Тексерілді:
Пәннің аты ана тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Диктант Көктем келді
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын молайту,сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі:адамгершілікке,кішіпейілділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Түрі:бағалау
|
Психологиялық ахуал
|
Ал,кәнекей балалар,
Қазір сабақ оқимыз.
Жақсы оқып сабақты
Санамызға тоқимыз.
Қандай тапсырмаларды
Орындайсың қазір сен.
Тез түсініп меңгерсең
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Венн диаграммасы: Дыбыс пен әріпті салыстыру.Қыс және көктем мезгілін салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
|
Мағынаны тану
|
Көктем келді.Күн жылынды.Құстар қайта ұшып келді.Ағаштар бүршік жара бастады.(12сөз)
|
Сергіту сәті
|
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
|
Ой толғаныс
|
Метаграмма:
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың.
«Ш»-ны алып тастасаң,
Терезеге саласың.
(Шәйнек-әйнек)
«К»-ден бастап оқысаң,
Құс атауы қарашы.
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.
(Кекілік-екілік)
|
Үйге тапсырма
|
Қайталау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Тексерілді:
Күні:
|
Пәні: ана тілі
|
Сынып:1
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мал баласын сүйеді. Сөз.
|
Мақсаты:
|
Оқушылар сөз және оның мағынасы туралы түсінік алады
|
Табыс критерийлері:
|
· Мәтінді түсініп оқуға және әдемі жазуға дағдыланады;
· Сөздік қорларын байытады
· Сөйлеу дағдысын жетілдіреді
· Сабақты түсінеді,өз ойларын айта алады.
· Топпен жұмыс жасауға үйренеді.
|
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
|
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, АҚТ-ны қолдану, сұрақ-жауап
Мұғалімнің бағалауы, смайликарқылы өздерін бағалау
|
Ресурстар:
|
Стикер, маркер, флипчарт, жеке сюжетті суреттер, тірек сызба т.б.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Жүректен-жүрекке.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.) (2 минут)
|
Қызығушылықты ояту
|
Топқа бөлу, топ мүшелерін сайлау, топтық ережені құру (спикер, хатшы, басшы) (5 минут)
|
|
|
Мағынаны тану
|
“Төлдерін ата” ойыны (3 минут)
|
Ой толғаныс
|
1. Малды тағы қалай атауға болады?
2. Олар қай кезде төлдейді? (5 минут)
|
Ойын-жаттығу
|
170-жаттығу.
1. Өлеңді мұғалімнің оқуы
2. Оқушылардың түсініп оқуы.
3. өлеңге қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
І топ: – Өлеңде не туралы айтылған?
ІІ топ: – Мал баласын қалай сүйеді екен?
ІІІ топ: – Төрт түлік туралы тағы қандай өлең білесің?
Әр топқа:– Қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы сөздерінде неше дыбыс, неше буын бар? (10 минут)
|
Сергіту сәті
|
Көңілді жаттығу (2 минут)
|
|
|
Шығармашылық жұмыс
|
Берілген сөздердің алдына әріп қосып, жаңа сөз жазу тапсырылады. Ол сөздердің мағынасы түсіндіріледі. (10 минут)
|
Жеке жұмыс
|
Өздік диктанты.Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу тапсырылады.
Арман мен Досжан (телефон) ұзақ сөйлесті.
Әжесі немересіне (арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.
(3 минут)
|
Қорытынды
Рефлексия
|
Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)
(5 минут)
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сөз Қой
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Кірістірілген модульдер
Ұйымдастыру кезеңі
|
Төрт түлік түрлерімен таныстыру, қойдың пайдасы туралы әңгімелеу. Міндеті: Б. Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, қой малының пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту. Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру. 3.Табиғатқа ізгілік қатынасты қалыптастыру,табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың түрі: Жаңа мағынаны тану
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,парақшалар,ертегі кейіпкерлері
Амандасу,түгендеу,сабаққа әзірлік
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
1-тапсырма
Ойлан, тап ойыны. Мақал – мәтелдің жалғасы табу.
1. Мал өсірсең ……..өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2. Қойдың ……….қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
2- тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап береді.
Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?
3- тапсырма
Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану
1- топ: «Саулық» қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар.
2 –топ: «Қошқар» қойдың етінен әзірленетін тағамдар
3 –топ: «Қошақан» қойдың терісінен жасалатын заттар
4 – топ: «Қой» қойдың дүнінен жасалатын заттар
|
Мағынаны тану
|
1.Оқулықпен жұмыс
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Топтастыру. Төрт түлік.
176-тапсырманы орындау.
|
Сергіту сәті
|
«Табиғат ғажайыптары»
Күн шайдай ашық. Таза ауада еркін серуендейміз. Қар ұшқындап тұр. Ұлпа қар лезде еріп кетті. Қар себелеп, біртіндеп күшейе түсті. Жел тұрды. Қатты боранға айналды. Бір мезетте боран басылып, күн шайдай ашылды.
|
Ой толғаныс
|
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3 Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)
4. Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
5. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
6. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
7. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)
8. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы)
|
Үйге тапсырма
|
176-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |