Сабақтың атауы Қоршаған дүние Мақсаты



бет22/23
Дата18.02.2017
өлшемі2,4 Mb.
#10154
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Топсаяхат .

Сабақтың жалпы мақсаты



І. Табиғат туралы жалпы білім беру.
ІІ. Балалардың ауызекі тілдік қорын дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
ІІІ. Табиғатқа, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: қайталау.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, ішінара іздену, әңгімелеу, сұрақ - жауап, саралау.

Көрнекіліктер



Көрнекіліктер: Компьютер , түрлі –түсті фломастер, ватман, тапсырмалар.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар күнге қолымызды созайықшы.
Күннің шуағын бойымызға алайықшы.
Күн жарығын алақанға салайық,
Жүрегімізге басып оны ұстайық.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағымыз.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Суреттер тарату арқылы 2 топқа бөлу:



Қызығушылықты ояту

«Кім шапшаң?» Карточкамен жұмыс.
«Ж» әрпінен басталатын сөздер.
1. Қыздың аты.
2 жемістің аты.
3. қала аты.
4. Жыл мезгілі

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім түсіндірмесі:

Сабақтың тақырыбына көшу.


Миға шабул: қалай ойлайсыңдар бүгін сабақтың тақырыбы қандай болады? Осы сөздер немен байланысты? Осы сөздерді қай сабақпен байланыстыруға болады? Қай сабақта біз осы сөздерді көп қолданамыз?
1. Дүниетану деген не?
2. Дүниетану сабағы немен байланысты?
3. Дүниетану сөзін қалай түсінесіңдер?
• Ассоциация стратегиясы.

ватман қағазға кластер құру. Оны қазақша түсіндіру. Дүниетану дегеніміз не? 5- минут


1. -балалар табиғат біздің екінші анамыз. Оны қалай түсінеміз?
2. Қазіргі еліміздің табиғаты жайында не айта аласыңдар?
3. Неліктен осындай жағдайға душар болдық?
4. Егер сен эколог маманы болсаң қандай жағдай жасар едің? деген сұрақтар қойып балаларды екі топқа бөлу.

Ой толғаныс

Карташамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
2 - 3 деңгейдің оқушылары 6 құстың ішінен, 4 - деңгейдің оқушылары 2 құстың ішінен үй құсын белгілеу.



Үйге тапсырма беру.

«Табиғат пен адам» тақырыбы бойынша эссе құрастыру. Көптік жалғауына сөздер жазып келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы. Тұстарды бағдарлау

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын,азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту. Ауа райы туралы түсінікиі қалыптастыру.




Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»

әңгімесі,тұсбағдарлар,үлестірмелер,транспортирлер,

атлас,Қызылорда қаласының планы,суреттер.жұмыс дәптері





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

- жақсы оқу керек.
- бір - бірімізбен дос болайық
- ауырмау керек
- әрқашан жақсылық болсын
- жоғары дәрежеде білім алу
- ата - анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.


Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Семантикалық карта

Қызығушылықты ояту

Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір.
2. Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
3. Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
4. Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс

1.Тұрған жерді және жүру бағытын тұсбағармен анықтау.

2.Азимут бойынша жол тауып жүру.


Жаңа материалмен жұмыс.

1-топ

Ауа - райы дегеніміз - белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.


Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа - райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.

2-топ


1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын,

бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Бағдарлаудың екі түрі бар:

а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау.



Ой толғаныс

Менің елім-Қазақстан

Постер құру



Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы жыл мезгілдері

Сабақтың жалпы мақсаты

 Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту,  күзгі  табиғаттың  өзгеретіні  туралы  түсініктерін  қалыптастыруға  жағдай  жасау. Табиғатқа  қамқорлықпен қарау  қатынастарын  тәрбиелеу.Табиғат  құбылыстары  мен  заттар  арасындағы  байланысты  түсінуге  мүмкіндік  туғызып, қоршаған  дененің  біртұтастығы  туралы  түсініктерін  дамыту.



Әдіс-тәсілдер

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі.

Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару. 



Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

- Айналада неше тұс бар?

-Олар қалай аталады?

- Ауа райын шартты белгілермен тақтаға жазып көрсет:  аспан ашық,  +4º,   *

Көкжиек  туралы  түсініктерін  сұрап, білімдерін  тексеру.




Топқа бөлу

Оқушыларды тәтті кампиттер арқылы топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Семантикалық карта

Қызығушылықты ояту

Тест сұрақтары.

1. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5

2. Термометр түтікшесінің ішінде не бар?


а) су ә) сынап б) сұйық зат в) дәрі

3. Табиғаттың тірі денелерін белгіле.

а) тас ә) жел б) кітап в) жануар

Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

а) + ә) 0 б) - в) *

Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешейік.

1. Бұлтты айдап желдеткен,

Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

2. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

3. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)



Жаңа материалмен жұмыс.

Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз...

Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс.     , +   º, -   º

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

Т.Молдағалиев. Күз.

Ақшыл ма, әлде күлгін, әлде қоңыр,

Торлады көк аспанды бұлт керуені.

Сорғалап әлсін-әлсін күміс жаңбыр

Ажарсыз шөптің басын жел тербеді.

- Осы өлеңде қай мезгіл суреттелген?

   (Оқушылардың  күзгі  ауа  райы  туралы  түсініктерін  байқау. Күзгі  өлі  табиғат  өзгерісі: аспанның  қалпы, күннің  ұзақтығы, салқындауы.)

- Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле.

- Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

- Күз айларын ата.

- Күздегі мерекелерді ата. 1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.

2.Оқулықпен  жұмыс.

Мазмұнды суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

«Атамұра» Жыл мезгілдері -  мәтінге  талдау жасау.

«Алматыкітап» «Күз» А.Байтұрсыновтың өлеңіне  талдау. 

А.Байтұрсынов – қазақ халқының көрнекті ақыны, ұстаз, ғалым, алғаш әліпби құрастырушы.


Ой толғаныс

3.Сөздікпен  жұмыс: күзгі  жапырақ, суытты, жауын.

А) оқу,  оқыту.

Ә) сөйлем  құрату.

4.Дәптермен  жұмыс.

Жұмбақ  шешу, жаздырту. Шешуін  дәлелдеу.



5 жолды өлең.

1. Күз.


2. Берекелі, жемісті.

3. Өсті, сарғайды, келді.

4. Күз – береке, байлықтың бастауы.

5. Жыл мезгілі.



Шығармашылық тапсырма. Күз мезгілінің суретін  салу.


Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Күз мезгілі

Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық
еңбек түрлері жөнінен білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға
машықтандыру.
Тәрбиелілігі: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға
қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.



Әдіс-тәсілдер

Сабақтың көрнекілігі: Видеопроектор, суреттер, венн диаграммасы, «Анар
теру» ойыны.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, бақылау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, өмірмен.

Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

абиғат күлімсіреп күніменен,
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.
Көркіне көз тоймайды табиғаттың,
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу «Өзін-өзі тану» пәнінің элементі болып табылады.Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін арттыра отырып,табиғатты сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеймін.

Топқа бөлу

Оқушыларды тәтті кампиттер арқылы топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Семантикалық карта

Қызығушылықты ояту

1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айларын ата?
3. Күз айларында қандай мерекелер бар?
4. Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Күзде нелер пісіп жетіледі?
6. Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?
7.Жануарлар тіршілігі туралы не білеміз?
Өсімдікті бұтақтан көбейту жолдары туралы түсінік беремін.

Жаңа материалмен жұмыс.

VІ Бақылау күнделігімен жұмыс.
Ауа райын шартты белгімен белгілеу.
VІІ «Анар теру » ойыны.Бұл ойынның мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,ана тілі пәнімен пәнаралық байланыс жасай отырып,шығармашылық жұмыс жүргізу.
1. «Күзгі жапырақ» өлеңін жатқа айту.
2. Күз туралы өлеңді жатқа айту.
3. Аспай піскен
Қайнамай түскен.
Шешуі: Жеміс
4. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
Шешуі: Пияз
5. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.
Шешуі: Сәбіз
6.Ұйқасын тап.
Күз болғанда атырап,
Сарғаяды .....(жапырақ)
Ия,оқушылар,күз мезгілінде жапырақтар сарғайып,күн салқындай бастайды.Ал күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді ?Олай болса күз мезгілі мен қыс мезгілін салыстырып көрейік.
VІІІ Венн диаграммасы
Бұл салыстыру жұмыстарын жүргізудегі мақсатым күз бен қыс мезгілдерінің ортақ белгілерін ,ерекшеліктерін табу арқылы күздің бір күні қыстың бір айын асырайтындығын,күзде аянбай еңбек етсең,қыста қысылмайтындығын ұғындыру.
ІХ Қорытынды.
Сұрақтарға жауап беру,күз мезгілін бейнелейтін сурет құрастыру.
1. Халық күзді не себепті «Жомарт күз»деп атаған ?
2. «Алтын күз» деп ше?
3. Қара күзде табиғат қандай болады?
4. Бұталардағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

Ой толғаныс

Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .



Еңбекке баулу

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Күз мезгіліндегі адамдарың еңбегі

Сабақтың жалпы мақсаты

1) Күз мезгілінің адам өміріндегі алатын орын белгілей отырып, табиғат құбылыстарының өзгерістері, адамдардың еңбегі туралы білімдерін толықтыру;
2) оқушылардың ізденімпаздығын, эстетикалық талғамын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын дамыту;
3) балаларды әсемдікке, шығармашылыққа, ұжымшылдыққа, жаңаны ашуға тәрбиелеу.
Әдістері: әңгімелесу, ойын, топтық жұмыс, жарыс, тапсырма.
Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, жұмбақтар, ойындарға қажет құралдар, үнтаспа, теледидар.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап,түсіндіру, жеміс-жидектердің суреттері

Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан көріңіз,

Топқа бөлу

Оқушыларды тәтті кампиттер арқылы топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Семантикалық карта

Қызығушылықты ояту

Топтастыру

«Күз уақытында адамдар қандай еңбекпен айналысады?»



Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

Бақылау күнделігімен жұмыс

Постер жасау


Ой толғаныс

1-топ «Алтын күз» аппликация

2-топ «Арайлы алтын күз» коллаж



Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет