Мортық орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 29.01-05.02 аралығында “ Ана тілің - арың бұл” тақырыбында апталық өтті.
Мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне құштарлығын арттыру, елжанды ұрпақты қалыптастыру. Апталық салтанатты жиынмен ашылды. Жиын барысында көріністер көрсетілді. Әйгілі ақындардың өлеңдері оқылды. Жауапты мұғалімдер іс-шара жоспарымен таныстырды. Үзіліс кезінде “ Бауырсақ party” ойыны өтті. Аталмыш күні 15:30 5-6 сыныптар арасында “Лексика әлеміне саяхат “ саяхат-сабағы ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында сейсенбі күні үзілісте "Көңілді қоңырау" ойыны өтті.Балалар "Қара жорға", т.б.қазақша би билеп, бір- бірінің көңілін көтерді.Оқушылар әр әуенге мәнерлі қимылмен билегенін алға тартты.Белсенділерге тәтті сыйлықтар таратылды. Аталмыш күні 9-10 сынып оқушылары арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы өтті.Сайыс мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылық арттыру; оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін ояту.Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Авдикерим Бекарыс жеңіске жетті.Сайыс қызу тартысқа толы болды.Жауапты:Кабдылуахитова Г.Е.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында сәрсенбі күні үзілісте "Көңілді қоңырау" жалғасын тапты.Мұнда оқушыларға қызықты жұмбақтар жасырылды.Жауабын тапқандарға тәтті сыйлықтар үлестірілді.Ойын оқушылардың көңілінен шықты. Сабақтан тыс уақытта 5- сынып оқушылары арасында "Ана тілінің білгірі" жарысы өтті.Мақсаты: қазақ тілі пәніне қызығушылық арттыру, алған білімдерін ары қарай дамыту.Жарыс қызықты, әрі тартымды болды.Жауапты: практикант Өмірбек Айғаным.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында бейсенбі күні үзілісте "Көңілді қоңырау" ойыны өтті.Бұл жолы көңілді қоңырау кезінде ұйымшыл сыныпты табу болды.Осы ойында ең ұйымшыл сыныптар анықталып, тәтті сылықтарға ие болды.Аталмыш күні 5-6 сыныптар арасында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өтті. Сайыс мақсаты оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету.Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.Нәтижесінде 6- сынып оқушалары жеңіске жетті.Сайыс көңілді де,қызықты өтті.Жауапты:Сеилбеков Б.А
"Ана тілің - арың бұл" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығы барысында жұма күні үзілісте "Көңілді қоңырау" ойыны жалғасты.Шарты: қазақтың музыкалық аспаптардың атауын әуеніне қарай ойланып табу керек еді.Сабақтан тыс уақытта 7-8 сынып оқушылары арасында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" сайысы өтті. Бұл сайыста сыныптар мақал- мәтел жарысу арқылы дүниетанымдарын кеңейтті, қазақтың салт- дәстүрі жайында білімдерін жетілдірді.Сайыс өз мәресіне жетті.Жауапты:Сеилбеков Б.А.
Ақпанның 5-сі күні "Ана тілі- арың бұл"тақырыбында өткен қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жабылу салтанаты өтті.Белсене қатысқан сыныптар, оқушылар марапатқа ие болды.