Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет47/114
Дата28.01.2018
өлшемі15,85 Mb.
#34129
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М.Дулатов Шешенің балаларын сүюі




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыларды ақын өмірбаянымен таныстыра отырып, берілген өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Ананың құдіреті мен қасиеті туралы дерек беру. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, жүйелі сөйлеуге, өз ойын айта білуге баулу.
Қазақтың ұлы адамдарына сүйіспеншілікпен, мақтанышпен, құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сызбамен жұмыс, сұрақ - жауап, өлең шығару, эссе жазу.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, музыка
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.




Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе - бірің сендер де, денсаулық тілеңдер!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Бүгін біз М. Дулатов туралы білетін боламыз. М. Дулатов кім? (Оқушылар тақтаға өздері жазады)
М. Дулатов

Ақын, жазушы, Алаш қайраткері, аудармашы, драматург
Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Жанкелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.
1935 жылы 50 жасқа 1 ай қалғанда «Ақ теңіз - Балтық» каналының бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер - білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген.
Міржақып шығармалары
Өлеңдері:
Алашқа
Зар заман
Мектепке
Елім - ай
Жас қазақ, қайдасың?
Шешенің балаларын сүюі т. б
Әңгімелері:
Жазғы кеш.
Оқымысты бала.
Күз.
Қасқыр қысты қалай өткізеді?
Шалдың үш баласы.
Ешкімге жауыздық қылма. т. б.

Роман:
Бақытсыз Жамал

Аудармасы:
А. С. Пушкиннен
Абу Фирас Шиллер.
Лермонтовтан т. б.
Олай болса, балалар, бүгін біз осы өлеңдердің ішінен өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Анаға баланың алалығы жоқ - демекші әр ана өз баласын жақсы көреді. Сендерді әрдайым ойлап, үлгілі, әдепті, білімді болғандарыңды қалайды.
Операциялық - орындаушылық кезең
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Өлеңнің ішінен сұрақ - жауап үлгісінде жазылғанына назар аудар.
Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, анасының қасында болады. Біз ана туралы өз ойымызды айтайықшы.
- Ең жақын адам
- Ең қымбат адам
- Тілекші
- Қамқоршы
- Жарық өмір сыйлаушы.
Сөздікпен жұмыс.
Көз жасын көлдету - қатты жылау.
Төбесі көкке жету - қуану.





Мағынаны тану




Ой толғаныс

1. Бүгін кімнің өмірбаянымен, қандай өлең шумағымен таныстық.

2. Өздерің аналарың туралы қандай жылы сөздер айтар едіңдер.

Шығармашылық жұмыс. «Анашым» әні орындалып тұрады.
1 - қатар. Ана туралы эссе жазу
2 - қатар. Ана туралы мақал - мәтел жазу
3 - қатар. Ана туралы өлең құрастыру.
------------------ данасың,
------------------ панасың.
------------------ баласын
------------------ анашым.

Рефлексиялық - бағалау кезеңі


Ана өмір шырағы,
Ана өмір тірегі.
Ана – деген жылы есім,
Жан тербетер ұлы есім.
- Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың қыс мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік.




Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап алыңдар.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет