Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Білім
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
1.Білімділігі:оқушылардың жуан және жіңішке дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, сөздегі дауысты дыбысқа байланысты жуан және жіңішке сөздердің айтылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.
2. Дамытушылығы: ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды , тапқырлықты шығармашылықты дамыту.
3. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Әдісі:өзіндік
Көрнекілігі:мазмұндамалар жиынтығы
Түрі:бағалау
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Талды отырған
Қай құс?
Таста отырған
«Байғыз» деген байғұс.
***
Дөңгелектің бір аты –
«Доңғалақ па?»
Доңғалақтар
Шын-ақ,
Қолғанат па?
***
Сиыр баласын:
«Торпағым» - дейді.
Қоян баласын:
«Көжек, қорқағым» - дейді.
***
Ағам талай ат тағалады
Ағам қалай ат тағалады.
Қалай ат тағалағанын
Білсем, мақтана аламын,
Білмесем, ұлтқа қаламын
|
Мағынаны тану
|
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата. 15
- Дауыссыз дыбыстарды ата. 25
42-тапсырма
Білім туралы өлеңді оқу,жаттығу
Ережені талда
|
Неше дыбыс және таңба бар?
Өлеңді жаттау
44-тапсырмаларды орындау.
|
Сергіту сәті
|
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек
Маған нағыз дос көжек
Қолымнан кеп жем жейді,
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында,
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
|
Ой толғаныс
|
Жұмбақ1 шешу
Желсіз, сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.
(Сағат)
Мен көрдім күн шығыстан бір диірмен,
Түс болса тұрады екен оң бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Ол жіпті қолы епті, кім иірген.
(Сағат)
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?
(Сағат)
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.
(Сағат)
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.
(Сағат)
|
Үйге тапсырма
|
43-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Тексерілді:
Пәннің аты Ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Жуан және жіңішке айтылатын сөздер Тиін
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
1.Білімділігі:оқушылардың жуан және жіңішке дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, сөздегі дауысты дыбысқа байланысты жуан және жіңішке сөздердің айтылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.
2. Дамытушылығы: ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды , тапқырлықты шығармашылықты дамыту.
3. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Әдісі:өзіндік
Көрнекілігі:оқулық,суреттер
Түрі:жаңа сабақ
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Білім
|
Жатқа айту
|
Қызығушылықты ояту
|
Ойын десе есі жоқ.
Бір сабақтан бесі жоқ.
***
Төсек үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
***
Айнала, айнала,
Айналуы айнала,
Айналма, әй, бала.
***
Топ бала топтана,
Қуып жүр допты
***
Ала тайды –
Балақай мініп жүр.
Ала тай
Балақайдың мінгенін біліп жүр.
|
Мағынаны тану
|
Тиін туралы өздерің не білесіңдер ?
Қосымша мәлімет:Тиіндер (лат. Sciurus) — тиін тәрізділер тұқымдасының бір туысы. Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды. 4. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2. Оқушылардың кезекпен оқуы.
3. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
4.Сөздік жұмысы.
5.Тауып оқу.
|
Мәліметтерді еске сақта алу.
Тиін мәтінін түсініп оқу
46тапсырма Сөздерді оқы.Олардың қалай естілетінін байқа.
Ережені жаттап алу.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.теңіз,бүркіт,өрік.
Сауатты,тізбектей,қатесіз оқу
Сөздің жазу
|
Сергіту сәті
|
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі –
Отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында – кіші інім.
Саны қанша, айта ғой,
Үйдегі бар кісінің?
|
Ой толғаныс
|
Жұмбақ шешу
Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі -
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.
(Күн, түн)
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.
(Түн, таң, күн)
|
Үйге тапсырма
|
47-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |