Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет74/114
Дата28.01.2018
өлшемі15,85 Mb.
#34129
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114



Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж Аймауытов Қара торғай




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1) Білімділік: Ж. Аймауытов туралы қосымша түсінік беру, мәтінді оқи отырып, қараторғай құсы, оның ерекшелігі және тіршілігі туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту. Оқиғаның өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
2) Дамытушылық: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік мәні: табиғатты сүюге, құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, топтық.
Көрнекілігі: оқулық, ребус, суреттер, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, ой - қозғау, талдау, түсіндіру.




Психологиялық ахуал


І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: С. Сарғасқаев "Шыбық" оқу, әңгімелеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?
2. Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады?
3. Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
4. Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
ІҮ. Ой қозғау: жаңа сабаққа даярлық, тақырыбын ашу:
- Балалар, "Шыбық" әңгімесінде қай мезгіл туралы айтылып тұр? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? (... Құстар келеді)
- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
(Слайдта көрсетілген құстарды атау, оларға қысқаша сипаттама беру)
- Сонымен балалар, жануарлардың ішіндегі адамға ең жақыны, досы құстар екен. Біздің елімізде құстардың өте көп түрі бар. Құс атаулысын жақсы көретініміз соншалық қазақ халқы өз балаларының атын құсқа теңеп Қарлығаш, Бұлбұл, Аққу, Бүркіт деп атаған. Сұлу да көрікті қыздарын киелі аққу құсына, күміс көмей әншілерін бұлбұлға, батыр, ержүрек ұлдарын қыран құсқа теңеген. Қыран еркіндіктің, батылдықтың белгісін білдіреді. Жалпы, құстардың бізге тигізер пайдасы көп дедік. Ал біздің оларға қандай көмегіміз бар? «Қызыл кітапқа» енген құстар туралы айту.
Ү. Қызығушылықты ояту: ребус шешу. (Қараторғай)
- Ендеше, біз бүгін Ж. Аймауытовтың "Қараторғай" шығармасымен танысамыз.
ҮІ. Жаңа сабақ. 1. Мағынаны тану:
А) Ж. Аймауытов туралы мағлұмат:
Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері.(1889 – 1931). Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.
Ә) Қараторғай туралы түсінік:
Қараторғай құсы торғай тұқымдасына жатады. Оның түсі қара, бір түсті болып келеді. Ұзындығы 19 - 22 см - дей, салмағы 80 - 100 грамдай боп келетін кішкене құс. Тұмсығы ұзындау, өткір, сәл имек. құйрығы қысқа болып келеді. Бұл құс - жыл құстарына жатады, көктемнің алғашқы айларында ұшып келеді. Адамдар олар келетін уақытта үйшік жасап, оның ішіне жем салып, қарсы алады.
Б) Қараторғай туралы бейнематериал қарап, дыбысын тыңдау.
2. Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді іштей, тізбектей оқу. (4 - 5 оқушыға мәнерлеп оқыту).
2) Сұрақтарға жауап беру:
- Қамбар ата не жасады?
- Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? ( «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»)
- Бұл сөзді сен қалай түсінесің?
- «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Есіңе түсір.
("Жаралы торғай" Ө. Тұрманжанов; «Суықторғай» Максим Зверев).
3) Дәптермен жұмыс: Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптеріңе жазып ал. (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).
Сергіту сәті: құстардың дыбысын тыңдап, оларды ажырату.
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс:
Топтық жұмыс жүргізу:
1 - топ. Сабақта алған түсініктерін пайдалана отырып, құстар тіршілігі туралы шағын әңгіме жазу.
2 - топ. Құстар туралы өлең шумағын құрастыру.
3 - топ. Қараторғайдың суретін салу.
(жұмыс жасай отырып, құс дыбыстары қосылған әсем әуен тыңдау).
(Ауызша) Құстар туралы жұмбақтар, мақал - мәтелдер айту.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай тақырып өттік? - Әңгіме не жайлы екен? - Қараторғай қандай құс екен?
Әр топқа үйшіктің бір қаңқасы беріледі, балалар қорытынды сұрақтарға жауап беріп, тақтаға іледі. Қараторғай үйшігі құрастырылады.
ІХ. Үйге тапсырма беру:
1. Оқу, әңгімелеу;
2. Қараторғайға арнап үйшік жасау.




Қызығушылықты ояту





Мағынаны тану





Ой толғаныс





Үйге тапсырма




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет