Сабақтың атауы Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын» Сілтеме



Дата19.05.2017
өлшемі66,53 Kb.
#16465
түріСабақ

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты -жөні

Қалиева Нұргүл

4 «в» сыныбы оқушыларының саны – 19

Атырау қаласы

11 орта мектебі



Сабақтың атауы

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»

Сілтеме

Ана тілі.Атамұра-2011ж. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова

Суреттер


Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән-мағынасын ашу. Өздегінен жұмыс істеу арқылы ой-өрісін дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Міндеттер:




  1. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

  2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.

  3. Сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы дамытуға жағдай жасау.

  4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қортындылау жасау.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Оқушылардың бірін – бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.

Мұғалім оқуға бағыттап отыру.

Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктері.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқшылардың өмірдегі біліміне, білігіне сүйену.

Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.



Күтілетін нәтиже

1.Оқушылардың еркін ойлауын, дүниетанымының кеңіп, рухани өсуін іске асыру.
2. Оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу.
3.Өз ойын айтуға, салыстыруға, талдауға үйренеді;

4.Мазмұнын айтуға жаттығады;

5.Бір-бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдылана алады;


Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру, білік - дағды қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі


Сыни ойлату, диалогтік оқыту, интерактивті әдіс


Психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалім немен айналысады?

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.1.Ұйымдастыру.

Психологиялық сәт

-Көңіл - күйлеріңіз қалай?

-Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

-Ынталарыңыз ше?

Сабақ ережесі

1. Бірін-бірі тыңдау

2. Ойын ашық айту.

3. Сабаққа түгел қатысу.

4. Ұйымшыл болу.

5. Уақытқа бағыну.

6. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушы немен шұғыл-данады?
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білдіреді.
Оқушылар сабақты тренинг арқылы бастайды. Назарларын сабаққа аударады.

Оқушылар сабақ ережесін өз еріктерімен құрды.



Тапсырмалар

Оқыту барысындағы мұғалім әрекеті/ жетелеуші сұрақтар

Оқушы әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау.



Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар ұсыну. Сапарғали Бегалин

«Қырдың жас түлегі»

Топпен жұмыс

1- топ Шоқанның өмірі.

2 -топ Анатолийға мінездеме бер.

3- топ Шоқанға мінездеме бер.

3. Ойланайық,ой қосайық!

1.Анатолийдің қылығы дұрыс па?

2. Сенің сыныбыңда осындай балалар бар ма?



Әр топ өздерінің неше сұраққа жауап бергендерін белгілеп отырады. Оқушылар зейін қойып тыңдайды,сұрақтарға толық, анық жауап береді.

Оқушылар Шоқан туралы өз ойларын айтады.

Сұрақтарға жауап бере отырып,әр оқушы өзіндік пікір айтады,ой қосады.


Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту



«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек.»

Ахмет Байтұрсынұлы

XXI ғасыр- білім мен ғылымның ғасыры.

Біліммен мықты қаруланған адам ғана кез-келген қиындықтарды жеңіп шығады.

Білімдінің алды жарық,

Білімсіздің күні ғаріп,- деген сөз осыдан шықса керек.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен. А.Байтұрсынов –көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітапқа жинақталып , басылып шыққан. А.Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.

Аудармалары Пушкин «Ат», «Алтын», «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы»

Вальтер «Алтын әтеш»

Крылов «Аққу шортан һәм шаян», «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа»



Оқушылардың жауабы тыңдалады.


Мағынаны тану



Ой шақыру

Ызыңдап ән салады,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

Кітаппен жұмыс.

- Өлеңді мәнерлеп оқу.

- Іштей оқу.

- Тізбектей оқу.

-Жеке мәнерлеп, тұтас оқу.

Сөздік жұмысы

Шылауында – біреудің ырқында, жетегінде

Кестемен жұмыс Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру.

Жаңа оқу материалымен танысады;

Оқушылар берілген тапсырмаларды үлкен ақ бет қағазға орындайды, өз жұмыстарын қорғайды. Топтың барлық мүшелері белсене қатысып, өз үлестерін қосулары тиіс.




Топтық жұмыс



Топпен жұмыс

1. Өгіз қайдан келе жатты?

2. Шыбынға кім кездесті?

3. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?

4. Оның қандай мысалын оқыдық?

5. Мысалдан қандай әсер алдыңдар?

6. Мысалды қалай өмірмен байланыстыруға болады?


Ұсынылған тапсырмаларды талдай отырып, тақырыпқа қатысты өзіндік қорытынды шығарады;

Бұрынғы білімдерін қолданады;

Бірін-бірі оқытады;


Ой толғаныс.



Сабақты бекіту

-Ақынның негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тап.

-Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар.

- Мысалды сахналап көріңдер.

«... Көп күлкіден болар, көзілдірігін қолына алып, жасаураған көзін орамалымен сүртіп тұрып Ахмет балалардан:

Мұның бәрін қайдан жаттап жүрсіңдер?» деп сұрады.

Өзіңіз жазған оқулықтардан...

«Әліпбиден»

«Тіл құралдан»...

(Әмірхан Абдуллин

Бағалау.




Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады

Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Екі шыбын туралы эссе жазу.



Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет