Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет1/114
Дата28.01.2018
өлшемі15,85 Mb.
#34129
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114

Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:8-30

Кабинет:13

Мұғалім:Абдраимова КМ

Сабақтың атауы

Төле бидің төрелігі




Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі


Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Міндеттері: — оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»






Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Қызығушылық оятуВидео ролик

Оқушылар көңіл бөледі.Видео ролик

Ой қозғау - Видео ролик кімдер туралы?

-Олар жөнінде не білесіңдер?

-Қандай шешендік сөздер білесіңдер? Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашу Тақырыпты айту, мақсатпен таныстыру Мақсатқа идея қосады.






Сергіту сәті

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»




Ой толғаныс

7 мин Негізгі бөлім

Мәтін мазмұнымен танысу Тізбектей оқу Мәнерлеп оқу Оқулық

4 мин Ой жинақтау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап беру

10 мин Топпен жұмыс Топтарға тапсырмалар беріледі.

Оқушылар топпен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды. Флипчартқа жазылған тапсырмалар

Ой түйін





Үйге тапсырма

Төле би туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс

Смаиликткр

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты:Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Халқына адал бол




Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты:халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру. 

Міндеттері:- оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу;  сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет:  «Ой қозғау»,  «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»






Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған. 
Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі. 
Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды. 
Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы бөлтірік шешен: 
Сөзден тәттә нәрсе жоқ, 
Сөзден ащы нәрсе жоқ. 
Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды. 
Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. 
Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған. 
Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған. 
Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан. 
Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. 
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, 
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. 
Бірі күн, бірі туған айдай болып, 
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз. 
Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды. Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған. 




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс

Кітаппен жұмыс. Төле бидің төрелігін оқып, мағынасын ашу. 
Көрініс: Үш би. 
Толғауларын оқытып, берілген тақырып бойынша мағынасын ашу. 
Үнтаспадан толғауларын тыңдату. 




Үйге тапсырма

Билер туралы мәліметтер жинақтау,оқулытағы тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Сабақтың аты

Бөлтірік шешеннің тапқырлығы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.Бөлтірік шешеннің өмірі және оның тапқырлығы жайында мағлұмат беру

2. Бөлтірік шешеннің тапқыр сөздерінің мағынасын түсіне білуге үйрету

3.Өз пікірін ашық айта білуге тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже


1.Бөлтірік шешеннің өмірі және оның тапқырлығы жайында мағлұмат алады

2. Бөлтірік шешеннің тапқыр сөздерінің мағынасын түсінеді

3.Өз пікірін ашық айта біледі


Негізгі идеялар

Бөлірік Әлменұлы бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, тұрмыс жағдайы жөніндегі талас, дауларға араласып, әділ төрелігін асқан шешендікпен айтқан. Сондықтан да оны халық оны қалап би сайлаған.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Рөлді сомдау»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Семантикалық карта»»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу ( 1,2,3 санау арқылы үш топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (3 минут)

-Шешендік сөз дегенді қалай түсінесің?

-Қандай шешендер мен билерді білесіңдер?

-Төле би қандай төрелік сөз айтты?



Мадақтау сөздерін айту арқылы бағалау

III.Ой қозғау «Ребус шешу»(3 минут)

,,,, ө ,, ,, і

,,,, ік ш ,,,ш,,,н
Жауабын тапқан оқушыны бармақпен бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет