Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Құстар . Балықтар . Қосмекенділер және жорғалаушылар
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Білімділік: Оқушыларға жануарлардың топтары-құстар, балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру, тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Атауларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық қабілеттерін арттыру. Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, ішінара іздену, әңгімелеу, сұрақ - жауап, саралау.
|
Көрнекіліктер
|
интерактивті тақта, плакат, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар макеті
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. Өткен сабақта асқабақтың дәнін ыдысқа егіп келу тапсырылған еді. Тұқымды еккен күнін бақылау дәптерге жазып қою тапсырылған. Тапсырманың орындалуын сұрау.
|
Қызығушылықты ояту
|
Суретпн жұмыс
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
.Мұғалім түсіндірмесі:
Тірі табиғаттың бір бөлігі - жануарлар. Жануарлар мынадай топтарға бөлінеді:
Оқушыларды топтарға бөлу.
«Құстар» тобы. Топ мүшелерінің құстар туралы мағлұматтарын тыңдау.
Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар.
Жабайы құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі де пайдалы. Мысалы, аққу – сұлулықтың символы. Тырна – табиғатымыздың көркі, сұлу құс.
Дуадақ – өте әдемі құс. Бір кездері ол еліміздің далаларында кездесетін еді. Дәмді еті үшін көптеп ауланды да, қазір саны азайып кетті.
Сонымен қатар біздің жерімізде кездесетін құстар – қарлығаш, сауысқан, қарға, торғай, кептер, шағалалар да бар. Бұл құстардың ішінде жүйрік, бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады.
Олардың жабайы құс аталуының себебі неде?
Себебі олар азығын өздері тауып жейді.
Құстардың келесі бір тобы – үй құстары. Үй құстары қолда өсіріледі. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті – тамақ, мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады. Үй құстарына тауық, әтеш, үйрек, қаз және күркетауық жатады.
Қазақстанда құстарды көптеп өсіруге арналған үлкен құс фермалары бар. Олар қала халқын құс етімен қамтамасыз етеді.
«Балықтар» тобы. Топ мүшелерінің балықтар туралы мағлұматтарын тыңдау.
Балықтар – суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтардың денесін қабыршақ жапқан. Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады.
Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіруге болады. Біздің елімізде кездесетін балықтар – шабақ, сазан, шортан, жыланбалық, бекіре, т.б.
«Қосмекенділер» тобы.
Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Қосмекенділерге бақа жатады. Ересек бақа көбінесе құрғақта, шөп арасында тіршілік етеді. Ал оның баласы есейгенше балық сияқты суда жүреді.
«Жорғалаушылар» тобы.
Жорғалаушылар – бауырымен жорғалап қозғалады. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, қолтырауындар, т.б. жатады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1-тапсырма
Суреттен құстар, балықтар, қосмекенділер мен жорғалаушыларды тауып белгіле.
2-тапсырма
«Құстар» тобына: құстарды атап, ішінде ұша алмайтындарын белгіле.
«Балықтар» тобына: Не қалай дыбыстайды? Әр құсты өз дыбысына сәйкес сызықпен қос.
«Қосмекенділер» тобына: құстарды топтарға бөл, аттарын жаз.
«Жорғалаушылар» тобына: құстардың пайдасы туралы жаз.
3-тапсырма
Сәйкестендір:
Құстар Суда жүзеді
Балықтар Бауырымен жорғалайды
Қосмекенділер Ұшады
Жорғалаушылар Суда да, құрлықта да тіршілік етеді.
4-тапсырма
«Құстар» тобына: балықтардың басты ерекшеліктері.
«Балықтар» тобына: балықтардың түрлері
«Қосмекенділер» тобына: балықтың пайдасы
«Жорғалаушылар» тобына: балықтардың көбеюі, қоректенуі
|
Ой толғаныс
|
Тест тапсырмасын орындау,тексеру .
|
Үйге тапсырма беру.
|
Балықтардың суретін салу.
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Достарыңызбен бөлісу: |