Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



бет65/97
Дата05.12.2016
өлшемі8,99 Mb.
#3210
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97



Пәннің аты

Уақыты:24.04.2015ж

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М Хакімжанова Бала Мәншүк

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1.Білімдік - Оқушылар қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағыны батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді.

2.Дамытушылық – Оқушылар өз ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтанады.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.

3. Тәрбиелік - Жас ұрпақ елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: «Топтастыру», «ББҰ», «Бес жолды өлең»

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.



Психологиялық ахуал

- Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

  • Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?

  • Әлия Молдағұлова

  • Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?

  • Әлия бала кезінде қандай болған?

  • Әлия өсірген гүлдердің атын ата.

  • Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма?

  • «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік.

  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар


Сергіту сәті

Жаңа сабақ.

  • Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды?

  • Биыл Жеңіске неше жыл толады?

  • Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?

  • Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім?

  1. ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?

Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды.

«Білемін» бөлігін топтастырады.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз







  1. ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.

  • Мәншүк туралы не білгілерің келеді?

«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?






«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.

  1. Автормен таныстыру.

М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.

4. Мәншүк туралы мағлұмат беру.

М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.



5. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма:

Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.

Әр топ өзінің оқыған бөлігіне ат қояды.



6. Дәптермен жұмыс

Бөлік аттарын дәптерге жазу

І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»




Ой толғаныс

  1. Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата

ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.

ІІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.


  1. Зат есім. Кім? – Мәншүк

  2. Сын есім.Қандай? — ержүрек, батыр.

  3. Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  4. Сөйлем. Мәншүк- қазақтың батыр қызы.

  5. Синоним. Мәншүк-Мәнсия

Ү.Поэзия минуты

ҮІ.Қорытынды:

1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз

Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?

Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?



  1. Мәншүктің шын есімі — Мәнсия.

  2. Олар бір-бірімен кездеспеген.

  3. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.

2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

3. Бекіту сұрақтары:

- Мәнсияның (Мәншүктің) әкесі оны қайда алып қайтты?

- Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды?

- Анасы оны кім деп еркелетті?

- Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?

(сұрақтың астынан Ақтауға 50 жыл,Маңғыстауға 40 жыл деп жазылған сөз шығады)

- Балалар, биыл ақ маржан қаламыз Ақтаудың құрылғанына 50 жыл, мұнайлы өлкеміз Маңғыстаудың құрылғанына 40 жыл болады. Мұны есімізге сақтап жүрейік.



Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:27.04.2015ж

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М Ғабдуллин Тау қыраны

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты оқушыларға қазақ батыры Мәлік Ғабдуллин мен оның майдандас досы Төлеген Тоқтаровтың ерлігі,елі үшін жанын қиған, ерлер өмірін дәріптеп,батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу болғандықтан,мәтіннің әр бөлімінің негізгі ойын анықтап, мақал-мәтел жинақтап,көркем сөйлеу іскерлігін арттыруға, танымын, сезіну қабілетін дамытуға көңіл бөлдім.Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушылар топқа өздері бөлінді.1-топ сержант,2-топ капитан,3-топ генерал,4-топ командир.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

.Отанымызға қауіп төнген кезде елін,жерін қорғауға аттанған боздақтар қатарында М.Ғабдуллин де бар еді. Ол осы отты жылдар туралы «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптар жазды. Тау қыраны Төлеген Тоқтаров /1920-1942/ Кеңес Одағының Батыры.Еліміздің еркіндігін ,ар намысын қорғаған ержүрек перзенттеріміздің бірі –Төлеген Тоқтаров. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Қарақұдық ауылында  дүниеге келген.Төлегеннің ата-анасы ашаршылық жылдарының құрбаны болған. Кішкентай кезінен қиындық қыспаған көріп,ол өте пысық әрі өжет болып өседі.Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген. Төлегеннің өтініші қабылданады.Ерікті түрде ол бастаған  лениногорлық бір топ жас жауынгерлер Москва маңындағы  Панфилов дивизиясына келіп қосылды.Бұл 1942 жылдың 12 қаңтар болатын.Осылайша Төлеген 275 –полктің автоматшылар ротасының жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап,оның майдандағы өмірі басталады. Өте тапқыр,ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен –ақ рота жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді.Ол өз әңгімесімен қарулас жолдастарын жеңіске жігерлендіріп,бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде селт етпеуге шақырды.

«Тау қыраны» мәтінімен таныстырдым.Мазмұнын ашып,неліктен Төлегенді Тау қыранына теңейтінін ұғындыруға жұмыстандым.

 Глосарий.Сөздік жұмысы жүргізілді.Бородино, офицер, дивизия, генерал, артиллерия сөздерінің мағынасын түсіндірдім.

Топтағы оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп,ат қойып,негізгі ойды анықтайды. Ой қозғау әдісімен миға шабуыл. Мәтін бойынша кейіпкерлердің көңіл – күйін анықтау.

Топтағы оқушылар мәтінді бөлім бойынша тізбектеп оыды.

Әр топқа М.Ғабдуллиннің жазған естелігінен үзінді беріліп,



Мағынаны тану

Ой толғаныс

1 тапсырма: Төлегенге мінездеме беру. /постерге/

Үзінді: Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген,сол бөлімнің саяси жетекшісі болып істеген Кеңес Одағының батыры,белгілі жазушы М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді:» ....1942 жылдың 9 ақпаны ....Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады.Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды.Нағыз күшті соғыс басталды.Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды.Төлеген «әуп» деп орнынан атып тұрды да,салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып,автоматты қолына ала жүгірген бетімен неміс офицеріінің қақ басынан періп жіберді.Офицерді жайратып салып,орнына қайта келе бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза тапты.Оған гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оның ерлігін жоғары бағалады.



2 тапсырма:Төлегеннің анасына жазған хаты» 8.02.42 ж./постерге/

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет