І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
2. Психологиялық дайындық. Бір - бірінің көңіл күйін біліп, тілек айту.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау.
1. Үй тапсырмасы бойынша деңгейлік тапсырмалар берілген соның орындалуын сұрайық.
І - деңгей. Жергілікті аймақтық компонентке байланысты Аякөз, Ақтоғай, Қопа, Таңсық туралы деректер жинап келу ұсынылған.
ІІ - деңгей. Туған жеріміз «Ақтоғай» туралы монологты аяқтау.
ІІІ - деңгей. Тарау тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер жинау.
Ортақ тапсырма: С. Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңін жаттап келу.
ІІІ. Өтілген сабаққа шолу.
1. - Балалар, біз қандай тарау бастадық?/ «Туған жерім – тұғырым, өскен елім өзегім.»/
2.- Тарау неге осы мақалмен аталған?-, дей келе жаңа тақырыпты үй тапсырмасымен байланыстыра отырып бастаймын. Жеке бала даярлаған қосымша тапсырманы бір оқушыға айтқызу. Онда «Таңсық» туралы айтқанда «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» туралы айтып кету. Ұлы ғалым Шоқан Уалихановтың «Қашқария» сапары кезінде біздің туған жерімізді басып өткендігіне де тоқталамын.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Қ. Аманжолов өмірбаянымен және еңбектерімен таныстыру./қосымша тапсырма ретінде алдын ала дайындалған материалдармен бір - екі оқушы тоқталады. Мұғалім міндетті түрде толықтайды./
2. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
3. Кітаппен жұмыс. Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқытқызып, тапсырма беремін. 1-ші топ. бірінші шумақты. 2 - ші топ: екінші шумақты. 3 - ші топ: үшінші шумақты оқып талдайды.
4. Өлеңнен ұйқас сөздерді тапқызып сөздік жұмысын жүргізу. Ұйқастарды дәптерге жазғызу. Ұйқас сөздер: тауға, балаға, далаға барыс септігінің жалғаулары жалғанған. Жер едің, бөледің, дер едім...
Сергіту сәті.
Ү. Бекіту. С. Торайғыров пен Қ. Аманжоловтың өлеңдерінің ұқсастығын табу.
«Туған еліме» ----------------------------------------«Туған жер»
С. Торайғыров ---------------------------------------- Қ. Аманжолов
↓
Жас балаға ұқсатады, қимайды, қадірлейді, сыйлайды, сағынады, еркелейді, жерінің байтақтығын мақтан тұтады, бар білімін аямай береді.
ҮІ. Қортынды бөлім.
Эссе жазу. «Туған жердің топырағы.»
Қыс кезі. Бүгін күн ерекше суық. Айнала аппақ қар. Ал менің алдымда бір уыс топырақ тұр. Мен осы бір уыс топыраққа қарап рахаттанамын. Өйткені, ол менің туған жерімнің топырағы.
О, шіркін, туған жер. Әр адамға ыстық қой, ыстық...../аяқтау./
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Ортақ тапсырма: Қ. Аманжолов. «Туған жер» өлеңін жаттау.
І - ІІ деңгей: Шығармашылық тапсырма: «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу., немесе өлең құрастыру.
ІІІ - деңгей. Осы тақырыпқа сурет салу.
|