Пәннің аты
|
Уақыты:16.02.2015жыл
|
Кабинет:10
|
Мұғалім
Жылқыбекова Г
|
Сабақтың атауы
|
Ә Кекілбай Тасбақаның шөбі
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
«Тасбақаның шөбі» әңгімесінің мазмұнын ашу.
Міндеттері:
- әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын бірлесе әрекет жасау арқылы түсіну;
- бағыт - бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге, сыни тұрғыдан ой - өрістерін дамыта отырып, ырымдардың мазмұнын түсінуге баулу;
- берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Әңгіменің мазмұны мен негізгі идеясын түсінеді;
- Ой - өрістерін дамыта отырып, ырымдарды салыстырады, зерттейді, қолданады;
- Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым - тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.
|
Психологиялық ахуал
|
Шығарма жазып үйреткен
Пәнге қара құрметпен,
Тілімізді дамытқан
Ана тілі болатын.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
а) «Сезімнен шыққан өлең» стратегиясы.
Тірек сөздер; көктем мезгілі, даланың хош иісі, адамдардың көктем мезгілін сезінуі, көктің дәмі, дала, жайлаудағы өзгерістері.
Енді осы көктемнің бес қасиетін тірек ете отырып өлең құрастырамыз.
Әр топтың оқушыларына өлеңдерін оқыту.
- Балалар, біз бүгін Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысамыз.
ә) «Топтастыру» стратегиясы.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер арқылы
балаларды жаман әдеттен, - жат қылықтан, жат пиғылдан, орынсыз
қылықтан, теріс мінездерден сақтандырған.
Әбіш Кекілбаев: 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген.
1) Ақын, жазушы, қоғам қайраткері
2)«Алтын шуақ» өлеңдер жинағы
3)«Үркер»,«Дала балладалары»,«Бір шөкім бұлт» роман, повестері
б) «Болжау» стратегиясы
Осы стратегия арқылы болатын оқиғаны, оқиғаның немен аяқталатыны болжаймыз. Әр азат жолдарға бөліп оқу. Әр азат жол бойынша сұрақтар қойылады, топтағы оқушылар жауап беру керек.
1. Осы бөлімді оқығанда Сіз қандай сезімде болдыңыз? Әңгімедегі негізгі ой не болады деп ойлайсыз?
2. Әңгіме не туралы екен? Ол ойыңызды немен дәлелдейсіз?
3. Осы оқиғаның қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар? Неге олай ойлайсыз? Осыған дейін оқығандарыңызды шолып, әңгіменің қалай бітетінін ойлай аласыз ба?
4. Әңгіме Сіз ойлағандай бітті ме? Оған қандай дәлел бар? Әңгімедегі негізгі ой не деп ойлайсыз?
- Қазақ халқында аң, құс, жануарларға байланысты ырым - тыйымдар өте көп. Бұл мәтін де ырымға, тыйымға байланысты құрылған.
Кітаппен жұмыс;
Білетін ырымдармен кестені толықтыру
сөздік жұмысы жүргізіледі.( Оқушы ойы )
Білемін v Жаңалық + Түсініксіз сөздер?
V. Ой толғаныс.
- Балалар, сендер өздерің қандай ырым – тыйымдарды білесіңдер?
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Табалдырықты баспа, отыр ма.
Шашыңды жайма, бетіңді баспа.
Өтірік жылама, тізеңді құшақтама.
Жұппен жұмыс. Әр топқа ырымдар жазылған кесте беріледі.
а) «Автордың орындығы».
Қандай сезімде болдыңдар?
ә) «Бес жолды өлең» стратегиясы.
Асқар
Қағылез, тапқыр
Сезеді, көреді, байқайды.
Шөп арасынан тасбақа көрді
Бала
VI. Венн диаграммасы
Тасбақа ------------- Ортақ белгісі: ----------------- Жусан
|
Мағынаны тану
|
Ой толғаныс
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің атыАна тілі
|
Уақыты:19.02.2015ж
|
Кабинет:10
|
Мұғалім
Жылқыбекова Г
|
Сабақтың атауы
|
Ғ. Қайырбеков Ана тілі
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі
|
Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым – қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Сюжеттің композициялық бөліктерімен танысу, өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
|
Психологиялық ахуал
|
Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім
Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.
Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.
Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
Ана тілі сөзіне түрлі ассосациялар ойлау.
Аңыз «Тілден қымбат қазына жоқ»
Даналардан шыққан сөз. Үш би.
|
Мағынаны тану
|
А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді іштей оқу, танысу.
Адасқан жолдар ойыны
4 топ әр шумақты өз ретімен құрастырып шығып, түсінгенін айтады.
|
Ой толғаныс
|
Біліміңді байқап көр.
І топ. Мақал мәтел айту.
ІІ топ. Өздері білетін өлең шумақтарын айту.
ІІІ. Нақыл сөздер.
ІҮ. Ана тілі туралы ән айту.
ХІ. Мен не айтқым келеді?
Қимылмен көрсетілген мақалдарды табу.
Басқа бәле тілден.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Өнер алды қызыл тіл.
Ең ащы да - тіл,
Ең тәтті де – тіл.
ХІІ. Өз ойыңды жеткізе біл.
Нақыл сөздің мазмұнын аш.
Тілге деген құрмет,
Елге деген құрмет.
«Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады» демекші, көркем сөздерді пайдалана отырып, берілген сурет бойынша табиғатты шағын әңгіме арқылы баяндау.
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |