Сұрақтармен жұмыс:
1. Қасым Аманжолов кім ? Өлеңді жатқа оқу.
2. Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады ?
3. Ақынның тағы қандай өлеңдерін білесіңдер ?
4. Өлеңнің үшінші шумағы арқылы сөзжұмбақта жасырынған сөзді табу.
Неткен байтақ, неткен 1 … 3… едің,
Нендей 5 … жүрегімді бөледің ?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
6 … жоқ бұл 2… 4… дер едім. Л И Р И К А
Жаттығу жасау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясында (өлеңінде) шоқтығы биік аса дарынды ақын. Оның өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдердің бірі – “Сүйемін, өскен Отаным !”
Мұқағали дауысы
Өлеңдерін оқыту
1.Әліппе 2.Үш бақытым 3.Отан туралы
“Сүйемін өскен Отаным”
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру. (Оқушыларға сатылап оқыту)
Сөздікпен жұмыс:
Ескегің – желін, самалын.
Сұлаған – созылып жатқан.
1.Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шығу.
Сүйемін: топырағын, тасын, кәрісін, жасын, кештерін, ескегін, жылқышыны, нөсерді, аспанын, жастарын, өзенін далаңды, балаңды, Отаным, жылыңды.
2.Ақын М.Мақатаев пен Қ.Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар ?
Қ.Аманжолов “Туған жер” М.Мақатаев “Сүйемін, өскен Отаным”
Мен өзіңдей байтақ едім, кең едім.
Сүйемін, өскен Отаным,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Жылысып өткен жылыңды.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Қарыздармын сондықтан,
Мен де аямай барым саған беремін.
Беремін талай жырымды.
Достарыңызбен бөлісу: |