Сабақтың атауы О.Әубәкіров Ара мен шыбын Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі24,11 Kb.
#43169
түріСабақ
«Тексерілді»

Оқу ісі меңгерушісі: Ужазов Е.А.



Пәні:әдебиеттік оқу

Уақыты:21.10.2016

Кабинет:216

Мұғалім:Дарментаева Акбопе

Сабақтың атауы

О.Әубәкіров Ара мен шыбын

Мақсаты



Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу.Адам емес жануарлар,жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.Оқушылардың көркем сөзді,салихалы ойды өзсөздік қорларына қабылдай алуы соның нәтижесінде ауызша,жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру ,эстетикалық талғамын арттыру,еңбекке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Оқушы сабақтың соңында:

  • Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.

  • Өз ойын еркін жеткіме біледі.

  • Шығармашылық,логикалық ойлау қабілеті дамиды.

  • Ара мен шыбынның пайдасымен зиянын ажырата біледі.
    Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
    Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.

Негізгі идеялар

Сын тұрғысынан ойлауы артады.

Өз бетімен білімді меңгереді.

Жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу


Пән аралық байланыс

Әдебиеттік оқу,дүниетану



Көрнекіліктер мен құралдар


Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, бейнежазба,плакат,маркер,А-3,А-4 парақтары,стикер,желім,оқулық,қарындаштар.


Оқыту әдістері

Жаңа әдістер:СТО,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды анықтау.


Дерек көздері

4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы


Тапсырмалар

1-тапсырма.Мысалды түсініп оқу

Тапсырмалар

Кейінгі тапсырма

Рефлексия

Қайталау.

Мимикамен ойын түсіндіру.


Стикер арқылы кері байланыс жүргізу

Бағалау

Жинақтаушы бағалау

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

(мин)

Ұйымдастыру

Сәлемдесу үш тілде

Оқушылар орындарынан тұрады

2 мин

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.Топ ережелерімен,бағалау критериімен таныстыру.Оқушыларды қима қағаздармен төрт топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.


Психологиялық тренинг

Жәндіктер жазылған қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді.


2 мин

Өткенді қорыту:

Мақсат қою кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру:Мысал мазмұнын әңгімелету.

I–топ. II-топ. III-топ. IV-топ

1.Не себепті аққу, шаян,шортан үшеуі жүкті үш жаққа тартады?

2.Үшеуі үш жаққа тартқанда арба орнынан қозғалды ма?

3.Сендер сол үшеуінің орнында болғанда не істер едіңдер?

4.Осы мысалдағы негізгі ойға байланысты мақал-мәтел айт.

Бірлік,ынтымақ туралы.

5.Мысал дегеніміз не?

6.И.Крыловтың тағы қандай мысалын білесіңдер?

«Шегіртке мен құмырсқа» Абай



Сұрақ-жауап

Әр топ берілген тапсырманы топпен бірге орындайды

Берілген сұрақтарға толық жауап бере біледі.

Сұрақ-жауап:



5 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыруын және олардың белсенділігін арттыру Аң-құстар,жан-жануарлар,жәндіктер қандай ортада өмір сүреді?Қандай дала аң-құстарын,жан-жануарларын білеміз? Арыстан,аю,қасқыр,қоян түлкі,барыс,қаршыға,қырғи,бүркіт,бұғы,киік,көбелек,шегіртке,шаян,шыбын,маса сияқты аң-құстар,жәндіктердің аттары аталып олардың табиғатқа келтірер пайдасы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.

А) «Бірге-бір» ойынын ойнау.

Ойынның шарты: Ақ параққа жәндіктер,құстар,жануарлар аттары жазылады.Әр топқажасырын көрсетіледі.Оларды 1 минут ішінде әр топ қимыл іс-әрекетпен көрсетеді,басқа топтар соны табады.Бұл ойын оқушылардың ойлау қабілетін,тапқырлығын дамытады.

Б) «Жәндіктердің орнын тап»ойыны.

Ойынның шарты:Интерактивті тақтадан көрсетілген жәндіктер бейнеленген слайдтың ішінен жоғалған жәндікті табу керек.

Бірінші слайдта жәндіктер толықтай беріледі.Оған 1минут уақыт жұмсап бар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыруы тиіс,ал келесі слайд ішінен жоғалған жәндіктің атын атап табу керек.Бұл жерде жоғалған жәндік: Ара мен шыбын.Үш тілде айту.

Қазақша- ара, орысша- пчела,ағылшын тілінде – honey bee (хонэй би). Қазақша-шыбын, орысша – муха, ағылшынша-fly (флай)


Олар сұрақтарға жауап беріп тапсырмаларды орындайды.

1 минут уақыт жұмсап жоғалған жәндікті табады.Бұл жерде жоғалған жәндік ара мен шыбын. Олардың 1 минут зейіндерін тоқтатып қарап алып,алдарындағы постерге жазады.Бұл ойын оқушылардың зейінін қалыптастыру мақсатында ойналады.



5 мин

Негізгі бөлім


Жаңа сабақ: Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.

-Бүгін адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын «Ара мен шыбын» мысалымен танысамыз.



«Ой қозғау»
1-топ.Ара туралы не білесіңдер?

2-топ.Шыбын туралы не білесіңдер?

3-топ.Қонақ күту.Қонақ жайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

4-топ.Ара,шыбын нелерге жатады?



Бейнежазба көрсету.

Ара.

-Араларсары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.

-Демтүтек арқылы ауамен демалады.

-Ұясын шатырға,ағаштардың қуысына,бұтақтарға салады.

-Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.

-Шаққан жері қатты ісіп кетеді.

-Араның пайдасы .

-Араның уынан дәрі-дәрмек жасалады.

-Ревматизм,радикулит,бронхит ауруларына ем.

-Улы безінен «Апитоксин» деген түссіз,сұйық ерітінді бөлінеді.



Шыбын.

-Ауада ұшады,жерде жорғалайды.

-6 аяғы бар,2 қанаты бар.

-Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған.

-Шыбынның бір қанатында індет болса,екінші қанатында шипа болады.

-Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс жолдары арқылы сыртқа шығыды.

Оқулықпен жұмыс.

Мысалды бөліктерге бөліп беру.Осы бөліктер бойынша мысалды қысқаша әңгімелеу.



Топтастыру:

Сұрақ-жауап:

Оқушылар түсінік алады.

Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.

Пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.


15 мин



Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазу.



Сөздік жұмыс.

Нығымдап-нығарлап,батыл түрде.

Жұғындап-түртінектеп,әр жерден бір іздеп.


Дәптермен жұмыс.

Оқушылар сөздік жұмысты дәптерлеріне жазып алады.



2 мин


Рефлексия


«Ойлан тап».Постермен жұмыс.

1-топ. 1.Шыбын араға не деді?

2.Ара шыбынға сағат нешеге баратынын айтты.

2-топ.1.Ара шыбынға не деп жауап берді?

2. Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?

3-топ.1.Шыбын түртінектеп не іздеп жүр?

2. Мысалдағы кейіпкерлерді ата.

4-топ.1. Мысалда автор бізге не айтқысы келді?

2.Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?


Топтық тапсырманы орындайды.Топпен бірге сұрақтарға,мысал ішінен жауапты таба біледі.

Мысалдағы кейіпкерлерді атайды.Мысалдағы кейіпкерлер арқылы автордың бізге айтқысы келген негізгі ойын айтады.



2 мин

Тапсырма


Шығармашылық жұмыс.

1-топ.Венн диаграммасын жазады.

2-топ.Ара мен шыбын суретін салады.

3-топ.Кешенді талдау үлгісімен шығармаға талдау жаса.1.Авторы.2.Тақырыбы.3.Жанр түрі(ертегі,аңыз,мысал.т.б)

4-топ.Рөлге бөліп оқиды.

Дарынды оқушылармен жұмыс.

Әр топтан оқушылар шығып ,өздерінің түсініктері бойынша мысалдан бір көрініс сомдайды.

Абай атамыздыңөлеңінен үзінді есімізге түсірейік.

«Бес нәрсеге асық бол»

«Бес нәрседен қашық бол»

Осы өлеңге байланысты қай жәндіктің бойында бар деп ойлайсыңдар?


Венн диаграммасы бойынша жәндіктердің ұқсастығы туралы жазады.Суретін салады.Рөлге бөліп оқиды.Толық жауап берген топ анықталады.Өз ойларын айтады.Сахналық көрініс сомдайды.

5 мин

Қорытынды


Бағалау бетшесі арқылы бағалау.

Стикерге өтілген сабақ туралы пікірлерін жаздыртып кері байланыс жасау.




Стикерге өтілген сабақ туралы пікірлерін жазып тақтаға ілу.

Бағаларын күнделіктеріне қойдыру.



5 мин

Үйге тапсырма


Мысалды түсініп оқып,әңгімелеп келу.

Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алу.

2 мин

1.Не себепті аққу, шаян,шортан үшеуі жүкті үш жаққа тартады?

2.Үшеуі үш жаққа тартқанда арба орнынан қозғалды ма?

1.Сендер сол үшеуінің орнында болғанда не істер едіңдер?

2.Осы мысалдағы негізгі ойға байланысты мақал-мәтел айт.
1.Мысал дегеніміз не?
1.И.Крыловтың тағы қандай мысалын білесіңдер?

1-топ. 1.Шыбын араға не деді?

2.Ара шыбынға сағат нешеге баратынын айтты.

2-топ.1.Ара шыбынға не деп жауап берді?

2. Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?

3-топ.1.Шыбын түртінектеп не іздеп жүр?

2. Мысалдағы кейіпкерлерді ата.

4-топ.1. Мысалда автор бізге не айтқысы келді?

2.Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?

1-топ.Ара туралы не білесіңдер?

2-топ.Шыбын туралы не білесіңдер?

3-топ.Қонақ күту.Қонақ жайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

4-топ.Ара,шыбын нелерге жатады?

1-топ.Венн диаграммасын жазың

2-топ.Ара мен шыбын суретін салың

3-топ.Кешенді талдау үлгісімен шығармаға талдау жаса.1.Авторы.2.Тақырыбы.3.Жанр түрі (ертегі,аңыз,мысал.т.б)



4-топ.Рөлге бөліп оқы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет