Күтілетін нәтиже
|
1. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі, туралы біледі;
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға тыныс алу мүшелерін қорғау қажет екенін сезінеді;
3. Оқушылар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі
4. Бірін-бірі бағалайды
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілдері:
|
СТО, АКТ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
|
Пәнаралық байланыс:
|
География, ағылшын, орыс тілі.
|
Қажетті материалдар
|
оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, маркерлер, макеттер, плакаттар, шиыршық қағаздар.
|
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Уақыты
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын құрастыру. Пазл әдісі бойынша сыныпты топқа бөліп, топ басшыларын сайлау. Әр топқа бағалау парағын таратып беру
1 топ.Жүрек
2 топ.Қантамырлар
3 топ . Өкпе
4 топ. Кеңірдек
|
3 мин
|
Оқушылар берілген пазлдар бойынша мүшелерді анықтап, сол бойынша топқа бөлінеді. Топ басшыларын бір-біріне тілек айту
|
Жаңа сабақ. Электронды оқулық, слайд арқылы сабақ түсіндіріледі.
Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
|
5 мин.
|
Жаңа ақпаратты алады.
|
Терминмен жұмыс. Жаңа тақырыптан алған терминдерді жазу.
Тыныс алу – Дыхание – Breathing
Көмекей – Гортань – Larynx
Кеңірдек – Трахея – Trachea
Ауатамырлар – Бронхиолы – Bronchioles
Альвеолалар – Альвеола – Alveolus
Мұрын – Нос – Nose
Көкет – Диафрагма – Diaphragma
Жұтқыншақ – Глотка – Pharynx
Өкпеқап – Плевра - Pleural cavity
Өкпе – Легкие – Lungs
|
5 мин.
|
Термин дәптерлеріне қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде терминдерді жазады.
|
Топпен жұмыс.
Адам қаңқасына тыныс алу мүшелерін орналастырып, құрылысы мен қызметі жайлы қағаз бетіне түсіру
1-топ. Мұрын қуысы (кеңсіріктің) құрылысы мен қызметі
2-топ: Көмекейдің құрылысы мен қызметі.
3-топ: Кеңірдектің құрылысы мен қызметі.
4 топ: Өкпенің құрылысы мен қызметі
|
20 мин
|
Берілген тапсырмаларды қағаз бетіне түсіреді.
Әр топ ортада қорғап, адам қаңқасына іледі.
|
Тәжірибе жасау. Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі көкірек (кеуденің) сыртқы шеңберін өлшеп салыстыру
|
2 мин
|
Екі оқушы жұптасып бір-бірінің кеуде шеңберін өлшеп салыстырады
|
Ой толғау. Видеоролик. Тыныс алу мүшелеріне зиянды заттардың әсері .
Шығармашылық жұмыс: "Болашаққа хат"стратегиясы арқылы 2 минуттық эссе жазу.
|
3 мин
|
"Құрметті менің ізбасарларым, жас ұрпақ! Менің сендерге бұл хатты жазу себебім ........ - деп басталу қажет. " эссе жазады
|
Кері байланыс. Білім шиыршығы стратегиясы. Жаңа тақырып бойынша алған ұғымдарын (термин) 3 тілде жазып, оқу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Бағалау критерийі
3 тілде-3 ұпай
2 тілде-2 ұпай
1 тілде-1 ұпай
|
5 мин
|
Шиыршыққа ұғымдары 3 тілде жазып, ағашқа іледі.
|
Бағалау парағына оқушылар өздерін және басқа оқушыларды бағалайды.
Оқушы
аты
|
Топ жұм
|
Жұпжұм
|
Тәж жұм
|
Ой толғау
|
Білім шиыр
|
Қорыт баға
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
|
|
1 мин.
|
Топ басшылары бүгінгі істеген жұмысы бойынша, бағалау парағын толтырады.
|
Үйге тапсырма.
|
1 мин.
|
Үйге тапсырма алады
§39 Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.
|
8 «Б» сыныбында «Тыныс алудың маңызы. Тынысалу мүшелері» сабағының өзіндік талдауы
Биология пәнінің мұғалімі Нургазинова А.А.
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тынысалу мүшелері . Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, жалпы күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті.
Өткізген ашық сабағым 8 «Б» сыныбында өтті. Сабаққа 24 оқушы қатысты. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз.
Cабақ барысында оқушыларды тынысалудың маңызы және тынысалу мүшелерімен толық таныстырдым. Сабақтың мақсат, міндеттерімен сәйкестендірдім. Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылар Пазл әдіс арқылы 4 топқа бөлініп, ынтымақтастық атмосферасын құрды. Жаңа сабақ электронды оқулық, слайд арқылы сабақ түсіндірілді. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде терминмен жұмыс, топтық жұмыс (постер құру және қорғау), жұптық жұмыс (тәжірибе жасау) және «Білім шиыршығы» стратегиялары қолданылды. «Білім шиыршығы» стратегиясында оқушылар жаңа сабақтан алған термин сөздерді қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде жазып, тақтаға ілді. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Әр оқушы өзінің білімін өзі бағалады, қосымша мұғалім бағаны толықтырып айтып, бағалары қойылды. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты.
Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер, электрондық оқулықтар) тиімді пайдаландым.
Ең бастысы, сабақта жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алып, сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін шыңдау негізінде шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылып, функционалды сауаттылықтарын арттыру мақсатында тәжірибе жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |