Сабақтың атауы М. Мақатаев Сүйемін,өскен Отаным,Қазақстан. Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет67/67
Дата08.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#118715
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
1-2 тоқ САБЖ Әдебиет 4 (1)

Тексерілді: К.Г.Қабланбекова


Сабақ жоспары

Пәннің аты
Әдебиеттік оқу

Уақыты:22.12.2015ж.

Кабинет:№3
Сынып: 4 «А»

Мұғалім: Елеубаева П.Ж.

Сабақтың атауы

Ағаштар неге ашуланады?

Мақсаты


Күтілетін нәтиже



1.Білімділік: Оқушыларға тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.Ағаштардың қоршаған ортаға берер пайдасы туралы білімдерін тереңдету.
2 . Дамытушылық: Сын тұрғыдан ойлау бойынша міндетті оқиғаны талдап, салыстыру, болжау жасау арқылы өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
3 .Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы ағаштардың көбеюіне үлес қосу,қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсіл: сын тұрғыдан ойлау, салыстыру,дәлелдеу,анықтау,сұрақ-жауап.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту
Пән аралық байланыс: дүниетану
Көрнекілік: ақын портіреті, тақта,мақал-мәтелдер

Ұйымдастыру

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді кұрметте.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту





Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту

  • 1-бөлім: Жас шыбықтардың мүшкіл халі

  • 2-бөлім: Ашулы орман

  • 3-бөлім: Қайта жаңарған жас талдар

Ой толғау : Ағаштардың қоршаған ортаға пайдасы дәптерге эссе жазу.
VІ Шығармашылық тапсырма 2-ші флипчарт
Мақалдардың жалғасын тауып,мағынасын түсіндіру

  1. ............... еңбегімен озады,

.............езілумен тозады.

  1. ............ ертеңі бітпейді.

Ой толғаныс

«Бұл ,өте қызық!
Дүниедегі ең биік ағаш?
Ең биік ағаш “Секвоя”,Солтүстік- Америкада орналасқан ,биіктігі 110мерт жасы 3500жыл.



Үйге тапсырма

Мазмұндау,сурет салу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Тексерілді: К.Г.Қабланбекова

Сабақ жоспары

Пәннің аты

Уақыты:24.12.2015.

Кабинет:№3
Сынып: 4 «А»

Мұғалім: Елеубаева П.Ж.

Сабақтың атауы

М.Дүйсенов Мен қалай торғай болдым?

Мақсаты



Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, 
Дамытушылық мақсаты:Оқушының мәнерлеп оқуын түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта біліун шығарманы талдай алуын шығармашылықпен қабілетін дамыту 
жұмыс істеу қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік мақстаты:адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ. 
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. 

Психологиялық ахуал

Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой. 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме? 
Ү. Жаңа сабақ: бүгінгі сабақта Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың? 

Ой толғаныс

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Бала не болуды армандады?
Ол бір күні не тауып алды?
Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?
Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?
Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ондағы «Торғай» деген сөздің орнына «Бала» деген сөзді қойып жаз.
( « Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды») 
Бүгін не жайлы өттік? Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге? 

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Тексерілді: К.Г.Қабланбекова


Сабақ жоспары

Пәннің аты

Уақыты:28.12.2015.

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж.Әлмашев Алтын балық

Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі

Оқушыларды мәтінмен,мазмұнымен таныстыра отырып,негізгі ойды ұғындыру.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап,жеке топта жұмыс жасау.Көп ізденуге,дәлелді сөйлей білуге үйрету.Ата-ананы,үлкенді сыйлауға,жақсы көруге баулу.
Сабақтың түрі:
1.Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері:Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Психологиялық ахуал

Қайырлы таң,қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе?Амансызба?
Бәріміз күндей жарқырайық.
Бәріміз тату дос болайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын сұрау
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-М Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым»
мәтіні берілді.-
«Шіркін,егер мен... болсам» тақырыбына шағын эссе(арманыңды) жазу.
-Жазған армандарын 4-5 оқушыға оқыту.
-Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
Адам қалпында қалғысы келеді Торғай болғысы келеді
-Балалар, сіздер қалай ойлайсыздар?
-Өздеріңе Әділдің қайсысы жақсы, ұнамды,ұнамсыз мінезі әсер қалдырды?
-Сенің де торғай болғың келеме? Неге? 
-Олай болса балалар біз адам болып қалуымыз керек екен.
-Көрдіңдерме Әділдің анасы баласына нанады алып қойды.
-Мынаны Әділіме қояйыншы,-дейді.
-Анамызды ренжітпейік, қуантуға тырысайық.
-Бұл дүниеде балаға өз анасынан артық адам жоқ.
-Ендеше , балалар бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына байланысты . 
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешейік.
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ.
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не?(Балық)
-Балалар, дұрыс шештіңтер. Бүгін біз Ж.Әлмашевтің «Алтын балық» мәтінін оқимыз.
Балықтар- негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар.Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс,дем алады.Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.
Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда тіршілік етіп көбейеді.Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. 

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.
Түртіп алу жүиесімен жұмыс.
«Не тілесеңде орындайын, тек суға жіберші»-дейді.
-Ғажап қой ! Не тілесем екен......
-Сонымен , мәтінді тізбектеп оқимыз.
-Іштей оқимыз.
-Не түсіндік?
-Өз ойымызды ортаға салайық.
-Дұрыс, балалар мен сіздердің пікірлеріңізге толықтай қосыламын.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз , ойымызға ана туралы не келеді, әже туралы не келеді,соны айтып шығайықшы.

Ой толғаныс

 Ой қозғау . Топпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
5 жолды өлең құрастыру
1.Зат есім Кім? Не? 
2.Сын есім Қандай? Қай? 
3.Етістік Не істейді? 
4.4 сөзден құралған сөйлем
5.Тілек сөз
IV. Шығармашылық тапсырма
«Шөкі» туралы шағын эссе жазу.
Тірек сөздер: Мейірім,үйдегі тіршіліктің әсері,әке мінезі, қуаныш.

Қосымша

Балалар біз А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық»ертегісін білеміз.
-Енді бүгінгі біздің Шөкінің арманы мен балықшының кемпірінің арманын салыстырайықшы.
Қандай қорытындыға келдіңіздер?
Кемпір қанағатсыз болды.Бұл жерде «Барды бағалай алмаған,барынан айырылар»-деген асыл сөзден ғибрат алсақ болады.
Сөздікпен жұмыс
Дерт-ауру
Шетінеді-қайтыс болды
Төсек тартып ауыру-төсектен тұра алмай ауырып жату
Қолы жеңіл дәрігер-білгір дәрігер
Қуанышы қойнына сыймай-қатты қуанып 
Сабасына түсті-көңілі орнына түсті
Сұрақ- жауап
Кубизм стратегиясы
1.Әңгімеде басты кейіпкер кім?
2.Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді?
3.Шөкінің арманы не еді?
4.Баланың атын неліктен Шөкі қойған?
5. «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің?
6.Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледің?
Сонымен балалар,Шөкіге қандай мінездеме бересіздер? Шөкі-ақылды,сабырлы,үйдің тыныштығын тілеуші,сенімтал.
Тренинг «Алтын балыққа тілек»
Алдарында аквариум тұрады.
Әр бала өз тілектерін жазып салады



Күнделіктеріне жазып беремін

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктерін толтыру

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Тексерілді: К.Г.Қабланбекова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет