды. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп 
жазып, аударады. Әр түрлі сөз тіркестерін құрастырады.Тірек сызба арқылы мәтіннің мазмұнын айтып береді 
2.Тапсырма 
«Данышпан сандық» ойыны. 
Сандыққа әр топқа мәтін бойынша дайындаған сұрактарды жазып салады. Әр топ сол сұрақтарды сандықтан алып, жауабын береді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы


Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсет

Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов. 
Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді 
Шәмші Қалдаяқов Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері да сондай әсем.

- Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?


- Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
- Тудың авторы кім ?
- Ту неліктен көк түсті ?
- Туда нелер бейнеленген ?
- Елтаңбаның авторлары кім?
- Елтаңбада нелер бейнеленген?
- Әнұранның сөзін жазған кімдір?
- Әнұранның әнін жазған кім?
- «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» қашан тойланады?

Үйге тапсырма

Оқу,есте сақтау,жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет