Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Батыр бала Бөген мен Шұбар ат
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
|
Батыр бала Бөген мен Шұбар ат жырымен танысу. Оқушылардың ойлау,көркем оқу қабілеттерін дамыту. Батырлар жырына деген сүйіспеншілікті дамыту. Әдебиетке деген бейімділігін байқау.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
"Бөген батыр" - жыр. Жырды І.Нурмағамбетов 1930 жылы ел аузынан жазып алып, 1935 жылы казіргі Әдебиет және өнер институтына тапсырған. Жырдың негізгі идеясы - халық арасынан шыққан Бөген мен оның ұлы Тұрғын батырларды ел қамқоры, қорғаны етіп көрсету. Жыр екі томдық "Батырлар жырының" 2-томына енген (1951). Жыр нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.
|
|
Мағынаны тану
|
Жырдан үзінді оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Топқа тапсырма:
1-то «Бөген балаға сипаттама бер»
2-топ «Шұбар ат» туралы әңгімеле
|
|
Ой толғаныс
|
-Қандай батырларды білесіңдер?
|
|
Үйге тапсырма
|
Жырды жаттап ал,мазмұнына сурет сал
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Әл-Фараби туралы аңыз. Өнерлі жігіт.
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттың
сынын білдіретін сөздерді анықтай білуге
сауаттылықтарын арттыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.
3. Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
1. Өнерлі жігіт
Ел аузынан
Бұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.
Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.
2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
3 Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінге
сай алынған.
4 Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.
|
|
Мағынаны тану
|
Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл,философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Жатқа жазу.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.
|
|
Ой толғаныс
|
1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
4) Фараби қандай еңбектер жазған?
5) Сенің қандай өнерің бар?
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |