Сабақтың тақырыбы Әдебиет- өмір айнасы Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі466,7 Kb.
#29204
түріСабақ

5-7-сыныптар




Сабақтың тақырыбы

Әдебиет- өмір айнасы

Мақсаты

Оқушылардың әдебиет пәніне деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту және АКТ құзыреттілігін дамыту

Күтілетін нәтиже

Өткен тақырыптарды еске түсіреді, ойлау,актерлік қабілеттерін ұштайды.

Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, ақ парақтар, маркерлер

Пайдаланылған әдіс–тәсілдер.

Топтық жұмыстар, дарынды балалармен жұмыс.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

6 минут


Бүгін 5-7-сыныптар арасында өткелі тұрған «Әдебиет - өмір айнасы» атты сыныптан тыс шарамызды бастаймыз. 5 топқа бөлемін.

Қазылар алқасымен таныстыру:

1. Абдирова Ж.Б.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2. Амиргереева Н.Г.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

3. Кайрлиева А.Ж.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Бағдарламасымен таныстыру.

1.Таныстыру

2.Сұрақ-жауап (Әдебиеттен 5, қазақ тілінен

5 барлығы 10 сұрақ қойылады.)

3.Театрландырылған көрініс (3 минут)

4.Ақындар мен жазушылар (Берілген портрет анықтау, мәлімет беру)

5.Менің сүйікті ақыным (алдын ала берілген тапсырма бойынша слайд жасап таныстыру 5 бет. топ басшысы таныстырады.)


Оқушылар сынып бойынша төрт үш оқушыдан бөлініп тұрады

Тұсау кесер

2минут


Бейнежазба көрсету (Әдебиет әлемі туралы)

Оқушылар мұқият қарап, өз ойларын айтады.

Негізгі бөлім



30 минут

1.Таныстыру. Өзін-өзі таныстыру- ол да үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Оқушылар әдеби тілмен қара сөз немес өлеңмен таныстырады.

2. Жүйріктігін байқайық тұлпарлардың,

Қияға қанат қаққан сұңқарлардың.

Шын жүйрік мәресіне бұрын жетсе,

Қиянат жасай алар бұларға кім?-деп

«Сұрақ-жауап» кезеңіне кезек берейік. (Әдебиеттен 5, қазақ тілінен 5 барлығы 10 сұрақ қойылады.)

5а -сынып.

Қазақ тілі:


  1. Мәтін дегеніміз қандай мағынаны білдіреді? (байланысу, бірігу)

  2. Омонимдер дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы)

  3. «Бетінен оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасы (ұялу, қымсыну)

  4. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін әріп нешеу, ата. (9 әріп, ә,ғ,і,қ,ң,ө,ү,ұ,һ.)

  5. Үндестік заңы дегенімз не және түрлерін ата! (Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айту. 2 түрі бар: буын үндестігі, дыбыс үндестігі)

Әдебиет:

  1. Ертегінің неше түрі бар? (хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер)

  2. Ертеде Ерназар деген бай болыпты. Ерназардың неше ұлы болған? (сегіз)

  3. Асан қайғы «Айналаң жавпан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!» деп қай жерді айтқан. (Қарсақбай аймағы, Жезқазған өңірі)

  4. Құранда неше сүре бар? (114 сүре)

  5. Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесінде Қайроштың шын есімі кім? (Қайырғали)

5ә -сынып.

Қазақ тілі:

1. Лексика дегеніміз не? (белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы)

2. Синонимдер не? (Мағыналары бір-бір жақын, әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы)

3. «Глобус, карта» сөздері қандай терминге жатады? (география)

4. Латын әліпбиінен орыс әліпбиіне қашан көштік? (латын-1929, орыс-1940 жылы.)

5. Әліпбидегі 18 әріпті ата! ( Н әрпі)



Әдебиет:

  1. Абай бес нәрседен қашық болуға шақырады. Олар: (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  2. «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымыды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» деп досына хат жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

  3. Ұятпен адамдық өлшенді,

Ұятпен надандық өлшенді.

Ұятпен адалдық өлшенді,

Ұятпен арамдық өлшенді. Авторы кім, тақырыбы? (Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы»)


  1. А.Құнанбайұлының «Қыс» өлеңінде қандай көркемдегіш құрал қолданылған. (Кейіптеу)

  2. Толағайдың әкесі мен анасы ата! (Саржан мен Айсұлу)

6 -сынып.

Қазақ тілі:

1. Күрделі сөздің түрлері нешеу, ата? (4 түрі бар, біріккен, қос сөз, тіркесті, қысқарған)

2. Қатыстық сын есім дегеніміз не, мысал? (заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіру, мысалы, аттылы, алғыр, мінезді)

3. Жинақтық сан есім дегеніміз және қалай жасалады? (Заттың жинақталған санын білдіріп, -ау,-еу жұрнағы арқылы жасалады)

4. Көсемшенің жұрнақтарын ата, түрленбейтінін анықта (-а,-е,-й, -ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі

5. «Біреу», «әлдене», «бірнеше», «әлдеқашан» сөздері есімдіктіктің қай түріне жатады. (белгісіздік есімдігі)



Әдебиет:

  1. Қарақыпшақ Қобыланды, атасы оның кім еді? (Тоқтарбай)

  2. Естілген нрәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп Абайдың қай қара сөзінде айтылған? (отыз бірінші қара сөз)

  3. Орыс тілінен «Суффикске» деген сөзге тілі екі жыл келмеген жазушы кім? (Ғ.Мүсірепов)

  4. Бердібек Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасында орыс тілі сабағынан қакндай тапсырма берілген еді? (А.С.Пушкин «Қысқы кеш»)

  5. Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында оқу бітіру куәлігін толтыру Тұрарға тапсырылды. Тұрар қандай қылмыс жасағанын мойындады. (1.хатын орып қойған. 2. Тегін Рысқұлов деп өзгерткен)

7а -сынып.

Қазақ тілі:

1. Шақтың түрлері (3 түрі бар, осы шақ, өткен шақ, келер шақ)

2. Есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы (есімдік )

3. Осы шақтың түрлері? (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ)

4. Есімшенің жұрнақтарын ата. (-ған,-ген,-қан, -кен,-ар,-ер,-р, -атын,-етін,-йтын,-йтін, -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек

5. Жедел өткен шақтың жасалуы(-ды,-ді жұрнағы түбірге тікелей жалғанады.)



Әдебиет:

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы елі мен жеріне қоштасу айтқан кімдер?(Ай мен Таңсық)

  2. Абайдың 1890-1898 жылдар аралығында жазған шығармалдарын ата! (қара сөздері)

  3. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі Көксеректі жеңетін ит және оның иесі кім? (Аққасқа мен Қасен)

  4. 1846 жылы ақпанның қақаған боранды күнінде дүниеге келген ақын? (Жамбыл)

  5. «Аягөз, қайда барасың?!» өлеңінің авторы? (Дулат Бабатайұлы)


7ә -сынып.

Қазақ тілі:

1. Райдың түрлері нешеу, ата? 4 түрі бар, ашық, шартты, бұйрық, қалау рай)

2. Сапалық сын есім дегеніміз не, мысал? (жасыл, ұзын, тәтті)

3. Келер шақ дегеніміз не? (сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекет)

4. қалау райдың жасалуы (--ғы,-гі,-қы,-кі жұрнағы кел етістігі

5. Болжалды келер шақтың жасалуы. (етістік+-ар,-ер,-р +жіктік жалғауы)



Әдебиет:

  1. С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңінің шығу себебін айт! (1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман ауылына түседі. Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осы өлеңді шығарады.)

  2. Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесіндегі Жалпақ балуанды барымтаға жұмсаған би кім? (Бала би)

  3. «Өзге емес өзім айтам өз» жайымда деп жырлаған ақын? (Қасым Аманжолов)

  4. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзінде не айтылған? (қазақтың мақал-мәтелдері)

  5. Махамбеттің «Тарланым»өлеңі кімге арналған? (Исатай Таймановқа)


3.Театрландырылған көрініс (5 минут) Әр сыныпқа алдын ала оқулық бойынша өткен көркем шығармалардан беріледі.Соны сахналайды.

4.Мен танитын ақындар мен жазушылар (Берілген портрет анықтау, мәлімет беру)

5.Менің сүйікті ақыным. Әр сыныпқа алдын-ала тапсырмалар берілді.


Оқушылар өз тобын, сыныбын әр түрлі жанрда таныстырады.
Бұл кезеңде оқушылар топпен қойылған сұраққа 5 секунд ішінде жауап беруі керек. Үлгермеген жағдайда ұпай ала алмайды.

Топтағы барлық оқушы қатысады. Қажет болған жағдайда сыныптан оқушылар қосуға болдаы. 3 минут уақытқа сыйғызу керек.

Интербелсенді тақта арқылы әр топқа ақындар мен жазушылардың портретін анықтайды, мәлімет береді.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша 3 беттен тұратын слайд жасайды, топ басшысы таныстырады.



Қорытынды

5 минут


2 минут

Қазылар алқасы әр кезең бойынша ұпайын қойып отырады. Кезеңнің ұпайын қосып жеңімпазды анықтайды.

Кері байланыс.



Марапаттау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет