Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған.
Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі.
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды.
Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы бөлтірік шешен:
Сөзден тәттә нәрсе жоқ,
Сөзден ащы нәрсе жоқ.
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды.
Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі.
Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған.
Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған.
Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан.
Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке,
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз.
Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды. Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған.
1. Мынау - ағаштың түбірі. Шешендіктің тамыры тереңде жатыр, Сонымен қандай шешендерді білесіңдер? ( Қазбек, Әйтеке, Майкы би, Төле би, Абай)
Абайдың шешендігін қалай дәлелдер едің? 45 қарасөзі арқылы.
2. Мынау - ағаштың діңі. Шешендіктің діңі мықты болу үшін:
* Адам сөйлемес бұрын тыңдаушысын біліп алу керек.
*Ортаға не үшін шыққаныңды білу керек.
*Сөйлейтін сөзіңнің тақырыбын білуің керек.
3. Шешен болу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?
1. тапқыр 2. тәрбиелі 3. өжет 4. ақылды 5. ақын т. б
4. а) Ақылды болу үшін не істеу керек?
Сабақты жақсы оқу.
ә) Қандай адам өжет болады?
Шыншыл
б) Тапқырлық көзі - іздену, әдеби кітаптарды көп оқу, үлкендермен көп әңгімелесу, көп тыңдау.
в) Тәрбиелі болу үшін не қажет? Ата - ана, ұстаздарды сыйлау, тәрбиесін алу. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау.
г) Ақын болу үшін? Ақын боп адам тууы мүмкін. Мұны тума талант дейді. Бірақ ұйқасын тауып талаптануға болады.
Міне, көз алдымыздағы кішкене қарағаш гүлденіп өсіп, үлкен бәйтерекке айналды. Сендер де осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер, өскенде үлкен азамат, ең бастысы нағыз адам боласыңдар.
- Я құдайым бала берсең дана бер деген екен бір данышпан. Сол сияқты ақылды, дана болып өсіңдер.
Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
1. Сиырдың сүті қай жерінде?(Сиырдың сүті тілінде) Не сипағанды білмейді? ( Сиыр сипағанды білмейді) Қандай бала сүйкімді? (Күлшелі бала сүйкімді)