Мақсаты:
Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, М. Әуезов суреті, мәтінге байланысты материалдар.
Психологиялық ахуал
Ана тілім - айдыным,
Ана тілім ай - күнім.
Ана тілім болмаса
Керегі не байлық
ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1. Үйге қандай тапсырма берілді?
- Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және мазмұнын айту.
2. Үйдегі дайындық бойынша әңгіменің мазмұнын кім айтады?
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Топқа бөлу
Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану.
III. Дәйексөз.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес». (М. Әуезов)
(бір оқушы оқиды)
Сұрақ:
1.Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
2. Ал енді мына слайд шоуға назар аударыңдар.
М. Әуезов туралы мәліметті сендер толық алдыңдар деп ойлаймын.
М. Әуезов туралы не білеміз?
Мухтар Әуезов
↓
Мұхтар Әуезов (1897 – 1961ж) Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында туды. Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы. Ұлы Абайдан үлгі өнеге алды. Драматург. М.Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы «Абай жолы» деп аталады.
Қосымша мәліметтер беру. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дірнәсілдің тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1908-1913 жылдары Семейдегі орыс гимназиясында оқыды. 1923 жылы Ленинград университетінің филология факультетіне түседі. 1945 жылы Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі. Жазушының шығармалары әлемнің 27 тіліне аударылды.
– М.Әуезовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
– М. Әуезовтің балаларға арналған «Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Ал бүгін Мұхтар Әуезовтің “Жетім” деген шығармасын оқимыз.
Ой қозғау– Балалар, сендер «жетім» деген сөзді қалай түсінесіздер? – Сол замандағы сұрапыл соғыс кезіндегі тағдыр тауқыметінен жетім балалар көп болды. Әке-шешелері соғысқа аттанып, оралмады, балалар жетім қалды. Сондай баланың бірі – Қасымның тағдыры туралы М.Әуезовтің «Жетім» деген шығармасында көрсетілген. Жетім - ата - анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата - анасы қайтыс болған бала болып табылады. ΙV. Жаңа сабақ М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Осы әңгіменің мазмұнын мен сендерге қысқаша айтып өтейін.
Ситуациялық сұрақ.
1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?
2. Сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?
Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқуы
- Сөздік жұмысы.
Қиянат - әділетсіздік.
Қаға беріс - шеттеу.
М. Әуезовтің шығармалары бойынша түсіндірілген «Көксерек», «Қараш - қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін танысатын «Жетім» әңгімесі - халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.
Сұрақтарға жауап беру.
Берілген жоспарды әңгіме мазмұнына қарай ретімен айту.
1) Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала.
2) Қасымның әжесінен айырылуы.
3) Тау ішіндегі қорқыныш.
4) Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
5. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (әңгіменің қай бөлімінде)
6. Қасымның әжесінен айырылуы.
7. «Жетімнің малына қианат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?
8 Қасымның ойы неден шатасты?
9. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш.
«Ойлау» стратегиясы.
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім.....................
8. Шығармашылық сұрақ - тапсырма.
- Сендер автор болсаңдар, осы әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
- Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
9. Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы кестені толтыру.
1-топ «Жетім» мәтініне сатылай кешенді талдау жүргізу.
2-топ Мақалды жалғастыр
3-топ Бес жолды өлең
4-топ Әңгімені өз ойыңмен аяқта.
1. Тақырыбы.
2. Мәтін.
3. Мәтінге ат қою.
4. Мәтіндегі негізгі ой.
5. Мәтіннің түрлері.
6. Өз пікірім.
ІУ. Оқушылар шығармашылығы. Мұғалім сөзі: Тоғыз жетім бар: Өмірде ата-анасы жоқ – бала жетім. Халқына сенімсіз болса – хан жетім. Хан ақылсыз болса – халқы жетім. Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім. Суы жоқ – құдық жетім. Ұлы жоқ – әке жетім. Қызы жетесіз болса – ана жетім. Досы жоқ – жігіт жетім. Шәкіртсіз – ұстаз жетім
– Ендеше, балалар, үйлеріңе келгенде ата-аналарыңды құшақтап, мен сіздерді қатты жақсы көремін – деп, бетінен сүйсеңдер, ата-аналарың бір қуанып қалады.
– Қай жерде жүрсеңдер де, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, қоғамда өз орнын таба алмаған адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке-шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді құрбы – құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар, нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады, – дейді. Ендеше, жетімін жылатпаған ел болайық.
Хормен : Слайдтан оқу.
Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын анам, Болайын мен де аман.