Сабақтың мақсаты:Тақырып бойынша ақпарат беру, пікірлесу арқылы
сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тапсырмаларды орындау арқылы сөздік
қорын молайту, жазу сауаттылығын арттыру. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Танымдық, коммуникативтілік құзіретін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой шақыру, ойландыру, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі парақшалар, компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Б үгінгі сабақтың тақырыбы бойынша ассоциограмма құрыңыз.
Саяхат
II.Коммуникативтік тренинг Сіз кезекті еңбек демалысыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
Егер еңбек демалысыңыз қыста болса, қалай өткізер едіңіз? Шетелдерге саяхатқа шығуды ұнатасыз ба? Жалпы, сіз саяхатқа шығуды ұнатасыз ба? Егер мүмкіндігіңіз болса, ең алдымен қайда барар едіңіз?
Саяхаттағанды ұнатасыз ба?
Құрметті тыңдаушылар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Саяхат» деп аталады. Бүгін біз сіздермен Қазақстанның бірнеше облыстарына саяхат жасаймыз.
Қазір жадыраған жаз мезгілі. Жаз - жұртшылықтың демалысқа шығып, қаланың сапырылысқан тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен іздейтін маусымы. Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып демалуға болады? Шет елдердегі бағасы удай қымбат демалыс орындарында ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма? Ойланып көріңіз! Екінші нұсқаны таңдаған болсаңыз, бүгін Әлемтану айдары сіздерге еліміздегі ең танымал әрі басқаныкінен еш кемдігі жоқ демалыс орындары туралы әңгімелейді. Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке.Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!