Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет53/97
Дата05.12.2016
өлшемі8,99 Mb.
#3210
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж Аймауытов Қараторғай

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Жалпы мақсат: Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығармамен таныстыру, Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау,
Сілтеме: 1. Оқулық, суреттер,
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Жас шыбық пен ағашты ажырата білу, ағаштардың ерекшелігі мен өсіп - өнуіне түсінік беру. Табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын білу. Алған білімдерін қорыта білу
Негізгі идеялар: Еңбексүйгіштікке, табиғат әсемдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер

Психологиялық ахуал

Үй тапсырмасын тексеру: Сыныпты топқа бөлу (конфет ішіне құстардың аттарын жазу арқылы
Әр топқа бағалау бетшесін беру топ басшысына бағалату
Сұрақ - жауап әдісі арқылы
1. Қарлығаш қандай құс? 2. Қарлығаш балапанын қалай қорғады?
3. Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?
4. Қарлығаштың ұясына қандай қауіп төнді?
5. Қарлығаш жыланды көргенде қалай қиналды?
6. Қарлығаштың ұясында неше балапан болды?
Конфеттен жасырылған сөздерді алу арқылы топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. Топ аттарын таныстыру
ІІІ. Жаңа тақырып Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Білу( 10 мин)
Түсіну( 5мин)
Қолдану( 5 мин)
Талдау (7мин)
Сергіту сәті: Тақырыпқа кіріспе презентация, Суреттер көрсетіп ағаш пен шыбық туралы не айта алатындарына 1 - 2 мин ойлануға уақыт беру. Автор туралы мағлұмат беру. Мәтін оқуға беру. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігін ескерту. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін өйткені сол бөлікті келесі топ оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін айту. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарына қайта табысып өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салу және топ аралық пікірлесу жасау керектігін айту. Топтық жұмыс
1 топ мақал мәтел жазу
2 топ сұрақ құрастыру
3 топ Өсімдік бізге не береді? Мәтінмен танысып түсіну, түсіндіру. Жигсо - 2 әдісімен әр топта талқылау.
Постер қорғау
Қара жорға биін билеу
ІV. Қорытындылау (5 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Жинақтау( 3 мин)
Балалар, осы біздің қаламызда сәуір, мамыр айларында “Тазалық денсаулық кепілі”, “Жасыл ел” акциясы бойынша тазалық айлығы жүріп жатыр. Шығармадағы кейіпкер өн бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар? Венн диаграммасын құрайық. ВЕНН диаграманы толтыру
V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Мәтінді толықтыру мақсатында эссе жазу. “Табиғатқа қамқорлық” Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI. Бағалау (5 мин)
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Формативті бағалау Өзін - өзі өлшемді бағалау, топ басшысының бағалауы
VII. Рефлексия (3 мин )
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ағаш суреті ілінеді. Қызыл - көк, сары стикерлер тарату. Қызыл - көк сары алмалар арқылы, сабақтан алған әсерлерін, ой - пікірлерін жазып, жапсыру

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ж Аймауытов Қара торғай

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1) Білімділік: Ж. Аймауытов туралы қосымша түсінік беру, мәтінді оқи отырып, қараторғай құсы, оның ерекшелігі және тіршілігі туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту. Оқиғаның өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
2) Дамытушылық: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік мәні: табиғатты сүюге, құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, топтық.
Көрнекілігі: оқулық, ребус, суреттер, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, ой - қозғау, талдау, түсіндіру.

Психологиялық ахуал


І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: С. Сарғасқаев "Шыбық" оқу, әңгімелеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?
2. Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады?
3. Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
4. Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
ІҮ. Ой қозғау: жаңа сабаққа даярлық, тақырыбын ашу:
- Балалар, "Шыбық" әңгімесінде қай мезгіл туралы айтылып тұр? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? (... Құстар келеді)
- Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
(Слайдта көрсетілген құстарды атау, оларға қысқаша сипаттама беру)
- Сонымен балалар, жануарлардың ішіндегі адамға ең жақыны, досы құстар екен. Біздің елімізде құстардың өте көп түрі бар. Құс атаулысын жақсы көретініміз соншалық қазақ халқы өз балаларының атын құсқа теңеп Қарлығаш, Бұлбұл, Аққу, Бүркіт деп атаған. Сұлу да көрікті қыздарын киелі аққу құсына, күміс көмей әншілерін бұлбұлға, батыр, ержүрек ұлдарын қыран құсқа теңеген. Қыран еркіндіктің, батылдықтың белгісін білдіреді. Жалпы, құстардың бізге тигізер пайдасы көп дедік. Ал біздің оларға қандай көмегіміз бар? «Қызыл кітапқа» енген құстар туралы айту.
Ү. Қызығушылықты ояту: ребус шешу. (Қараторғай)
- Ендеше, біз бүгін Ж. Аймауытовтың "Қараторғай" шығармасымен танысамыз.
ҮІ. Жаңа сабақ. 1. Мағынаны тану:
А) Ж. Аймауытов туралы мағлұмат:
Жүсіпбек Аймауытов - жазушы, ғалым, қоғам қайраткері.(1889 – 1931). Ол 13 - 14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар.
Ә) Қараторғай туралы түсінік:
Қараторғай құсы торғай тұқымдасына жатады. Оның түсі қара, бір түсті болып келеді. Ұзындығы 19 - 22 см - дей, салмағы 80 - 100 грамдай боп келетін кішкене құс. Тұмсығы ұзындау, өткір, сәл имек. құйрығы қысқа болып келеді. Бұл құс - жыл құстарына жатады, көктемнің алғашқы айларында ұшып келеді. Адамдар олар келетін уақытта үйшік жасап, оның ішіне жем салып, қарсы алады.
Б) Қараторғай туралы бейнематериал қарап, дыбысын тыңдау.
2. Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді іштей, тізбектей оқу. (4 - 5 оқушыға мәнерлеп оқыту).
2) Сұрақтарға жауап беру:
- Қамбар ата не жасады?
- Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? ( «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»)
- Бұл сөзді сен қалай түсінесің?
- «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Есіңе түсір.
("Жаралы торғай" Ө. Тұрманжанов; «Суықторғай» Максим Зверев).
3) Дәптермен жұмыс: Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптеріңе жазып ал. (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).
Сергіту сәті: құстардың дыбысын тыңдап, оларды ажырату.
ҮІІ. Шығармашылық жұмыс:
Топтық жұмыс жүргізу:
1 - топ. Сабақта алған түсініктерін пайдалана отырып, құстар тіршілігі туралы шағын әңгіме жазу.
2 - топ. Құстар туралы өлең шумағын құрастыру.
3 - топ. Қараторғайдың суретін салу.
(жұмыс жасай отырып, құс дыбыстары қосылған әсем әуен тыңдау).
(Ауызша) Құстар туралы жұмбақтар, мақал - мәтелдер айту.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
- Бүгін қандай тақырып өттік? - Әңгіме не жайлы екен? - Қараторғай қандай құс екен?
Әр топқа үйшіктің бір қаңқасы беріледі, балалар қорытынды сұрақтарға жауап беріп, тақтаға іледі. Қараторғай үйшігі құрастырылады.
ІХ. Үйге тапсырма беру:
1. Оқу, әңгімелеу;
2. Қараторғайға арнап үйшік жасау.

Қызығушылықты ояту


Мағынаны тану


Ой толғаныс


Үйге тапсырма

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0b71
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b71 -> Ашық сабақ: Орал, 2016. Ожббм №45
0b71 -> Сабақ Пәні: Информатика Сыныбы: 6 «Б» Тақырыбы: Алгоритм түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет