Сабақтың тақырыбы: «8 санының құрамы»



Дата26.08.2017
өлшемі31,48 Kb.
#28314
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «8 санының құрамы»

Сабақтың мақсаты: 1. 8 санының құрамымен таныстыру.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау деңгейін арттыру.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, тапқырлыққа,шапшандыққа баулу.

Түрі: жаңа ұғым беру.

Типі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: сандар, суреттер,таратпа қағаз.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жарық болсын күніміз.

Жарқын шығар үніміз,

Елін сүйіп ер жетер.

Біз болашақ гүліміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жарық болсын күніміз, дегендей бірнеше сұрақ қоямыз күнді құраймыз.

1. 7 санына + 1 санын қосса неше болады?

2. 7-ден кейін қандай сан келеді?

3. Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

4. Шаршы қандай болады?

5. 8 санына байланысты қандай мерекені білесіңдер?

6. Жұмбақ. 4 қаз ұшып барады. Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу, бас нешеу? Жауабын кім табады. (аяқ 8, бас 4)

7. Далада жүр 3 түйе. Қосылды тағы бір түйе. Жалпы саны түйелердің. Болды шеш? Есепте: 3+1=4

8. Сегіз қияр базардан. Сатып алды Сәлімжан. Бес қиярды алғанда. Қанша қалды дорбада? Есепте: 8-5=3

Ал балалар күннің шуағы қанша болады? Хормен: Сегіз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күніміз жарқын болсын. Күннің шуағы 8 болады. Олай болса жаңа сабағымыздың тақырыбы 8 санының құрамы.

Бәріміз бірге 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Оқулықпен жұмыс №1 тапсырма.

Мысалдар 2 түсті алманың суреттері бойынша құрастырылып, тақтаға жазылады. 1-ші қатарда қанша түсті алма?

Қанша қызыл түсті алма? Оқушылар санайды, айтады. Қане балалар математикалық өрнек құрайық.

7+1=8 6+2=8

5+3=8 4+4=8

3+5=8 2+6=8

1+7=8


№2 тапсырма. Суреттер саны бойынша салыстыр. Қанша кесе? Қанша торсық?

8>5; 5<8; 8-5=3. Қанша кесе артық екен торсықтан?(3)

№3.Есептемей салыстыр.

7-1>7-5. 3+1<3+2. 5-1<5+1. 4+3>4+1. 7-2>6-2 . 1+6>1+3.

№4 Сайықмазақшың доптарындағы сандармен теңсіздіктер мен теңсіздіктер құрастыру.

1+2=3 7>5 4+2=6 8>7

1+5=6 6>3 8-1=7 5<6

5+3=8 4>2 3+1=4 8>6

№5 8-ге дейін толықтыр.

Жылдам екі топқа бөліу 1-ші топ Күн 2-ші топ Жаңбыр. Қайсы топ бірінші орындайды?



Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз.

Гүлдей болып өсеміз,

Құстай болып ұшамыз.

Көбелектей болып қонамыз,



Үлестірме қағазбен жұмыс:

Дәптермен жұмыс: «Кім тапқыр?» ойыны.

□+3=8 8-□=6 6+□=8 4+□=8

8-□=4 5+□=8 □-6=2 □-7=1

Жүректен жүрекке бір біріне жылы лебіздер айту.

Сен өте ақылдысың! Сен жақсы оқы! Мейірімді бол! Бес ал!

Денің сау болсын! Жақсы оқы! Ақылды бол! Сүйкімді бол!



Сабақты қорыту:

сұрақтар қою арқылы. Қай санның құрамын құрдық? ( 8 )

Үйде нені бағуға болады екен?

Сабақ несімен ұнады?




Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы

67 «Т.Тәжібаев» атындағы бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Каналиева Гулпаршин
Ашық сабақ

Тақырыбы:« 8 санының құрамы»



Математика

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет