Сабақтың атауы Етістіктің шақтары



Дата21.07.2017
өлшемі161,77 Kb.
#21398
түріСабақ
31.01.17ж.

Пәннің аты:

әдебиеттік оқу

Уақыты:

09:55-те

Кабинет:

22 кабинет

Мұғалім:

Умбетова Ш.Ж.

Сабақтың атауы

Етістіктің шақтары

Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.


Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;


жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.

Мақсаты:
Күтілетін нәтиже:

Сабақтыңтүрі:

сұрақ - жауап, топпенжұмыс



Сабақтың типі:

жаңа білімді меңгерту

Ресурстар

суреттер, қимақағаздар, семантикалықкесте

Пәнаралықбайланыс:

дүниетану, өзін - өзітану

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасы

Әрбір адам? Туысым, досым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба?
-Үй тапсырмасына не берілді?
29-беттегі 5-жаттығу


Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушылар жауабы




Өткен сабақты қорытындылау

Жіктік жалғауы қай кезде жалғанады?

Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?



Оқушылар ережені еске түсіреді

Қызығушылығын ояту

- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
(Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады).
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы бар? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?(не істеді? не қылды? қайтты?)
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.



Оқушылар жауабы


Жаңа сабақ

Етістіктің шақтары

Дәптермен жұмыс

Бүгінгі күнді жазу.

Етістіктің шақтары.

Ққ әрпін көркем жазу.

Ққ дыбысынан басталатын сөздер жазу.



Мағынаны тану

- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең.
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Суретпен жұмыс.

Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.


1 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)



2 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады.


Етістіктің шақтары:



Оқушылар жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, сабаққа ерекше ынтамен кіріседі.



Топ ұйымдастыр

І-топ Осы шақ


ІІ-топӨткен шақ



ІІ-топ_Келер_шақ.'>ІІІ-топКелер шақ.




Топта біріге отырып, талқылайды. Талқылау барысында топта бір - бірін тыңдайды, ортақ шешімге келеді

Оқушылар құраған әңгімелері бойынша топтарына ат қояды.




Сергіту сәті

Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)


Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)

Оқушыларбойларын сергітіп алады

Табыс критерийі

Оқушының аты-жөні жазылған кестені беремін. Топ басшысы бағалайды

Оқушылар табыс критерийімен танысады

Оқулықпен жұмыс

1 – жаттығу жазбаша орындалады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызады.

Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер.
Марат Абайдың өлеңдер жинағын оқып отыр.
Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр.
Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.


Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттің мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды.
Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.



Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:
Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.



Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді

- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.

- Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Балалар, келесі сабақтарда етістіктің шақтарымен толық танысып өтеміз.


Топтық жұмыс





Ой толғау

2 - жаттығу.

Сөйлемдерден етістіктерді тауып, астын сызып, қай шақта тұрғандығын анықтау.
- Әр топтан сұралады.
3 - жаттығу. (Қима қағазбен жұмыс)

Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш шақта жазу.
Сөздер: ал, кел, қайт, биле, жат.
Осы шақ. Өткен шақ. Келер шақ.
Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру
.
4 - жаттығу.

Оқушылар мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, етістіктерің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.
І-топ: Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.
ІІ-топ: Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көпке жеткізер.

ІІІ-топ: Білім іздеген өсер,

Бүлік іздеген өшер.

Оқушылар бұл тапсырмаларды бірлесе орындайды, ауызша жауап береді.


Шығармашылық жұмыс


5 – жаттығу.

Сурет бойынша әр топ сөйлем құрастырып жазады, сөйлемдегі етістіктер қай шақта тұрғанын анықтайды.

Әр топ өз бетінше жұмыс жасайды.



Рефлексия

Семантикалық кестені толтыру



Мысалдар

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

1

Ол жазды







+

2

Сіз жазып отырсыз

+







3

Сұрақ қиын болды







+

4

Ол оқып келеді




+




5

Қар жауып тұр

+







6

Қыс суық болды







+

7

Ол келе жатыр




+




8

Кітап оқып отырмын

+







9

Ағам келе жатыр




+






Топтық жұмыс



Үйге тапсырма

31-беттегі 6-жаттығу

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топ басшысы бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс

-Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?

-Өз жұмысыңа көңілің тола ма?

- Бүгінгі сабақты қаншалықты түсіндіңіз?


Оқушылар жауаптарын стикерге жазып өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Түймекент орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Етістіктің шақтары»

Сыныбы: 4 «В»



ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Ш.Ж.

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет