Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Мен не үйрендім?
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңді мәнерлеп,рөлге бөліп оқу,сахналау, оның мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жұмыстарды оқушы деңгейіне қарай ұйымдастыру.
Сабақтың дамытушылық сипаты: Оқушының ой-өрісі, дүниетанымын кеңейту, 12 жылдық білім беруге сәйкес,оқушының ойлау, елестету,жүрекпен жете сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкінді- гін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік міндеті:Оқушыларды ізденуге жетелеу,жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу; Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беріп, әсемдікті сезінуге,туған жерін қадірлеуге, мақтан етуге,аялауға тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
Оқушыларға жеке жұмыс парағын таратып беру.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1. «Дүрбелең» деген сөзге түсінік.
2. Өлеңді мәнерлеп, рөлмен оқу.
3. Өлеңді жатқа айту. Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді? Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?
4.Өлеңді сахналау.
5.О.Әубәкіров кім? әдісі:сызба бойынша талдау.
Автор туралы
Шығармалары
Басты кейіпкерлері
Автордың негізгі ойы (идеясы)
|
|
Мағынаны тану
|
6.Қорытындылау Өтірік ауыруға бола ма ?
7. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық?
ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен жұмыс істейді.
1. Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесің? ( «Менің атым Қожа», «Компас», «Ағаштар неге ашуланды?»)
-Қожаға мінездеме беру.Әдісі сипаттау,толықтыру.
-Бодан компасты не істеді ? Орнында сен болсаң не істер едің ?
-Алмабектің айыбы,ол өз кінәсін қалай түзетті,ағаштардың алғысы.
2. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деп басталатын мақал қай әңгімедегі оқиғаға сәйкестендіріледі? Онда қалай жазылған? (Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасынан; «Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)
-Сенің торғай болғың келе ме ? Торғай болсаң не істер едің ?
3. Шөкі қай әңгіменің басты кейіпкері? (« Алтын балық» атты Жолтай Әлмашевтің шығармасының басты кейіпкері).
-«Алтын балық» ертегісін білеміз ғой,алтын балықты сипаттау.
-Алтын балық ұстап алсаң не істер едің ?
Y «Алтын балық»ойынын ойнайық.
4. «Шөкі» деген атты неге қойған?
А). Кішкентай болған үшін Ә). Түрі сары болғандықтан
В). Тіл, көз тимеу үшін.
-Жаңа туған нәрестеге,жас балаларға тіл-көз тимеу үшін көптеген ырымдар бар.Олар бетіне күйе жағу,ер балаға қыздың көйлегін кигізіп қою, үкі,көз түсетіндей жылтырақ әшекей,түйреуіш тағу т.б.
5. «Бұл да – табиғаттың заңы. Осылай тәсіл қолданбаса, күш біріктірмесе ...». Бұл жерде қай шығармадағы қандай заңдылықты айтып отыр?
А). М. Төрежанов. Қолғабыс. Б).М. Қалдыбаев. Үлек.
Ә). М.Әуезов. Көксерек. В). К. Сегізбайұлы. Құмырсқалар.
6. «Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде...» не болатын еді? Үзіндіні аяқта. Шығарма авторы кім?
(Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повестінен үзінді. ... талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды.
Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді.)
-Көксерекке сипаттама беру,
YI Кинодан үзінді көре отырып, сипаттау.
Көксеректің күшік кезі Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі
Жүні – үрпиіп ,үдірейіп
Езуі – ыржитады
Бойы – үлкен емес Жота жүні – үрпиіп
Көзі – жасылданып
Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп
7.Сатира дегеніміз не ?
Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды. Оспанхан Әубәкіров әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, сатирик жазушы.
-Сатирик-жазушылардан кімдерді білесің ?
YII Мына кесте бойынша жазушыға талдау жасау.
Мұхтар Әуезов кім? Шығармасының аты
Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы. «Абай жолы» романын жазған. 2 – 3 сыныптарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында», «Жетім», «Көксерек»
8. «Ертеңіне ертемен оянған әкесі етігін алып киейін десе, баласының аяғына қосақталып байлаулы тұр». Бұл үзінді қай әңгімеден алынған? Басты кейіпкері кім?
Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен. Басты кейіпкері Әскербек.
-Осы жерде қандай сезімде болдыңдар, «Мейірім» эссе оқу.
ҮІІI. Қорыту.
- Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық? Онда не жайлы білдік? Кімдермен таныстық? Өзімізге қандай әсер алдық? Елбасымыздың 2014ж.14қаңтардағы жолдауын еске түсірейік.
IX. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.
|
|
Ой толғаныс
|
|
Үйге тапсырма
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |