(М.Дулатов, «Оян, қазақ»)
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.
Әрине, мұндай белсенділік, батылдық озбыр да өктем патша өкіметі назарына бірден ілігіп, қатты қысым көрді. Көптеген арыс азаматтар жауапқа тартылып, түрмеге жабылды. Елге «іріткі салуларына» қатаң тыйым салынды.
Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ ғасырдың оныншы жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңіне қатысты қозғалған өндірістік іс құжаттарын Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан ұшырастырдық.
Жалпы, жоғарыда аталған мемлекеттік мұрағат үйлерінде ұлтымыздың тарихына қатысты көптеген құнды материалдар қордаланған. Оған өткен жылдың жаз айларында Санкт-Петербург университетінің мұражайында болғанымызда көзіміз тіпті қаныға түсті. Сол зерттеу, іздену жұмыстарының нәтижесінде дүниеге келген, халқымыздың тұғырлы тұлғалары Ж.Ақбаев, Р.Мәрсеков, Ж.Сейдалин, т.б. жайындағы мұрағат материалдарына сүйеніп жазылған мақалалар шоғыры оқырман олжасына айналып үлгерді («Жақып Ақбаев: Санкт-Петербург беттері», «Ұлт жанашыры Райымбек Мәрсеков жайында», т.б.). Көзі қарақты қауым өкілдерінен лайықты бағасын алуда. Ал Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сырттанов, Айдархан Тұрлыбаев туралы материалдар зерттелу, нақтылану, басқа қосымша құжаттармен, дерек-дәйектермен нақтылану үстінде. Бұл еңбектердің басты ерекшелігі де сонда - бұлтартпас дерек-дәйектерге сүйене отырып жазылуында болып отыр.
Біз бүгін жоғарыда аталған "Оян, қазақ" өлеңіне қатысты құжаттар төңірегінде сөз өрбітпекпіз. Ол үшін М.Дулатов өміріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды болмақ.
М.Дулатов 1985 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, "Қызбел" колхозының жерінде туған.
Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей шағын шаруашылығы бар, көзі ашық адам болса керек. Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп үлгерген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол үрдіспен ал дегенде ауыл молдасына береді.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Ой толғаныс
|
Екі жақты күнделік
Менің ойым
Кітапта жазылған
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларымен жұмыс
|
Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Әдебиет
|
Мұғалім
|
Уақыты:
|
Кабинет
|
Сабақтың атауы
|
«Бақытсыз Жамал»- алғашқы қазақ романы
|
Мақсаты
|
«Бақытсыз Жамал»- алғашқы қазақ романы туралы түсінік
|
Көрнекілігі
|
Әдебиет оқулығы
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
|
М. Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – прозадағы шоқтығы биік жанр-роман жазуы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары новелла, хикая әңгімелер туып, дами бастады. Ал, осы саладағы көлемді туынды алғаш Міржақыптың қарымды қаламынан қанат қақты. Ол 1910 жыл Қазанда басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романы еді. Өз кезегінде Міржақып замандастары – зиялылар, ақын-жазушылар, сыншылар А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, К. Кемеңгеров, С. Сәдуақасов романды Әр қилы бағалағанымен, оның қазақ прозасындағы көлемді шығарма ретіндегі тұңғыштығына, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының табысы болып саналатындығына еш шек келтірмеген. Ендеше «Бақытсыз Жамал» – бүгінгі күнде қазақ әдебиетінде жетекші жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған шығарма.
А. Байтұрсынов 1914 жылы «Арысұлы» деген бүркеншік есіммен жазған «Роман не нәрсе?» деген мақаласында Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы» туралы «Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның «Бақытсыз Жамал» деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты…» – десе, С. Сәдуақасов: «Меніңше, Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы» да ескермеген ескі мұраның бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие алмаған қазақ қыздарының бірі. Оны бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…», – деп, романға замананың көкейкесті мәселесі арқау болып, өз кезеңіндегі ірі шығарманың бірі болғандығын нақты айтады.
|
Мағынаны тану
|
М. Дулатов роман желісіне қазақ өміріндегі ең бір әлеуметтік мәні зор мәселе – әйел теңсіздігін арқау еткен. ХХ ғасыр басындағы қазақ қыздарының теңдікке ұмтылуының әдебиетіміздегі маңдай алды тақырып болып табылуы тек қана әйел тағдыры емес, рухани теңдікке, бостандыққа ұмтылған қазақ ұлтының күрескерлік болмысын танытумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Бақытсыз Жамал» азаттық идеясын басты ұстанымға айналдырған роман болып табылады. Сондықтанда, қазақтың алғашқы романында Жамал тағдыры жалаң алынбай, қазақ өмірінің сан қыры әлеуметтік мәселелерімен көмкеріле, сабақтастырыла суреттелген. Романда өз тұсындағы реалистік өмір шындығы молынан көрініс тауып, рухы биік, бостандық сүйгіш жандар бейнесі сомдалған.
Романның бас кейіпкері – Жамал. Оның айналасын қоршаған қосалқы кейіпкерлер әкесі – жуас Сәрсенбай, шешесі – нәзік жанды, ақылды Шолпан, айттырған күйеуі «таз Жұман», дала шонжары, қатігез Байжан, сүйген жігіті Ғали.
Романдағы Жамал мен Ғали – екеуі де елге сүйкімді, бір-бірін тең тұтып, сүйіп қосылмақ болған жандар. Жамалды алып қашқан Ғали қаладағы саудагер татар қайырымды Патухулланы паналайды. Сенгенінен сенімді тірек көре алмай Ғали Жамалмен алыстағы нағашысына кетеді, сонда кенеттен ауырып өледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз қалған Жамал айналып келіп айттырған күйеуінің азабына түседі. Мың сан азап тартып, еріксіз қосылған күйеуінен тепкі көрген Жамал берік шешімге келіп, қыстың боранды күнінде қашып шығады. Езгіде өткен өмірден гөрі не еркіндікке жетуді, не өлімді жөн көреді. Қалың боранда адасып, қарлы далада үсіп өледі. Романға арқау болған оқиғалар желісі осындай.
|
Ой толғаныс
|
БББ кестесі
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларымен жұмыс
|
Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Достарыңызбен бөлісу: |