Сабақ тақырыбы: 1979 жылғы Целиноград оқиғасы. Сабақ мақсаты



Дата28.07.2017
өлшемі33,92 Kb.
#22249
түріСабақ
Алматы қаласы

Жетісу ауданы № 177 ЖББ мектеп

Аджибекова Лаура Андасовна



Сыныбы: 11«Ә»

Сабақ тақырыбы: 1979 жылғы Целиноград оқиғасы.

Сабақ мақсаты:

  1. 1960-1980 жылдардағы Қазақстандағы саяси ахуал, орталықтың өктемдік әрекетіне жастар наразылығы, Целиноград оқиғасының барысы мен нәтижесі туралы түсінік беру.

  2. Ойын-танымын, тілдік қорын дамыту

  3. Ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.Патриоттық тәрбие беру.

Көрнектілігі:Карта, куб, үлестірмелі материалдар, қосымша әдебиеттер.

Сабақ әдісі: Интеактивті әдістер

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:Сабақты Әнұранмен бастау.

-Осы Әнұранның шығу тарихын кім біледі?

-Авторлары кім?

-Мемлекетіміздің әнұранына айналған бұл ән шығу тарихы туралы негізгі әсер еткен оқиға туралы бүгін сабағымызда танысамыз



ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Топтама №1

  1. 1954-1956 жылдағы тың жерлерді игеру

  2. Қазақстанның ауыл щаруашылығының жағдайы

Топтама №2

  1. Қазақ КСР жаңа конституциясы

  2. «Комунизм теориясы»

Топтама №3

  1. 1965 жылғы реформалар

  2. Қазақстанның экономикалық дамуы

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Мұғалімның түсіндіруі: 1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград деп өзгертілді.

Қазақстанның жеріне Волга бойындағы неміс автономиясы тартылғаннан кейін, көптеген немістер Қазақстанға қоныс аударды.1979 жылы КОКП ОК-ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім шығарылды.

Картамен жұмыс: Автономиялық облыс құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды.Жоспар бойынша автономиялық облыстың орталығы Ерейментау қаласында орналасқан болды.

1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына Қазақ жеріндегі неміс автономиясын құруға қарсы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!», «Қазақстан бөлінбейді» деген жазуы бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады.1979 жылы жастар алдына шыққан комитеттің төрағасы Жұмахметов пен облыстық комитеттің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай құрылмайтынына жастарды сендірді.

ІV Топпен жұмыс

1-топ Кубизм әдісі бойынша тапсырмаларын беру

2-топ Қосымша материал үлестіру

3-топ

4-топ

Тапсырмалар:

1.Целиноград оқиғасы және оның нәтижесі

2.ҚР әнұраны: шығу тарихы, ән ұран болып бекітілуі

3.Д.А.Қонаев

4. Желтоқсан оқиғасы

V Қорытынды

Үлестірмелі материал арқылы:



Ақмола 1994 жыл 6 маусым

Астана 1961 жыл 20 наурыз

Целиноград 1998 жыл 6 мамыр


1979 жыл 16 маусым Тәуелсіздік күні

1989 жыл 16 Желтоқсан Целиноград

Оқиғасы
1991 жыл 16 желтоқсан Желтоқсан

Оқиғасы



Целиноград оқиғасы: Желтоқсан оқиғасы:



VІ Білімдерін бақылау

VІІ Үйге тапсырма: Реферат жазу : «Д.А.Қонаев», «Орталықтың өктемдік әрекеті»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет