Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Ш.Уәлиханов Абылай хан
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1. Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат беру. Абылай ханның ерлік жолдары туралы түсінік беру.
мәтінінің негізгі мазмұнын түсіндіру.
2. СТО технологиясының стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың ойын толық баяндай білуін, жазба түрде еркін жаза білуін, өз бетінше қорытынды жасап, ойын жүйелей білуге дағдыландыру, хан Абылай туралы білімдерін жетілдіре түсу.
3. Елі, халқы үшін күрескен ұлы адамдар өмірін үлгі ету. Өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емеc.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ізденіс жұмысы.
Көрнекіліктер: Ш. Уәлиханов; Абылайхан портреттері.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі:
- Қане, бәріміз бір – бірімізге шуақ сыйлайық. Қабағымызды ашайық. Әдемі күлейік.
Жаңа сабақ:
I. Қызығушылықты ояту:
А) «Алтын қақпа» ойыны
Шарты: тас, күміс, алтын қақпаның артындағы сандықта құпия бар, біздер осы 3 қақпаның артындағы құпияны ашуымыз керек. Ол үшін әр қақпаның тапсырмасы берілген.
А) Мәтін оқу
Б) Топтастыру құру
Тас қақпаның тапсырмасы:
«Абылайхан» мәтінімен таныса отырып, хан Абылайға топтастыру стратегиясын құрыңдар.
Абылайхан
↓
Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
1711 жылы туған.
Сабалақ.
Қоғам қайраткері.
Әділ хан.
Ержүрек, сарбаз.
Тәсілгер.
Еш теңдесі жоқ хан.
1781 жылы дүние салды
II. Мағынаны тану.
(Күміс қақпа тапсырмасы)
Мәтін бойынша «Инсерт» кестесін құру
♦ Білемін
Әбілмансұр
Сабалақ
Абылайхан
♦ Мен үшін жаңа
ержүрек сарбаз,
батыл қолбасшы,
әділ хан,
Шарышты өлтірген,
Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
♦ Білгім келеді
Абылайхан ұрпақтары жөнінде
III. Сергіту сәті.
«Қаражорға» биі
IV. «Алтын қақпа» тапсырмасы:
а) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
б) Эссе «Абылайхан» (қорытынды)
V. Сандықтағы құпия сөзді оқу.
Даналық сөз. (Қазыбек би)
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.
VI. Бағалау
VII. рефлексия
VIIІ. Үйге тапсырма:
«Абылайхан» оқу, мазмұндау. «Инсерт» кестесіндегі «Білгім келеді» бағанасын толтыру.
|
|
Жаңа сабақ
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |